«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Глоссарий. Аукцион бағасы



бет110/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   130
Глоссарий.


Аукцион бағасы – аукцион өткізу барысында ресми тіркелген тауар бағасы. Тауардың бірегейлігін, сирек кездесетін қасиеттерін және белгілерін қамтып көрсететіндіктен нарықтық бағадан ерекше өзгеше болады.


Әлемдік нарық бағасы– жүйелі сипаттағы және төлемдерді еркін айырбасталымды валютаны қарастыратын ірі экспорт – импорттық операциялар жүзеге асырылатын баға. Әлемдік нарық бағасы ретінде тауар өндіруші – компания және осы өнімге сайма – сай өнімді экспорттаушылардың экспорттық бағалары, ал жекелеген мемлекеттер нарығында - негізгі тауар өндіруші бағасы алынады. Мысалы, болат және прокат үшін әлемдік нарық бағасын қалыптастыруда ЕО (ФРГ, Белгия, Франция) мемлекеттерінің экспорттық бағалары алынады. Кейбір мыс, қалайы және т.б. шикізат тауар түрлеріне Ә.Н.Б. қалыптастыруда шешуші рольді биржа бағаламасы алынады.


Әдіс. Ағымдағы баға әдісі - өнеркәсіптің осы саладағы кәсіпорындарының бірлескен ұтымды шешімдерінің нәтижесі. Шығындарды өлшеу қиын болғанда, нарықта тауар үшін қолданылатын баға. А.б.ә. қолдануға көшбасшының (жетекші) соңынан еретін фирмалар қызығушылық танытады.
А.б.ә. біртекті тауарлар нарығында қолданылады, өйткені бәсекелестік дәрежесі жоғары нарықта біртекті тауарларды өткізетін фирманың баға деңгейіне тигізетін әсері шектеулі болады. Мұндай жағдайда фирманың негізгі мақсаты - өндірістік шығындарды бақылау.


Әдіс. Фирманың бастама бағаны есептеу әдістемесі – баға белгілеу мәселелерін қоюды енгізетін біртұтас бағалау, сұранысты анықтау, өндірістік шығындарды бағалау, бәсекелестердің бағасын және тауарларын талдау, баға белгілеу әдісін таңдау, ақырғы бағаны белгілеу.


Әдіс. Баға белгілеу әдістері – тауар бағаларын анықтау тәсілдері. Әкімшілік, шығынға негізделген (өндірістік шығындар бойынша), нарықтық, келісімшарттық, парметрлік(эконометрикалық) баға белгілеу әдістері бөлінеді.


Баға. Мүмкін болатын ең төмен (аз) баға – 1. екі элементтің қосындысы: тауарды өндіру шығындары және осы кәсіпкердің көзқарасынша тауар өндірісіне шығындалған, мүмкін болатын ең аз капитал деңгейіне есептелінген пайда; 2. есеп айыратын көрсеткіш; ол тауар өндірісі басталуына дейінгі кезеңде анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет