«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Көлік қызметтер нарығында баға белгілеу



бет60/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   130
10.3. Көлік қызметтер нарығында баға белгілеу.
Көлік қызметтер нарығы өнеркәсіптік және көлік кәсіпорындарының коммерциялық қызметімен анықталады. Көлік қызметтер нарығындағы бәсеке әртүрлі көлік түрлері арасында ғана емес, сонымен қатар көлік фирмалары арасында да байқалады. Мұндай бәсекелі жағдайда маркетинг стратегиясы үшін тарифтердің икемді жүйесі маңызды роль атқарады. Көлік қызметтеріне тарифтерді белгілеудің ерекшеліктері:

  • Желіге ену үшін алынатын ақыға бақылау;

  • Бағаларды реттеу объектілерін анықтау;

  • Инфляция жағдайларын ескеру;

  • Өнімділік көлемін анықтау;

  • Пайда нормасын шектеу;

  • Ағымдағы шығындарды анықтау;

  • Инвестицияларды бағалау;

  • Мүмкін болатын пайданы анықтау.

Көлік қызметтеріне тарифтер класстық тарифтерді, бап бойынша тарифтерді, аралас тарифтерді қамтиды. Көлік қызметтеріне тарифтердің өзгеруіне ықпал ететін факторларға инвестициялар, эксплуатациялық шығындар, амортизация, тасымалдау көлемі, қосымша қызметтер, пайда нормасы, салықтар мен алымдар, материалдық шығындар, жүк бойынша төлемқабілеттілік, жүк ағымын кеңейтуде мемлекеттің қызығушылығы, тасымалдаушының шығындары және тәуекел шығындары жатады.
Темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметтері, телекомуникация және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына,көрсетілетін қызметтеріне) баға түзу ережесі 2007 жылы 25 желтоқсанда №1286 қаулысымен бекітілді. Бұл ережеде, бәсекелестік жағдайда қалыптасқан- бәсекелес баға және белгіленген тәртіппен тауар нарығы субъектісінің негізделген шығындарының және пайдасының негізінде айқындалған баға көрсетілген. Ол - негізделген баға деп аталады.
Тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалар қалыптастыру олардың әрбір түрі бойынша шығындарды бөлек есепке алу негізінде жүзеге асырылады.
Монополиялық өндірілетін тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасына енгізілетін пайданың деңгейін айқындау кезінде, тауар нарығы субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі және дамуы үшін қажетті қаражат ескеріледі.
Транспорттық шығындар дайын өнімді өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті шығындардың құрамдас бөлігі болып саналады.
Транспорттық тариф – кеңістікте материалдық объектіні транспортпен тасымалдау бағасы. Транспорттық тарифтер құрамына жүкті тасымалдау және жолаушы тасымалдау тарифтері енеді. Жүк транспорты өнімді тауар өндірушіден тұтынушыға жеткізе отырып, өнімнің құнын көбейтеді. Жолаушы транспорты қызмет көрсетеді. Осыған байланысты жолаушы тарифтерін қалыптастыру қызмет көрсету өрісіне жатады. Транспорттық қызметтерге қалыптасатын жүк тарифтері жүк тасымалдауға қажет қоғамдық қажетті шығындар деңгейін сипаттайды. Оның ақшалай көрінісі ретінде, транспорттық тариф қарастырылады. Транспорт тарифтері шығындар нормативі және пайда негізінде анықталады. Транспорттағы шығындар нормативі, халық шаруашылығының басқалай салаларындағы еңбек шығындарының көлемін бейнелейтін нормативтермен салыстырғанда, өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Ол өзгешеліктердің маңыздылығы сол, олар бастапқы – соңғы және қозғалысқа келтіру операцияларынан тұрады.
Бастапқы – соңғы операциялар тұрақта тұрған жылжымалы составты күту, жылжымалы составты жүкті тиеуге және жүкті түсіруге даярлау шығындарымен анықталынады. Бұл жөнінде, жүкті тасымалдауға даярлау жұмыстарын жүзеге асыру операциялары, әдеттегі өндірістік әрекеттен айырмашылығы болмайды. Олар, кез – келген өнеркәсіптік өндірістің соңғы сатысында орын алады. Мұнда жұмыстарды орындау шығындары әрбір кәсіпорындағыдай анықталады.
Қозғалысқа келтіру операциялары қатынас жолдарын, энергетика шаруашылығын, байланыс, темір жолдың сигнал беру жүйесін, поездың жүріс жолында жылжымалы составты күту шығындарымен байланысты.
Бастапқы – соңғы операциялар шығындары, жүкті белгіленген қашықтықта тасымалдаумен байланысты болмайды. Мұнда, тауарларды тасымалдаудың кеңістіктік факторлары орындалатын жұмыс көлеміне әсер етпейді, дегенмен, транспорттық құрал – жабдықтың қозғалысының тиісті сенімділігін қамтамасыз ету жағынан, жүкті тасымалдаудың қашықтығы ескеріледі.
Бастапқы – соңғы операциялардың негізгі сандық көрсеткіші, тасымалданатын жүктің салмағы болғандықтан, 1 тонна жүкке есептелінген шығындар тұрақты болады.
қозғалысқа келтіру операцияларының шығындары тасымалдау қашықтығына тәуелді. Ол 1 тонна жүкке есептегенде, тасымалдау қашықтығына байланысты тура пропорционалды көбейеді. Сонымен, тасымалдау шығындары бастапқы – соңғы операциялар шығындарымен қозғалысқа келтіру шығындарының қосындысынан қалыптасады. 1тонна жүкті тасымалдау өзіндік құны (ӨҚ) келесі формуламен есептелінеді:
ӨҚ = БСШ + ҚШ х Қ,
БСШ – 1т жүкке бастапқы – соңғы операциялар шығындары;
ҚШ - 1 т жүкті 1 км-ге тасымалдау шығындары;
Қ - қашықтық, км.
Осыдан, транспорттың жүк айналымының тонна – километрінің өзіндік құны, келесі формуламен есептеледі:
ӨҚ = БСШ / Қ + ҚШ.
Тасымалдаудың қашықтығы ұлғайған сайын, тонна – километрінің өзіндік құны арзандайды. Бастапқы – соңғы операциялар және қозғалысқа келтіру операцияларының барлық шығындарына пайда нормативін қосу арқылы нақты жүкті тасымалдау төлемінің шамасы алынады. Шығындарды қалыптастырудың бұл ерекшелігі, транспортта тарифтік ставкаларды анықтаудың технико – экономикалық негізі ретінде қарастырылады.
Клиент үшін транспорттық тариф, мүмкін болатын тиімділіктің маңызды көрсеткіші болып саналады. Дұрысында, жүкті жеткізу уақыты, тасымалдауға төленетін қаражатқа қарағанда кем емес роль атқарады. Қазіргі кезеңде, жүкті «дәл уақытында» жеткізуге ерекше мән беріледі, ол өндірістің нәтижелілігіне әсер етеді.
Су транспорты арзан, бірақ ол жүкті тасымалдауға көп уақытты қажет етеді. Автомобиль әлде авиация транспорты тарифтері неғұрлым қымбат, бірақ, басқалай бірдей жағдайларда, жолда болу уақыты неғұрлым аз. Тасымалдаудың бағасын қалыптастыратын осы секілді факторлар, транспорттық ұйымдар мен тапсырыс беруші клиенттер жағынан экономикалық қызығушылығының негізі болып саналады.
Тасымалдау шығындары әр жүктің өзіндік ерекшелігіне, оның «транспортпен тасымалдану қабілеттілігіне» тәуелді. Бұл сөз тырнақшаға алынғанымен, жүктің өзіндік сипаты осы сөзбен белгіленеді, өйткені оған жүктің негізгі сипаттамасы кіреді. Олар: жүктің көлемі, салмағы, қашықтыққа төзімділігі және жолдағы уақытқа әсерлестігі және т.б.
Транспорттың жекелеген түрлерінде тарифтер ерекше түрде белгіленеді. Су транспортында бастапқы – соңғы операциялар шығын мөлшері неғұрлым жоғары, ал автомобиль транспортында оның мөлшері ең төмен.
Қозғалысқа келтіру операцияларының өзіндік құны су транспортында неғұрлым төмен, ал автомобиль транспортында неғұрлым жоғары. Өйткені, сумен қозғалуға керек энергия шығындары, автомобиль жолдарымен қозғалу шығындарына қарағанда мүлдем аз.
Транспорттық шығындар деңгейі ел аймақтары бойынша өзгешеленеді. Транспорт шығындарының неғұрлым күшті саралануы су және автомобиль транспортында көрінеді, себебі, осы аталған транспорт түрлерімен тасымалдаудың өзіндік құнына табиғи – климат жағдайлары елеулі әсер етеді.
Тарифтік төлем ақы, белгілі – бір аралықтағы тасымалдаудың орташа қашықтығына есептелінеді. Тасымалдаудың орташа қашықтығы тарифтік белдеу деп аталынады. Белдеулер бойынша тарифтік төлем ақылардың жиынтығы тарифтік желіні қалыптастырады.
Жүк айналымы тонна- километрінің өзіндік құны жекелеген жүк түрлерінің өзіндік ерекшелігіне тәуелді. Аздаған үлес салмағы бар жүктерді тасымалдаудың өзіндік құны, ауыр салмақты жүктерге қарағанда едәуір жоғары. Тез бұзылатын өнімдерді тасымалдауға тарифтік қымбат төлем ақылар белгіленеді. Осы және басқалай факторларды есепке ала отырып, нақты жүк түрлері тарауларға, топтарға және бағыттарға бөлінеді.
Жүкті тасымалдау тарифтері түрлері бойынша және құрылу формасына байланысты бөлінеді. Түрлері бойынша тарифтер келесі тәртіппен ажыратылады:

  • жалпы тарифтер – көптеген жүктерге қолданылады;

  • ерекше тарифтер – жүк тасқынының жекелеген бағыттары бойынша;

  • жеңілдетілген – жүктің жекелеген түрлері бойынша қолданылады;

  • жергіліктік – жергілікті транспорт қатынастарында жүк тасымалы үшін қолданылады.

Құрылу формасына байланысты тарифтер кестелік тарифтер және желілік әлде схемалық болып бөлінеді. Кестелік тарифтер бұл белгіленген мекенге дейін 1 т жүкке, 1 вагонға төленетін төлем ақы. Желілік немесе схемалық тариф, бұл бастапқы – соңғы операциялар шығынын, қашықтықты және тоннажды (транспорттың көтеретін жүгінің салмағы ) есепке ала отырып, тасымалданатын жүкке төленетін төлем.
Темір жол транспортында тарифтік төлем ақы бастапқы – соңғы және қозғалысқа келтіру операцияларын бөлу арқылы екі ставкалы модель негізінде қалыптасады. Төлем ақылар вагонға, тоннаға, вагон – километрге, тонна – километрге есептелінеді.
Тарифтер вагон үлгісіне, оның тиістілігіне, вагонның жүк сыйымдылығына, тасымалдаудың ерекше жағдайларына, қашықтығына, жылдамдығына және басқа факторларға тәуелді.
Жүкті жөнелту түрі бойынша темір жол тарифтері вагон бойынша, контейнерлік, тоннажы аз, ұсақ жөнелтулер тарифтері болып бөлінеді. Вагон бойынша тарифтің негізі ретінде, вагонға сыйғанша тиеу нормасына есептелінген, вагон үшін төленетін төлем алынады. Вагонға кіре ақы төлемі, вагонды толтыру деңгейіне байланыссыз түрде алынады.
Темір жолда жолаушыларды тасымалдау тарифтері, жолаушыларды, багажды, жүк багажын тасымалдау үшін тағайындалған төлем ақы болып табылады.
Өнеркәсіптік темір жол кәсіпорындарының жұмысы мен қызметтеріне кесімді, мерзімдік, вагон – сағатқа километрлік тарифтер қолданылады.
Жолаушылар темір жол транспорты тарифтері келесі тасымалдау түрлеріне тәуелді: алысқа қатынайтын, жергілікті қатынайтын, қала маңында тасымалдау.
Алысқа қатынайтын жолаушылар поезды тарифтері поездың жылдамдығы мен вагон түріне байланысты сараланады.
2010 жылы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында Қазақстан, Беларусь, Ресей елдері арасында жасалған келісім аясында, 2011жылы маусым айында ҚР Парламенті Мәжілісі «Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.
Келісімнің мақсаты - Кеден одағына қатысушы әрбір мемлекет аумағы арқылы тасымалдарды жүзеге асыру кезінде темір жол көлігінің қызметтеріне тараптар мемлекеттерінің тұтынушыларының қолайлылығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан бөлек, заң жобасымен темір жол көлігі ұйымдары арасында экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау, сондай-ақ бір тарап мемлекетінің темір жол көлігінің ұйымдары екінші тарап мемлекетінің темір жол көлігі қызметтерінің ішкі нарығына қол жеткізуіне жағдай жасау шаралары қарастырылады. Келісім аясында 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден одағы шеңберіндегі үш тарифтің орнына біріздендірілген бір ғана тариф қолданылады.
Су көлігімен жүк тасымалдау темір жол транспорты тасымалдауына қарағанда бөлектенген жолдармен жүзеге асырылады да біртұтас транспорттық жүйені қалыптастырмайды. Ол жүк тасымалдау шығындары деңгейінен көрінеді және жеке пароход шаруашылығы жұмысы жағдайларының өзіндік ерекшеліктеріне әсер етеді.
Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарына кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары жатады. Iшкi су жолдары және оларда орналасқан кеме қатынасы үшiн пайдаланылатын кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстары мемлекет меншiгiнде болады.
Кеме қатынасы жолдарына кеме қатынасы үшін ашық ішкі су жолдары жатады. Кеме қатынасы су жолдарының тізбесі Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес белгіленеді. Iшкi су көлiктерiнде жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, заңға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және жүк тасымалдау шартына сәйкес жүзеге асырылады. Iшкi су көлiктерiнде жүк тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және ішкі су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметті жүзеге асыратын көлік түрі.
Су көлігінің артықшылығы сол, оның терең өзендердегі өткізу қабілеті жоғары, онымен тасымалдаудың өзіндік құны салыстырмалы төмен және ол күрделі қаржылардың аз мөлшерін қажет ететін сала болып табылады. Дегенмен, тасымалдау жылдамдығының төмен болуы, жолдың айналмалы, иреңі болуына байланысты тасымалдаудың арақашықтығының ұзақ болуы, маусымдық жұмыс су транспортын толық пайдалануға мүмкіндік бермейді. Су көлігі арқылы негізінен жүктің көлемді түрлері тасымалданады. Су көлігі арқылы жүк тасымалдау тарифтері пароход шаруашылығы, тасымалдау түрлері және жүк түрлеріне байланысты бөлінеді. Су көлігі арқылы жүк тасымалдау тарифтері жүк түрлері және жөнелту түрлері – кеме, контейнер, жиналған және ұсақ бойынша сараланады. Негізгі тариф кемемен тасымалға белгіленеді. Контейнерлік тасымалдау төлемдері контейнердің жүк көтерімділігіне белгіленеді, мұнда нақты тиеу мөлшері есепке алынбайды.
Жолаушыларды ішкі су көлігімен тасымалдау тарифтері қозғалыс жылдамдығы, өту жағдайлары, қатынас түрлері, жол жүру ұзақтығы, қолдану өрісі, қалыптасу принципіне байланысты классификацияланған.
Жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртiбiн және түрлерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Жолаушыларды тасымалдау қатынас түрлеріне қарай: халықаралық, республикаішілік тасымалдау болып бөлінеді.
Әкімшілік-аумақтық белгісіне қарай жолаушылар мен багажды республикаішілік тасымалдау: облысаралық, ауданаралық, ауданішілік, қала маңындағы, қалалық тасымалдау болып бөлінеді.
Жалпы және әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар бөлінеді. Ол – халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағатандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау болып саналады.
Порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiне бағалар, тарифтер және олардың шектi деңгейi мемлекет тарапынан белгіленіп, реттеледі.
Мемлекет белгiлейтiн порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiне кiрмейтiн қызмет көрсетулерге ақы төлеудiң мөлшерi жасалған шарттармен белгiленедi. Теңіз көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифін белгілегенде кеменің жабдықталғандығы, орын категориясы және каютадағы қосымша қолайлы жағдайлар ескеріледі. Қарапайым су ығыстырғыш кемелердегі тарифтер ұйықтайтын және отыратын орындарға есептелінеді.
Автомобиль көлігіне жүк тасымалдауда жылдамдық және шапшаңдық тән. Оның артықшылығы – ол жүкті қоймадан сатып алушының қоймасына қайта түсіру, тиеусіз жеткізеді. Автомобиль көлігінің тиімділігі тасымалданатын жүк түріне және жол жүйесінің жағдайы мен дамуына тікелей байланысты. Автомобиль көлігіне қалыптасатын жүк тарифтері басқалай көлік түрлерінде ескерілетін жалпы принциптер негізінде қалыптасады. Тарифтер тасымалдаудың өзіндік құнын өтей отырып, автокөлік кәсіпорындарына нарықтық экономика жағдайында бірқалыпты жұмыс жасау үшін пайда табу мүмкіндігін тудыруы қажет. Автомобиль тасымалдарының өзіндік құны басқалай көлік түрлеріне қарағанда жоғары, ол автокөліктің жүк көтерімділігінің аз болуымен, қозғалысқа келтіру энергия шығындарының көп, еңбек ақы шығындарының жоғары болуымен сипатталады. Тасымалдаудың өзіндік құны жол-табиғат жағдайларының өзгешеліктері, жүк түрі, жүк тасқыны жылжымалы құрамның түріне байланысты ауытқиды. Автомобиль тасымалдарының өзіндік құнына еңбек ақы деңгейінің аймақтық өзгешелігі, автобензиннің және дизель жанар жағар майының бағалары әсер етеді. Автомобиль көлігінің жүк тасу тарифтері кесімді, мерзімді, қалааралық және халықаралық жүк тасымалы тарифтеріне бөлінеді. Жүк тасымалындағы кесімді тарифтер тарифтің негізгі түрі болып саналады. Олар жүктің барлық түрін тасымалдауға қолданылады. Тасымалдаудың қашықтығын және тасымалданатын жүктің мөлшерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда мерзімді тарифтер қолданылады. Автомобильдің жүк сыйымдылығына байланысты мерзімді тарифтер автомобильдің жұмыс жасаған әрбір сағатына және қашықтықтың әр километріне анықталады. Автомобильдің жұмыс жасау жағдайына байланысты кесімді әлде мерзімді тарифтерді пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, мысалы машинаның, жұмысқа және кері, бос жүрісінде километр бойынша тарифтер қолданылады. Автомобильдің жүк сыйымдылығына байланысты километр бойынша тарифтер сараланады. Автомобиль көлігі тарифтеріне, жүкті, тасымалдауының өзіндік құны жоғары, арнайы автомобильдермен тасымалдағаны үшін, қосымша үстемелер қосылады. Автомобильдің жүк сыйымдылығын пайдалану коэффициентін арттыру үшін тарифтерге шегерімдер қолданылады. Автомобиль көлігінде жүкті тиеу-түсіру жұмыстары, қоймадағы қызмет көрсету, жүкті жөнелту сияқты қосымша операциялар үшін төлемдер алынады. Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау тарифтері және олардың шектi деңгейi мемлекет тарапынан тасымалдаудың өзіндік құнын және қажетті пайда алу деңгейін ескере отырып белгіленеді және реттеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет