«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет124/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   130
Прейскуранттық баға – 1. Фирма прейскурантына енетін тауар бағасы; көптеген жағдайларда номиналдық әлде жасалынған келісімнің нақты баға деңгейін сипаттайды. П.Б. сатушы мен сатып алушыға келісімшарт бағасын анықтауда бастапқы пункт ретінде саналады. 2. баға белгілейтін мемлекет органы әлде кәсіпорын, бірлестіктер, концерн т.б. анықтайтын, тіркелген баға. Егер, П.Б.мемлекеттік орган анықтайтын болса, ол реттелетін баға категориясына енгізіледі де, келесі жағдайларда қолданылады: 1) өндіруші нарықта монопольдік жағдайда болады; 2) өнім, ресурстар экономика үшін аса маңызды мағынаға ие; 3) өнімдер әлеуметтік маңызы бар категорияға жатқызылады. П.Б. баға деңгейі және оны пайдалану жағдайы көрсетілген арнайы жинақтарға енгізіледі.


Рентабельділік нормаларының ауқымы – салыстырымды экономикалық шарттарда «қол созу» принципіне сәйкес айқындалған рентабельділік нормаларының ең төменгі және ең жоғарғы мәндерімен шектелген рентабельділік нормаларының бірқатар мәндері.

Рентабельділік нормасы – негізгі қызметтен түскен, тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті өткізуден алынған бухгалтерлік пайданың осы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіруге және өткізуге жұмсалған шығындарға қатынасы.


Ренталық табыс (жер рентасы) – жер учаскесінің сапасы мен орналасқанына қарай өндіріс құралы ретінде жерден алынуы мүмкін табыс. Ренталық табыс жер учаскесінде алынатын өнімді сатудан күтілетін жалпы табыс пен өндірістік шағындардың және өндірушінің кірісі арасындағы айырым ретінде есептеледі.


Реттелетiн нарықтардағы бағаны белгiлеу - тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген номенклатураға енгiзiлген өнiмге, тауарлар мен жұмыстарға, реттелетiн нарық субъектiлерiне бағаларды қалыптастыру және қарау процесi.


Салыстырмалы баға – ақшалай сипаттағы өндіріс көлемін, тауар айналымын және басқалай экономикалық көрсеткіштерді салыстырғанда шартты түрде негіз ретінде алынатын, қандайда бір белгілі жылдағы әлде белгілі бір күндегі қалыптасқан баға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет