«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Бөлім 4 Баға түзу тәжірибесі



бет3/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Бөлім 4
Баға түзу тәжірибесі
Практикалық сабақтар материалдары .................................................119
Тест сұрақтары.......................................................................................152
Баға белгілеу мәселелері бойынша құрылымдық – логикалық схемалар168
Тест сұрақтарының жауаптары............................................................179
Пайдаланылған және қосымша оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі .. 180
Глоссарий..................................................................................................183


Кіріспе.


Қазіргі кезеңде кез келген коммерциялық және көптеген коммерциялық емес ұйымдар алдындағы ең негізгі мәселе, бұл өз тауарлары мен қызметтеріне баға анықтау мәселелері. Әр фирма баға белгілеу мәселесін өздігінше шешеді, бірақ келесі жалпы мәселелер төңірегінде кәсіпкерлер жедел бірігіп, мәселе түйінін бірлесіп іздейді, олар: нарықтың жаңа үлгілерін қалай игеру және фирманың баға саясатын тиімді пайдалану, нарықтың дамуының және өнімнің өзіне тән өзгеріске ұшырайтын фазаларын есепке ала отырып, баға белгілеу процесіне серпінді көзқарасты қамтамасыз ету, тиімді баға стратегиясын қамтамасыз ете отырып, фирманың мақсатына және нарықтық жағдайларға сай, баға белгілеудің қандай әдістерін қолдану орынды екендігін анықтау, баға саясатын таңдау тұрғысынан Қазақстан Республикасы нарығы қалыптасуы мен негізгі сипаттамасын анықтау, және т.б.. Сондықтан, осындай күрделі мәселелерді жетік меңгерген экономика мамандығы бойынша біліктілігі жоғары, білім сапасы бәсекеге қабілетті, ой - өрісі кең болашақ мамандарды даярлау , бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Баға – басты экономикалық категория ретінде халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге және еліміздің қаржы қаражат жүйесін нығайтуға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан, экономистерге баға белгілеудің теориялық негіздерін меңгеру және оны тәжірибе жүзінде іске асыруды үйрету экономикалық дамудың қазіргі кезеңдегі қажетті мәселесі Нарықтық экономика жағдайында, бағаны мемлекеттік реттеудің шектеулілігіне байланысты баға және баға белгілеу, құн заңын, сұраныс пен ұсынысты, қор жинақтау мәселелерін жан-жақты зерттеу қажеттілігін туындатады.
«Баға және баға белгілеу» пәнінің маңыздылығы сол, оның негізгі элементі баға - өндіріс , айырбас, бөлу, тұтыну, қор жинау өрістеріндегі барлық үдерісті сипаттайтын, маңызды экономикалық құрал болып табылады
Баға фирма қызметімен жан-жақты байланыста болады, өйткені коммерциялық нәтижелер баға деңгейіне тәуелді. Баға саясатының дұрыс әлде бұрыс қалыптасуы кәсіпорындардың қызметінің экономикалық тиімділігіне тікелей әсер етеді. Баға деңгейінің 1%-ға өсімі пайда мөлшерінің 7,5 %-ға артуын қамтамасыз етсе, өндіріс көлемінің 1%-ға ұлғаюы, пайданың 2,5 %-ға ғана артуын қамтамасыз етеді.
Мақсатталған баға саясатының мәні сол, ол кәсіпорынның барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін ойдағыдай шешу, жоспарланған пайда көлеміне қол жеткізу үшін нарықтағы өзгермелі жағдайларға сай түрлендірілетін баға деңгейін белгілеу болып саналады. Мұндай күрделі мәселерді шешу барысында, теориялық және әдістемелік жағынан, осы оқулық көмек көрсете алады.. Оқулықта баяндалған материалдар баға белгілеу механизмі мәселелері бойынша және кәсіпорын дамуының баға саясаты мен баға стратегиясын анықтауда, экономика мамандығы студенттеріне қажетті білім алуға мүмкіндік береді.
Баға белгілеу – баға қозғалысы заңдылықтарын, оның қалыптасу процессін зерттейтін дербес ғылым. Аталған ғылымның пәні – баға белгілеу теориясы мен практикасы. Баға және баға белгілеу пәнін оқу барысында студенттер нарықтық экономика жағдайындағы бағаның маңызы мен ролін баға белгілеу әдістерін, баға деңгейі, динамикасы құрылымын талдау болжау мәселелерін меңгеруі қажет. «Баға және баға белгілеу» пәні базалық пәндердің қатарына енеді.
«Баға және баға белгілеу» пәнінен баспаға ұсынылып отырған оқулық кіріспеден, төрт бөлімнен, он екі тараудан тұрады. Оқулықта тест сұрақтары және жауаптары, баға белгілеу мәселелері бойынша құрылымдық – логикалық схемалар, пайдаланылған және қосымша оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі, глосарий берілген. Тест сұрақтары, құрылымдық схемалар, глосарий студенттер, бакалавр мен магистранттардың «Баға және баға белгілеу» пәнінен меңгерген білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіншілігін арттыра отырып, ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізеді.
Ұсынылып отырған оқулықты даярлау барысында Қазақстан Республикасы заңдары, ақпарат, материалдарымен қатар, ғылыми қоғамға танымал Қазақстан респуликасының ғалымдары, шетел және Ресей авторларының еңбектері пайдаланылды, автордың экономика мамандықтары студенттеріне оқылған дәрістері мен практикалық сабақтарының тәжірибесінің нәтижесі жинақталды.

Автор.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет