«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет40/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   130
Төртінші кезең.
Өнімді нақты нарықта өткізуді талдау немесе эксперттік жолмен анықталатын, «баға-өткізу көлемі» қисындастыру варианттарының мүмкін болатын түрлері талқыланады, және оның ішінен кәсіпорын үшін шығындарды неғұрлым мол деңгейде өтеуді қамтамасыз ететіні таңдап алынады.
Бесінші кезең.
Нарықтағы тауардың төзімділігін, бәсекеге қабілеттілігін бағалау.
Тауардың технико-экономикалық параметрлерін бәсеке тауарлармен салыстыра отырып, кәсіпорын өз тауарының артықшылықтары мен кемшіліктерін табады. Мұнда, шығындар негізінде анықталған бағаның дұрыстығы, оның нақтылығы, бәсекеге қабілеттілігі анықталынады.
Алтыншы кезең.
Бәсекелестік факторларды ескере отырып, «баға-өткізу көлемі» әр түрлі варианттарын талқылау. Бесінші кезеңде анықталынған ақпаратты ескере отырып, кәсіпорын ең көп мөлшерде шығындарды өтеуді қамтамасыз ете алатын вариантты таңдайды. Сандық талдау сапалық талдаумен толықтырылады.
Жетінші кезең.
Түпкілікті баға белгілеу. Бұл кезеңде қосымша факторларды есепке ала отырып, баға деңгейі анықталынады.
Мұнда, тұтынушылар бағаны тауардың сапалық көрсеткіші ретінде қарастыратындығын ұмытпаған жөн. Шамамен есептелінген баға деңгейіне бәсекелестердің, көтерме, бөлшек сауда өткізушілерінің әрекетін алдын ала ескеру қажет. Баға белгілеу аумағындағы мемлекеттік заңдардың талаптарын, инфляция деңгейін, жарнама сендірерліктей күшті ме әлде дәлелсіз әлсіз бе мәселесін, фирма нарықтың бір әлде бірнеше сегменттерінде жұмыс жасайды ма сұрақтарын ескеру керек.
Түпкілікті баға деңгейін, кәсіпорынның негізгі мақсатына қол жеткізу позициясынан қайта тексеру үшін келесі сұрақтарға жауап іздеп көріңіз. Шамамен есептелінген баға деңгейін нарық қалай қабылдайды? Бұл бағаны сауда орындары қалай қабылдайды және сауда үстемесін есепке алғанда бөлшек сауда бағасы қандай деңгейде болады? Аталған баға заңдармен қарама қайшылыққа келмейді ме, мемлекеттік ұйымдардың қарсылығына тап келмейді ме?
Осы сұрақтарға берілетін жауаптар кәсіпорынды қанағаттандыратын болса, өнім нарыққа ұсынылады да, баға саясатын қалыптастыру аяқталды деп есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет