«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет39/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   130
Бақылау сұрақтары

  1. Баға құрылу стратегиясы дегеніміз не?

  2. Баға стратегияларының негізгі түрлері?

  3. Баға стратегиясын қалыптастыру кезеңдері?

  4. Қазіргі кезеңде фирмаларда баға стратегияларының қандай түрлері кеңінен қолданылады?

  5. Баға стратегиясының жүзеге аспағандығын сипаттайтын негізгі белгілері?

  6. Баға стратегиясын таңдауға қандай факторлар әсер етеді?

  7. Бәсекелестерді талдау, баға стратегиясына қалай әсер етеді?

  8. Қаржы талдауы қалай жүзеге асады?



Жетінші тарау. Баға белгілеу әдістері.


7.1. Бағаны есептеудің жалпы схемасы.


Тауарлардың ерекшелігіне, сатушы фирманың көлеміне және қаржылық күш-қуатына, алдына қойған мақсаттарына сай баға деңгейін есептеуде әртүрлі әдістер қолданылады. Баға белгілеу әдісін таңдау барысында ішкі шектеулер (өндірістік шығындар және пайда), және сырқы шектеулер (сатып алуға қабілеттілігі, бәсекелес-тауарлар бағалары, және т.б.) ескеріледі.
Баға деңгейін есептеу келесі жалғаспалы кезеңдерді орындауды топшылайды:
Бірінші кезең.
Баға белгілеудің мақсаты мен міндетін қою. Кез келген кәсіпорын, фирма белгілі бір тауар немесе оның бағасы арқылы қол жеткізгісі келетін қысқа және ұзақ мерзімдік мақсатты алдын ала қисындап тұжырымдауы қажет. Мақсат неғұрлым айқын болса баға деңгейін есептеу соғұрлым оңайға түседі.
Екінші кезең.
Тауардың анықталған көлемін өткізудің алғашқы жобасын жасау.
Өткізілетін тауар көлемі кәсіпорын, фирманың өндірістік қуатына және нарықтың сыйымдылығына байланысты анықталады. Ол нарықты зерттеу негізінде есептеледі.
Үшінші кезең.
Өндірістің толық шығындары негізінде бастапқы бағаны есептеу.
Мұнда кәсіпорын алдыңғы кезеңде анықталған өндірілетін және өткізілетін өнім көлеміне қатысты жалпы шығындар сомасын есептейді. Жалпы шығындар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді. Сонан соң, өнімнің бір өлшеміне есептелінген шығындар және өнімнің бір өлшемінің бағасы анықталынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет