«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Баға қатарларын қалыптастыру жағдайындағы баға белгілеу



бет56/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   130
Байланысты:
Saginova-Baga-j-baga-bel (1)

Баға қатарларын қалыптастыру жағдайындағы баға белгілеу – тұтынушы тауарларды сатып алмастан бұрын оның сапасына, ассортиментіне, жеке параметрлеріне көңіл бөлуімен сипатталатын тәсіл;
25 % дейін баға белгілеу – тауарлар мен қызметтер бағаларына шегі мен мерзімін көрсетумен сипатталатын тәсіл.
Қызмет көрсету дегеніміз бұл нәтижелері материалдық – заттық нысанда қалыптаспайтын қызмет түрлері мен коммерциялық істердің алуан түрлілігі.
Тұтыну қызметтеріне баға қалыптастыру жағдайына нарықтық емес реттеу шаралары ықпал етеді. Осыған орай барлық қызметтер келесі топтарға бөлінеді:

  1. тарифтері мемлекет тарапынан реттелетін қызметтер;

  2. тарифтері құрылымына қарай өздігінен нарыққа қатысушыларымен ресми түрде реттелетін қызметтер;

  3. тарифтері таза нарықтық механизм негізінде қалыптасатын қызметтер.

Бірінші топқа байланыс, көлік, білім беру, денсаулық сақтау әрекетіне байланысты қызметтер жатқызылады. Аталған қызметтердің бір бөлігі табиғи монополияларды реттеу аясында мемлекет тарапынан тікелей реттеледі, немесе тегін жіберіледі.
Екінші топқа, нарыққа қатысушы әр түрлі бірлестіктер әлде келісімдермен тарифтері реттелетін қызметтер енгізіледі. Мысалы, ақпараттық, кеңес беру, делдалдық, авиатасымалдау тарифтері т.б..
Үшінші топқа, қызмет көрсету әрекеті толығымен нарықтық жағдайлар әсеріне байланысты қалыптасатын қызмет тарифтері. Олар, түрлі – түрлі тұрмыстық, банктік, коммерциялық, медициналық қызметтер.
Қызметтердің жоғарыда аталған топтардың қайсысына енуіне тікелей байланысты, қызметтерге тариф белгілеудің алуан тәсілдері қолданылады.
Тұтыну қызметтері тауар ретінде келесі ерекшеліктер негізінде айқындалады:

  • сезілмейтіндігі, материалдық емес сипатта болуы;

  • қызметті өндіру мен тұтынудың тығыз байланыстылығы, өнім өндіру мен қызмет көрсетудің үздіксіздігі;

  • қызметтер сапасының тұрақсыздығы;

  • сақталынбауы, әлде қызметтердің запаста жинақталмауы;

  • қызметті тұтынушы, көпшілік жағдайда, қандай да бір материалдық игіліктің иесі бола алмайды, сондықтан мүліктік қатынас ретінде өзгешелігі бөлінеді;

  • қызметті көрсету мен тұтынудың, оны сатып өткізілуімен қатар жүретіндігі;

  • қызметтердің жалпы көлемі, сұраныс көлемі мен сатып өткізілу уақытына тәуелді.

  • қызметтерді тұтынатын тұлғалардың бөлінбейтіндігі;

Баға қалыптастыру процесіне бұл ерекшеліктер әр түрлі деңгейде әсер етеді.
Қызмет түрлерінің сезілмейтіндігі, олардың материалдық емес сипаты баға белгілеу процесіне кедергі жасайды. Оның негізгі себебі, тауар ретінде қызметтің экономикалық құндылығын алдын ала айқындаудың қиындығы. Өйткені, тұтынушы белгілі бір қызмет түрін тұтынбайынша оның құндылығын бағалай алмайды. Сондықтан тұтынушы, берілген қызмет түрінің жағымды және жағымсыз айырмашылығы, оның құндылығы туралы сенімді ақпарат ала алмағандықтан, аталған қызмет түрі бағасы мен баламалы қызмет бағасының арақатынасына ерекше мән береді.
Ал, тауар өндіруші, өз жағынан тұтынушыға, қызметтің бағалылығын арттыратын, соның негізінде бағасын қымбаттатуға мүмкіндік беретін қызметтің жағымды айырмашылығының бар екендігін және оның маңыздылығын дәлелдей білуі қажет.
Негізінен қызметтің жағымды айырмашылығына келесі сипаттамалар жатады, сенімділігі, жалғас қызметтердің болуы, қызметті тұтынудың ыңғайлылығы, тұтынушының уақытын үнемдеу мүмкіндігі және т.б..
Қызметті өндіру мен тұтынудың тығыз байланыстылығының пайда болуы қызметтің тұтынушыға белгілі бір уақытта талап ету өтінішіне байланысты көрсетілуі. Сондықтан ол жеке сипатта болады, және тап осы қызмет көрсетілген уақытта, нарықта сұраныс пен ұсыныстың толық сәйкестігін қажет етеді.
Қызмет сферасындағы сұраныстың ерекшелігін анықтайтын факторларды талдайтын болсақ, қызметтерге деген сұраныстың тек қана жеке сипатта емес екендігін байқауға болады. Сұраныс, қызметті өндірудің негізі болып саналады, өйткені, нақты тұтынушы болмайынша қызмет көрсету мүмкін емес. Қызметке деген сұраныс жергілікті сипатта болады. Бұл, қызметті жинақтауға және тасымалдауға болмайтындығымен түсіндіріледі.
Қызмет өзара ауыстыруға келмейді, мысалы шаш алдыру қызметін сақал- мұрт қыру қызметімен өзара ауыстыру мүмкін емес.
Қызмет өндірісінің жеке сипатта болуы, өндіріс үдерісі мен қызметті тұтыну аралығы белгілі бір уақытты қажет етеді. Солай болғандықтан, тұтынушы үшін қызметтің құндылығы, көрсетілген қызметтің нәтижесімен бірге, сол қызметпен қоса жүретін процестер арқылы да анықталынады. Оған күту уақыты, қызмет істеушілердің ілтипаты, кәсіпорынның орналасуының транспорттық қолайлылығы тұрғысынан ыңғайлылығы және т.б. жатады. Мұның барлығы қызмет бағасының саралануына әсер етеді. Егер, оны көрсетілген қызметпен қоса жүретін процестердің сапалы параметрлеріне қатысты қарастыратын болсақ, баға деңгейіне жеделдік үстемесі, неғұрлым сапалы қызмет көрсету үстемесі сияқты үстемелер қосылады.
Қызметтер жиынтығына баға белгілеуде, тұтынушы үшін қызметтерді кешенді пайдаланудың қолайлылығы және оның неғұрлым арзанға түсуі ескеріледі. Жалпы қызметтер өрісінде бөлінбейтін қызметтер жиынтығы мен бөлінетін қызметтер жиынтығы бөлінеді. Бөлінбейтін қызметтер жиынтығының құрамына енетін қызметтер жеке-жеке сатылмайды. Мұндай саясатты, саралау стратегиясын жүзеге асыратын фирмалар ұстанады. Олар, өз қызметтерін тұтынушылардың тұтынуының негізгі себебі, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтер жиынтығының өте сиректігі деп біледі. Сондықтан, қызметтер жиынтығының бағасын белгілеудің маңызды факторы ретінде, оның өте сиректігі, бірегейлігі алынады.
Бөлінетін қызметтер жиынтығы клиенттерге таңдау мүмкіндігін туғызады. Бөлінетін қызметтер жиынтығын сатқанда баға белгілеу тәсілі өзгереді. Мұнда, белгілі бір қызметер жиынтығын сатып алушыға, қандайда бір шегерімдер жасау негізінде, оны бірге ұсынылатын қызметтер жиынтығын түгел сатып алуға қызықтыруға болатындығы маңызды болып саналады.
Қызметтер жиынтығына баға белгілеуде, клиенттердің белгілі бір қызмет түрлерін тұтынуға байланысты шығындары да ескеріледі.
Оған төмендегі көрсетілген жағдайлар жатады:

  • белгілі бір қызметті тұтынуды ұйымдастыруға жұмсалатын уақыт;

  • жүйке – психикалық шығындар;

  • сенсорлық шығындар.

Аталған шығындарға көңіл бөлу, тұтынушыларға қызмет түрлерін неғұрлым жоғарғы деңгейдегі бағамен өткізу мүмкіндігін туғызады.
Қызмет өрісінде тауарларға қатысты баға стратегиялары қолданылады. Баға белгілеу әдістерінің ішіндегі қызмет өрісінде кеңінен қолданылатыны – нарық жағдайын ескеретін шығынға негізделген әдіс. Қызмет түрлерінің жеке сипатта болуы, оны тікелей баламалы варианттармен салыстыру қиындығын туындатады. Сондықтан, тауардың құндылығын қабылдауға негізделген және сұранысқа негізделген әдістер қызмет түрлеріне баға белгілеуде кеңінен қолданылмайды.
Қазіргі кезеңде, қызметтің көптеген түрлеріне еркін бағалар белгіленеді. Қызмет көрсетуші ұйымдар нарық жағдаятын, қызметтің сапасын, қызметті көрсетуге жұмсалған шығындарды ескере отырып, қызмет түрлеріне нарықтық еркін бағалар белгілейді. Кез келген қызмет көрсететін кәсіпорын баға стратегиясы мен тактикасын, баға белгілеу әдістерін өз бетінше таңдайды. Ол, кәсіпорынның алдына қойылған мақсаттарын жүзеге асыруға және коммерциялық әрекетінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Мұның өзі, баға белгілеу үрдісі, қызмет өрісіндегі кәсіпорындарды басқаратын активті, мақсатты құрал екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет