«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет8/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   130
3.Реттеу функциясы. Баға экономикалық процестерді реттеу құралы ретінде өндірушімен тұтынушының ақшалай төлеу қабілетіне сай сұраныс пен ұсынысты теңестіреді.
Нарықтық экономика жағдайында кез-келген өндірістік ресурстың өз бағасы болады. Ол тауардың бағасы секілді аталған ресурстың сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Өндірістік ресурстарға қалыптасқан бағалар, өндірісте шығындар деңгейін арзандататындай өндірістік ресурстарды таңдау мүмкіндігін туғызады. Жұмыс күшінің жоғарғы төлемі, өндіріске неғұрлым техникалық жағынан жабдықталған өндіріс үрдісін енгізуге мүмкіндік туғызады, ал, керісінше жұмыс күшінің төмен төлемі ескірген және еңбек сыйымдылығы жоғары үрдістерді өндірісте өзгеріссіз қолдануға себеп болатындығы жалпыға мәлім. Сонымен, өндірістік ресурстардың бағасы, кәсіпкерлерді қымбат ресурстарға қарағанда, неғұрлым арзан ресурстарды пайдалану үнемді екендігіне бағыттай отырып, қоғам көлемінде, өндірістік ресурстарды тиімді бөлуге ықпал етеді, яғни баға өндірістік ресурстарды бөлуде реттеуші роль атқарады.
4.Ынталандыру функциясы.
Нарықтық баға қалыптастыру шаруашылықтық шешімдерді қабылдағанда альтернативті таңдау мүмкіндігін туғызады да, өндірістің тиімділігін арттырады. Белгілі бір өнім түрлері өндірісінде әр түрлі факторларды байланыстыру альтернативасы болады. (Мысалы: едәуір шығындарды қажет ете отырып, соңынан, өндіріс шығындарының қомақты үнемін қамтамасыз ететін капитал сыйымдылығы жоғары үрдістермен, өндірістік шығындардың неғұрлым мол шамасын, ал күрделі қаржыларды аз мөлшерде қажет ететін еңбек сыйымдылығы жоғары үрдіс арасында таңдау). Бұған нарықты таңдау, өндірілетін өнімді таңдау, инвесторды таңдау және т.б. қосылады. Сөйтіп, бағаның ынталандырушы әсері сол, оның деңгейі өндірісте неғұрлым үнемді әдістерді қолдану және ресурстарды толық пайдалануға ынталандырады.
Баға өндірісті ынталандыруға әсер ететін экономикалық механизмнің құрамына келесі нысандар арқылы енеді: жоғары(төмендеген) рентабельділік деңгейі, бағаға үстеме (шегерім), баға түрлерін пайдалану(еркін, реттелген, есептелген, т.б.) Аталған нысан-көрсеткіштердің ынталандырушы әсерін ескере отырып, кәсіпорын әр түрлі деңгейдегі табыс алады, солай болған соң, кәсіпорында шығарылатын өнімнің ассортиментін қайта қарастыруға, өнімнің бір өлшеміне пайда деңгейі жоғары өндірісті, әлде, өтімі жоғары өнімдер өндірісін ұлғайтуға экономикалық жағынан жағдай жасалынады.
Өнімдердің бөлшек сауда бағалары деңгейі өзгерісі де, өнімді тұтынуға себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет