Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилінің қандай түрі болмасын баладан стимулдық пен жауапкершіліктің төмендігін, ата – ана және бала қарым – қатынасындағы өзара серіктестігінің болмауы және баламен шектен тыс жақындыққа ұмтылуды көрсетеді.
4. Отбасының әлеуметтанулық перспективалары. Мұндай отбасыларының қоршаған әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасының сипаты олардың өмірлік қызығушылығының аумағын айқындайды. Әйелдің ата-аналарымен, туған-туыстарымен бірге тұруы, олардың әйелге және оның баласына деген көзқарастары мен қарым-қатынастары өзара көмек пен қамқорлық көрсетуі отбасыішілік қарым-қатынастың белгілі бір деңгейде дамуына жағдай туғызады. Ата-аналарының жанында болмауы немесе олармен тұрақты байланысының болуы басқа да факторлар секілді отбасының өмірлік қызығушылығын арттыра түседі, яғни бала тәрбиесі мен отбасының бюджеті туралы қомқорлық бірінші орындағы мәселеге айналады. Мұндай жағдайда отбасының қарым-қатынас жасау ортасы ескі таныстарымен шектеледі.