«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен



бет59/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   130
Байланысты:
Saginova-Baga-j-baga-bel (1)

10.2. Көлiк қызметмемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi.
Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады. Оны Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады. Осы мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi:
-Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;
-көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
-Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеуге қатысу;
-көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзiрлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;
-республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға байланысты қызметтерге деген қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
-көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;
-мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;
-Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.
Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарығы қалыптастырады.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады. Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады.
Рентабельдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын субсидиялауды бюджет қаражаты есебінен:

  • қала iшiндегi, аудандық маршруттар кезiнде - қалалық, аудандық бюджеттерден;

  • ауданаралық қатынас кезiнде - облыстық бюджеттен субсидия берудi қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi.
Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
«Қазақстан Республикасының ішкі су жолдары бойынша жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, сатылатын жүктерді есепке алу мен олар үшін есеп айырысу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 28 маусымда № 224 – 1 Бұйрығымен Су көлігі департаментінің негізгі ережелері бекітілген. Осы құжатқа сай жолаушыларды Қазақстан республикасының ішкі су жолдары бойынша тасымалдау, тасымалдаушы ұсынатын оның шарттарына, ұзақтығына, ұзындығына және сапасына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: көліктік, туристік, экскурсиялық. Тасымалдаудың барлық түрлерінде жолаушыларды тасымалдау жол жүру билетімен және багаж түбіртегімен ресімделеді.
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктердi тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызметтерге көлiк қызметiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi және шарттық тарифтер белгiленедi.
Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын, мемлекет шегiнде бiрыңғай тарифтер белгiленуi мүмкiн.
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы:
- тасымалдау құқығын қамтамасыз ететiн лицензия алуға;
- клиентпен белгiленген нысанда шарт (келiсiм-шарт) жасасуға;
- сәйкестікті растау саласындағы құжаттары бар көлiк құралдарын беруге;
- клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге;
- жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
- қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
- көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етуге;
- жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды алуға;
- мемлекеттiк және жергiлiктi өкiлдi әрi атқарушы органдардың әлеуметтiк маңызды және қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыру жөнiндегi талаптарын орындауға (егер бұл тасымалдар бағасы көлiк шығындарын өтемеген жағдайларда, тиiстi өтем дотациясы берiлуге тиiс);
- Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.
Тасымалдаушының, реттелетiн тасымалдарды қоспағанда, баға белгiлеу ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар.
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары, тараптардың тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөнiндегi жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ тасымалдау шарттарымен белгiленедi.
Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу қол технологиясы бойынша немесе АБЖ терминалының көмегімен жүргізіледі.
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында және электрондық жүйесі арқылы жүргізіледі. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) талап ету орны бойынша жеткізу қосымша ақы үшін жүзеге асырылады.
Жолаушылар поездарында топталған тасымалдауды жүзеге асыру үшін орындарды резервте сақтау, брондау үшін тариф (бағасы, алым ставкасы) алынады.
Бөлінген орындардан бас тартқан жағдайда тариф (бағасы, алым ставкасы) қайтарылмайды. Жол жүруден бас тартқан жағдайда жолаушы жол жүру құнын плацкарттың құнын алып тастап, қайтарып ала алады.
Ауданаралық және ішкі қатынаста жол жүруге абонемент билеттері сатылады.
Абонемент билеттері барлық қала маңындағы поездарда оларда көрсетілген барлық станциялар арасында жол жүруге құқық береді.
Ауданаралық және ішкі қатынастың абонемент билеттері 1 айға - 45 рет жол жүру, 2 айға - 90 рет жол жүру, 3 айға - 135 рет жол жүру, 4 айға (маусымдық) - 180 рет жол жүру, 6 айға (жартыжылдық) - 270 рет жол жүру және 1 жылға (жылдық) - 540 рет жол жүруге жарамдылық мерзімімен шығарылады. Барлық түрлі абонементтік билеттерін алдын ала, яғни билеттің жарамдылық мерзімі басталғанға дейін (30 тәулік ерте) сатуға болады. Осындай жағдайда билеттің жарамдылық мерзімі басталатын күнмен белгіленген компостерлік белгі басылады. Абонемент билеттерінің құнын тасымалдаушы белгілейді.
Жеке учаскелер шегінде көліктік емес ұйымдар қызметкерлерінің қызметтік қажеттіліктері бойынша жол жүруі үшін тасымалдаушы белгіленген нысандағы талон билеттерін сатуды жүргізеді. Талон билеттері билетте көрсетілген мерзімге және берілген учаскелер шегіне ғана жарамды. Әрбір талон бір жол жүруге және бір бағытқа ғана (бару немесе қайту) жарамды. Кері қайту кезінде келесі талон ұсынылуы тиіс. Талон билетінің құны учаске қашықтығына қарай және талон билеті берілетін вагон түрі мен поезд санатының тарифі бойынша билеттегі талондардың санына сәйкес есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет