«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Орташа арифметикалық салмақты



бет54/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   130
3. Орташа арифметикалық салмақты
Есептеу негізі ретінде өткізілген тауар көлемінің натуралды шамасы немесе өткізілген тауарлардың пайыздық ара қатынасы тіркелген жағдайда қолданылады.


=

Мұнда, q – натуралдық өлшем бірлігімен берілген өткізілген тауарлар мөлшері (метр, литр, килограмм және т.б.).


Мысал. Нарықта, бірінші кварталда картопты өткізу мөлшері және орташа айлық бағасы туралы мәліметтер берілген:
Кесте 8.




Қаңтар

Ақпан

Наурыз

1 кг-ға орташа айлық баға, теңге

120

130

150

Өткізілді, (кг)

7800

8000

8500

Орташа кварталдық бағаны анықтаңыз.


= 120 х 7800 + 130 х 8000 + 150 х 8500
7800 + 8000 + 8500
= 133,79 теңге.


4. Орташа үйлесімді салмақты


=
мұнда, рq - сауда айналымы, теңге.
Бұл формула, есептеу негізі ретінде сатылған тауарлардың ақшалай көрінісі деректері қолданылғанда пайдаланылады.
Мысал:
Макарон өнімдерін сату бойынша тауар айналымы 1-ші дүкенде 40 мың теңге, 2-шісінде 56 мың теңге, 3 –ші дүкенде 100 мың теңге құрады. Макарон өнімдерінің бағасы: 1 –шіде 80 теңге, 2-шіде 95теңге, 3-шіде 105 теңге. Макарон өнімдерінің 1кг орташа бағасын анықтау қажет. Ол үшін, орташа салмақталған үйлесімділік формуласын пайдаланамыз.
= (40 + 56 + 100) / (40/80 +56/95 + 100/105) = 95теңге60тиын
Жоғарыда берілген формулада сауда айналымының орнына сауда күні санын пайдалануға болады.
Мысал:
Тауардың жылдық орташа бағасын анықтаңыз. Тауардың бір данасының жыл басындағы бағасы 104 теңге болды. Оның бағасы 5 наурыздан бастап 15% - ға, ал 16 тамыздан тағы 5%- ға артты. 2010 жылдағы тауарды өткізу айналымы 480 мың теңгені құрады. Соның ішінде 1- квартал – 120 мың теңге, оның ішінде наурыз айында 44 мың теңге, 2 – квартал 140 мың теңге, тамыз айында 42 мың теңге құрады.
Шешуі:
Наурыз және тамыз айларында баға қымбаттағаннан кейінгі, бір дана тауардың жаңа бағасын анықтаймыз. 5 наурыздан бастап, баға деңгейі – 119теңге 60 тиын, ал 16 тамыздан кейін 125теңге 58 тиын(119теңге60тиын + 119теңге60тиын х 5%) болды.
Баға деңгейі өзгерген айлардағы орташа баға деңгейін анықтаймыз, яғни наурыз және тамыз айлары:


Наурыз айындағы орташа баға
Тамыз айындағы орташа баға = 31күн/ (15күн/119,60 + 16күн/125,58) = 31күн/0,25 = 124теңге 00тиын


3. Жылдық орташа баға
Бағаның қорытынды деңгейі ретінде, тұтыну қоржынының тіркелген құны көрсеткіші қарастырылады, ол әр түрлі деңгейдегі бағаларды жаңа қорытынды деңгейдегі бағаға біріктіреді. Аталған көрсеткіш, бекітілген тауар жиынтығының қорытынды баға деңгейін сипаттап қана қоймайды, сонымен қатар ол «өмір бағасын» сипаттайды.
Бағаның жеке индексі – ағымдағы кезеңдегі тауар-өкілдердің бағаларының базистік кезеңге қатынасы.
Баға индексі (жалпы) - әр текті тауарлар жиынтығының баға өзгерісін сипаттайтын, салыстырмалы шама.
Ласпейрестің баға индексі – базистік кезең бойынша салмақталған, баға индексі, тәжірибеде қолданылатын осы индекстің негізгі формасы:



Пааше баға индексі – ағымдағы кезең бойынша салмақталған баға индексі:







Жалпы тауар айналымына, сатылған тауарлар санының өзгерісіне орай, олардың бағаларының өзгеруі де әсерін тигізеді. Оның ықпалын анықтау үшін сатылған тауарлардың жалпы құнын білуіміз керек. Оны есептеу үшін екі мерзімдегі бағаны өзгертіп, ал сатылған тауарлардың тұрақты санын аламыз. Сонан соң, тауарлардың санын бағаларына көбейтіп, одан шыққан екі мерзімдегі тауар айналымын бір бірімен салыстырамыз. Мұны бағаның жалпы индексі деп атайды.
Фишер бойынша баға индексі (өте оңды индекс) - Пааше және Ласпейрес баға индекстері көбейтіндісінің геометриялық орташасы.



Орташа баға индексі – ағымдағы кезең орташа бағаларының базистік кезеңге қатынасы; құрамы өзгермелі индекс ретінде көрінеді; ол бекітілген құрам индексі және құрылымдық өзгерістер индексіне жіктелуі мүмкін.



Бақылау сұрақтары.



  1. Экономикалық жағдаят дегеніміз не?

  2. Оның қандай түрлерін білесіз?

  3. Экономикалық жағдаятқа әсер ететін факторлар?

  4. Экономикалық жағдаяттың дамуын сипаттайтын көрсеткіштер?

  5. Экономикалық барометр дегеніміз не?

  6. Орташа баға деңгейін анықтауда қолданылатын әдістер?

  7. Жалпы шаруашылықтық жағдаяттың мәні?

  8. Нағыз кезеңдік жағдаят көрсеткіштері?

  9. Нарықтық экономикалық жағдаятты зерттеу әдістері?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет