«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Өзгеше жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау ерекшеліктері



бет66/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   130
Өзгеше жылжымайтын мүлік объектілерін бағалау ерекшеліктері.Ауыл шаруашылығы жер-суы ретінде пайдаланылатын жер учаскелерін бағалау үшін ренталық табысты айқындаудағы жалпы табыс ауылшаруашылық дақылдарының типтік өнімі динамикасын оны нарықты сату бағасын талдау негізінде, яғни жер учаскесінің шекараларында топырақтың құнарлылығына, тиісті агроөндірістік топырақ топтары бойынша дақылдың өнімділігіне сәйкес есептеледі. Ренталық табысты есептеу уақытында ескерілетін шығындар өңірлік нарыққа тән болып табылатын өндірістік шығындар мен өндірушінің кірісін қамтиды.
Орман өсімдігімен жабылған және орман өсіруге арналған жер учаскелерін бағалау үшін ренталық табыс орман ресурстарын пайдаланудан болжам жасалатын жалпы табыстан кесу айналымы кезеңінде өндірушінің өндірістік шығындары мен кірістерін шегеру жолымен есептеледі.
Шекараларында шаруашылық қызмет үшін пайдаланылатын табиғи және жасанды жабық тоғандар орналасқан жер учаскелерінің құны, жақсартылған жерлері бар жер учаскелерін бағалауды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен айқындалады.
Құрылысы аяқталмаған объектілердің құны - шығындық, салыстырмалы амалдарды қолдана отырып, сондай-ақ барлық әдістемелік амалдарды біріктіру жолымен айқындалады.
Әдістемелік амалдар біріктірілген жағдайда аяқталмаған құрылыс объектісінің құны, оның құрылысы аяқталғаннан кейін өте тиімді пайдалану және пайдалануға енгізу шартымен бағалау объектісінің болжанып отырған нарықтық құны мен құрылысты аяқтауға және осы объектіні пайдалануға енгізуге келтірілген шығындардың ағымдағы құнының арасындағы айырым ретінде айқындалады.
Жылжымайтын мүліктің табиғи объектілерінің құны иесі, баланс ұстаушы, пайдаланушы үшін олардың пайдалылығын талдау нәтижелерінің негізінде және осы объектілерді пайдалануға қатысты заңнамада белгіленген шектеулер ескеріліп айқындалады.
Таратқыш құрылғылардың құны шығындық және табыстық амалдарды қолданып айқындалады. Табыстық амал осындай жылжымайтын мүлікті пайдаланғаны үшін төлемді ескеруге негізделеді.
Тарихи мүлік объектілерін бағалау келесі реттілікпен орындалады:
- бағалау объектісі сәйкестендіріледі: осы тарихи объект: ескерткіш, ғимарат немесе учаске жататын топ айқындалады;
- меншік құқығы сәйкестендіріледі;
- халықаралық, ұлттық немесе өңірлік сынды тарихи мәртебені тіркеу деңгейі айқындалады;
- тарихи мүлікті қорғауға байланысты белгіленген шектеулер зерттеледі;
- тарихи мүлік объектілері иеленетін артықшылықтар мен шектеулерді ескере отырып, бір немесе бірнеше әдістермен бағалау жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет