«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Бағаны анықтаудың нарықтық әдістері



бет42/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   130
7.3. Бағаны анықтаудың нарықтық әдістері.

Баға белгілеудің нарықтық факторларына сұраныс және бәсеке жатады.


Сұраныс деңгейі төменде көрсетілген жағдайларға тәуелді:

  • тауардың баға деңгейі, соның ішінде тауарды алмастырушы тауар мен оны толықтыратын тауар бағасы;

  • тұтынушы талғамы және қажеттілігі;

  • тауардың пайдалылығын бағалау;

  • тұтынушылар табысы және бюджеті, яғни сатып алу қабілеттілігі;

  • алмастыратын және толықтыратын тауарлардың арзан болуы., т.б.

Тауарға сұраныс деңгейін дәл анықтайтын фактор жиынтығын таңдау күрделі мәселе. Шет елдер тәжірибесінде сұраныс деңгейі өзгеріске ұшыраған жағдайда, келесі маңызды параметрлер ескеріледі:

  • тұтынушылардың бағаның өзгеруін күтуі (инфляцияға байланысты);

  • пайдалану шығындары;

  • жинақталған мүлік көлемі;

  • тұтыну несиелерін алу мүмкіндігі;

  • отбасы құрылымы(балалар саны, қарауындағы адамдар саны);

  • болашаққа сенімділігі, басқалай параметрлер.

Баға белгілеуде сұраныс факторын есепке алу баға икемділігі көрсеткішін зерттеуге негізделеді. Ал, баға икемділігі сұраныстың баға деңгейінің өзгерісіне сезімталдығымен сипатталады. Баға икемділігі, баға деңгейінің өзгеруіне сай сұраныстың сезімталдығының өзгеру деңгейін көрсетеді.
Егер, баға деңгейінің мардымсыз өзгерісінен сұраныс тіптен өзгермесе, сұраныс икемсіз. Баға мен сұраныс арасындағы тәуелділікті формула бойынша есептеуге болады:
Э = ∆С∕∆Р.
мұндағы - Э баға икемділігі (икемділік коэффициенті); ∆С және ∆Р– сұраныс пен баға өзгерісі;
Мысалы: тауар бағасы 10%-ке қымбаттады, ал оған сұраныс 4%-ке азайды, мұндай жағдайда бағаның өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныстың икемділігі 0,4 –ке (4/10) тең болады.
Егер де, икемділік коэффициенті 1-ден аз болса, сұраным икемсіз; егер 1-ден артығырақ болса - сұраным икемді; ал 1-ге тең болса сұранымның жеке дара икемділігі деп аталынады.
Нарыққа шығарылатын тауарға сұраныстың икемділігін білетін тауар өндіруші, алдын ала тұтынушылардың баға деңгейі өзгерісіне реакциясын анықтай алады.
Сұраныстың икемділігі көрсеткіші, тауардың бағасын, сатудан түсетін түсімді және сатушының пайдасын болжамдауға пайдаланылады.
Сұраныс икемді болса:

  • бағаның арзандауы сатып алу көлемінің ұлғаюына мүмкіндік туғызады, сонымен бағаның арзандау деңгейіне қарағанда сұраныс өте жоғары шапшаңдықпен артады;

  • бағаның қымбаттауы сатып алу көлемінің аз ғана қысқаруына әсер етеді, және де бағаның өсу қарқынына қарағанда сұраныс өте жоғарғы шапшаңдықпен төмендейді.

Икемсіз сұраныста:

  • баға деңгейінің арзандауы сатып алу көлемінің ұлғаюына әкеледі, бірақ оның шапшаңдығы бағаның арзандау шапшаңдығына қарағанда төмен;

  • бағаның қымбаттауы сатып алу көлемінің азаюына әсер етеді, дегенмен сатып алу шапшаңдығы бағаның қымбаттау шапшаңдығына қарағанда төмен.

Баға қалыптастыруда айқасқан икемділік ықпал етеді. Ол бір тауарға баға деңгейінің өзгеруіне байланысты басқа тауарға сұраныстың салыстырмалы өзгерісін көрсетеді.
Эа = ∆Ск ∕∆Рт
мұндағы: Эа - айқасқан баға икемділігі; ∆Ск бұл К тауарға сұраныс өзгерісі; ∆ Рт бұл Т тауарға баға өзгерісі;
Егер, айқасқан икемділік шамасы 0-ден көп болса, онда екі тауар да өз ара алмастырылатын тауарлар болып саналады да, бір тауарға баға қымбаттауы екінші тауарға сұраныстың өсімін қамтамасыз етеді. Шамасы 0-ден аз болатын айқасқан икемділік коэффициенті, тауарлар өзара алмасатындығын көрсетеді, бірақ бір тауарға баға қымбаттауы екінші тауардың бағасы тұрақты деп алғанда, осыған сұраныс деңгейінің азаюына ықпал етеді.
Баға деңгейіне әсер ететін маңызды фактордың бірі - бәсеке. Нарықта баға бойынша бәсеке және бағаға қатыссыз бәсеке бөлінеді. Баға бәсекесі механизмінің мәні сол, кез келген кәсіпорын өз өнімдеріне баға деңгейін бәсекелестерге қарағанда төмен, арзан етіп белгілейді. Өндіріс үнемі жетілдіріліп, шығындар арзандаған жағдайда, бағаның көмегімен бәсекелесу табысты болып саналады.
Нарықтың белгілі бір үлесін жаулап алып, ұзақ мерзімде пайдалы әрекет ету мүмкіндігі - баға бәсекесінің нәтижесі.
Бағаға қатыссыз бәсеке жасампаздыққа бағытталады. Ол өнімді үнемі жетілдіру, өнімнің сапасын, сырқы түрін, техникалық беріктілігін және т. б. жақсарту. Тауардың бірден-бір ерекше қасиеттері, оның сапасы жаңа тұтынушыларды өзіне тартуға және тауардың бәсекелестік деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Нарықтық баға белгілеу әдістеріне ағымдағы баға белгілеу әдісі, жапсырылған конверт әдісі жатады. Ағымдағы баға белгілеу әдісі бірыңғай тауарлар нарығында кең қолданылады, себебі бәсеке деңгейі жоғары нарықта бірыңғай тауар сататын фирманың бағаға ықпал ету мүмкіндіктері шектеулі болады.
Тендерлік баға белгілеу әдісі, жапсырылған конверт әдісі бұл белгілі бір келісім-шартқа қол жеткізу үшін, күшті бәсеке жүргізетін бірнеше компанияларда, салаларда қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет