«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Бірінші тарау. Нарықтық экономикадағы бағаның ролі



бет4/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130
Бірінші тарау. Нарықтық экономикадағы бағаның ролі.


1.1.Баға және баға белгілеу» ұғымының түсінігі.
Баға – күрделі экономикалық категория. Бағаның микро –және макроэкономикалық маңызы баға белгілеу концепциясына тәуелді болмайды, ол өндірістің және нарықта өнімдердің айналуының объективті жағдайларымен анықталады. Баға теориясының негізгі постулаты бағаның негізгі ірге тасы туралы көзқарастармен тікелей байланысты. Бағаның ірге тасы ретінде экономистер құн, шекті пайдалылық,өндіріс факторларының бір-бірімен өзара қатынасы және т.б. қарастырады. Жалпы экономикалық ғылымда кеңінен танылғаны келесі екі теория: біріншісі- бағаның негізі құн деп түсіндіретін марксистік теория, ал екіншісі – бағаның негізі тауардың пайдалылығы деп қарастыратын австриялық теория.
Бағаның құндық теориясының пайда болуын экономикалық теорияның негізін салушы А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс және т.б. байланыстырады.Осы теорияға сай, тауардың бағасы тауар өндірісінде еңбекті затқа айналдыру болып көрсетіледі. Сондықтан, тауар құны, сол тауарды өндіруге қажет еңбек мөлшерімен анықталады. Өз кезегінде, еңбек мөлшері нақты тауарды жасауға қажетті жұмыс уақытымен өлшенеді. Осыған қарағанда, баға тауар өндірісіндегі қоғамдық еңбек шығындарын қамтып көрсетуге тиіс.
Баға категориясы әртүрлі экономикалық бағыттардың өкілдерімен жан-жақты қарастырылады. Буржуазиялық классикалық саяси экономия өкілдері Смит, Рикардо бағаны құнның ақшалай көрінісі ретінде қарастырды, себебі баға сұраныс пен ұсынысқа тікелей байланысты болады. Марсистік мектеп өкілдері Маркс, Энгельс бағаны анықтауда еңбек құн теориясына негізделді. Маркстің пікірі бойынша кәсіпорында өндірілген тауар бағасы құнның құрылымына жатады. Австриялық мектеп өкілдері Бем-Баверк, Менгер бағаны анықтауда шекті пайдалылық теориясына негізделді, бұл теорияға сәйкес тауар құндылығы еңбек шығындарымен емес, өнімнің шекті пайдалылығымен анықталады. Альфред Маршаллдың пікірінше тауардың бағасы сұраныс пен ұсынысқа байланысты болады. Маршалл сұраныс категориясы арқылы баға теориясын тауар пайдалылығымен, ал ұсынысты еңбек шығындарымен, яғни еңбек құн теориясымен байланыстырды.
Нарықтық баға белгілеудің теориялық негіздерін жалпы экономикалық теорияның бір бөлігі болып саналатын, «Микроэкономика» баяндайды.
Бұл ғылымды терең білушілікке сүйене отырып, нақты уақыт кезеңінде нақты мақсаттарға жетуге бағыттай отырып, кәсіпорындар баға белгілеудің өз тәсілдерін жасап шығарады.
Елімізде нарықтық экономиканың дамуы баға мен баға белгілеудің маңызының артуына себепші болды. Баға және баға белгілеу нарықтық механизмде маңызды роль атқарғанымен, баға белгілеу үдерісі үнемі басқаруды қажет етеді.
Баға - сатушы тауарын өткізгісі келетін, ал тұтынушы сатып алғысы келетін жалпы ақша сомасын білдіретін экономикалық категория.
Баға тауар құнының ақшалай көрінісі. Баға өте күрделі экономикалық категория болып саналатындықтан, ол қоғамдағы барлық экономикалық өзара байланыстың орталығы болып есептелінеді. Ең алдымен, оған тауарлар өндірісі мен тауарларды өткізу, олардың құнын қалыптастыру, ақшалай қорды қалыптастыру, пайдалану және бөлу жатады.
Баға жалпы табысты, пайданы, пайдалылық деңгейі мен кәсіпорынның және фирмалардың басқалай өміршеңдік көрсеткіштерін анықтайды. Баға кәсіпорынның коммерциялық әрекетінің экономикалық тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болғандықтан, ол өміршеңдік факторы болып табылады.
Баға өндірістің құрылымына және фирманың нарықтағы үлесіне әсер етеді. Кейбір тауарлардың баға деңгейі (мұнай, болат жәнет.б.) кәсіпорындардың және жалпы еліміздің экономикасына күшті әсер етеді. Баға экономикалық басқару мен бәсекелестік тартыстың тетігі болып саналады.
Баға кәсіпорын мен оның тауарларын сатып алушылардың арасында қатынастарды қалыптастыруға әсер етеді. Баға – тұтынушылардың қабылдайтын шешімдерінің негізгі критерийі, сондықтан ол, фирманың бәсекелестігі және фирма беделінің басты элементі. Мұнда, сатып алуды анықтайтын және негіз болатын себеп – баға.
Баға тауардың, қызметтің құндылығының ақшалай көрінісі. Тауар мен қызметтің, өндіріс факторының құндылығы сұраныс факторлары және ұсыныс факторлары арқылы анықталады да нарықтық бағаны белгілеуден көрінеді. Құқықтық категория ретінде бағаның мәні Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет