«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет122/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   130
Маржиналдық түсім – қосымша сатылған тауардың бір өлшеміне шаққанда алынған фирманың ақшалай түсімі.


Маржиналдық шығындар – фирманың тауардың қосымша бір өлшемін өндіру шығындары.

Мәміле бағасы –мәмілені жасау кезінде мәмілеге қатысушылар қолданатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы;

Монополиялық өндiрiлетiн тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) - тиiстi тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие реттелетiн нарық субъектiлерi өндiретiн тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер).


Монополиялық төмен баға – үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект
белгілеген баға, егер осы баға осындай тауарды өндіру үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан төмен болса, салыстырмалы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайда қалыптасқан бағадан төмен болса.
Нарықтық баға – «қол созу» принципіне сәйкес айқындалатын салыстырымды экономикалық шарттарда бірдей, ал олар болмаған жағдайда – біртекті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылы кезінде қалыптасқан тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы.


Негiзделген баға - реттелетiн нарық субъектiсiнiң негiзделген шығындарының және пайдасының негiзiнде айқындалған баға.


НЕТТО – тауардың орамасыз таза массасы, тауардың шегерімдерді кеміткеннен кейінгі таза бағасы, барлық шығындарды кеміткеннен кейінгі таза табыс.

Көтерме сауда бағасы – көтерме сауда жағдайындағы тауар бағасы, ол бойынша өндірістік кәсіпорын әлде өткізу ұйымы өз тауарларын ірі партиямен өткізеді. тауардың бір өлшеміне есептегенде айналым шығындарын үнемдеуге байланысты К.с.б, бөлшек сауда бағасына қарағанда төмен болады.




Орташа баға – 1. орташа арифметикалық баға; бағалы қағаздарды, тауарды, валютаны және т.б. сатушының бағасы мен сатып алушы бағасы арасындағыорташа баға. Қаржы баспасөзінде осы орташа арифметикалық баға жарияланады.


Өзiндiк құн - өндiрiлетiн тауардың (жұмыстың, көрсетiлетiн қызметтiң) бағасында ескеретiн шығындар жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет