Бастауыш мектеп – бала тұлғасының іргетасын қалайтын мектептегі оқудың ең маңызды кезеңі. Әдетте, бұл кезеңде оның коммуникативті дағдылары, әртүрлі көздерден ақпаратты қабылдау қабілеті қалыптасады. Сонымен қатар оқушының өзін-өзі бағалауы мен оның оқу-тәрбие үрдісіне деген көзқарасын қалыптастырады.
Бастауыш сынып мұғалімі кіші жастағы оқушылардың келесі психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтарды мұқият жоспарлауы керек:
бастауыш сыныптағы балаларда өзін-өзі тәрбиелеу дағдылары жоқ.
Кіші оқушының осы тұлғалық қасиеттерін ескере отырып, мұғалім сабақты өткізуде шығармашылықпен, оның ішінде оқу іс-әрекетінде мүмкіндігінше ойын элементтерін де қамтуы керек. Мұғалім коммуникативті дағдыларды дамыту үшін сыныпта оқушылар арасындағы диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыруы керек. Балаларға бір мезгілде бірнеше сыныптастарымен жұмыс істеу қиын болатынын ескеру қажет. Сондықтан топтарды құру кезінде балаларды жұпқа бөлген жөн. Балаларды ақпаратты өз бетінше алу жолдарымен таныстыру маңызды. Дегенмен, олардың әлі толыққанды өз бетінше оқу іс-әрекетіне қабілетсіз екенін және көбінесе мұғалімнің нұсқауын қажет ететінін есте ұстаған жөн. Мұғалім балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеретін болса, бастауыш мектепте жүйелік-әрекеттік әдіс өзінің оң нәтижесін беріп, оқушылардың одан әрі білім алуына қажетті дағдыларды меңгеруге көмектеседі.