Есеп 1.
Кәсіпорын айнымалы баға жағдайында белгілі бір жабдықты өндіруге тапсырыс алды. Тапсырысты алу мерзімі -2008 жыл, жабдықты дер кезінде жасап, жеткізу уақыты 2009 жыл. Жабдықтаушының ұсынған айнымалы жағдайы, бағаны келесі құрамдас бөліктерге бөледі:
материалдар құны - 55%;
еңбек ақы шығындары -30%;
тұрақты шығындар - 15%;
2008-2009жылдары материалдардың құны 16%-ке, еңбек ақы деңгейі 30 пайызға артады. Базистік баға ретінде 100 шартты өлшемді алып, өзгерген көрсеткіштерді есепке ала отырып, бағаның өсу пайызын анықтаңыз.
Шешімі: Р = 100 x ( 0,55 x 1,16 + 0,30 x 1,30 +0,15) = 118
Баға өсімі 18% құрайды.
Есеп- 2. Тіркемесі бар автомобиль 1,5 млн теңге тұрады. Автомобиль тіркемеден 1,3 млн теңгеге қымбат. Автомобиль мен тіркеме, жеке-жеке алғанда қанша тұрады?
Шешімі: Автомобиль мен тіркеменің құнын А және Т деп белгілеп, келесі тепе- теңдікті аламыз:
А + Т = 1,5 млн теңге
А – Т = 1,3 млн. теңге
Тепе теңдіктің оң және сол жақ бөлігін қосатын болсақ, 2А = 2,8 млн теңге
Олай болса, А = 1,4 млн теңге, Т = 0,1 млн. теңге.
Есеп -3 «Казахстан» кинотеатрында кино қарауға келетіндер саны орташа есеппен төмендегідей: егер билеттің құны 550 теңге болса 200 көрермен, 400 теңге болса 300 көрермен, 300 теңге болса 500 көрермен келеді. Кино көрсететін залдың сыйымдылығы – 800 адам.
Неғұрлым мол табыс алу үшін билетті қандай бағамен өткізген дұрыс?
Шешімі: Есепте берілген нақты деректерді кесте арқылы сипаттайтын болсақ:
Кесте 10
Билет бағасы, теңге
Көрермендер саны, адам
Өткізуден түскен түсім,
мың теңге
550
200
110
400
300
120
300
500
150
200
800
160
Кестенің деректері көрсетіп тұрғандай, билеттің бағасы арзандаған сайын, көрермендер саны көбейеді және өткізуден түскен түсім артады. Ұтымды баға 200 теңге.
Есеп – 4. Тұрмыста кеңінен қолданылатын, көтерме сауда бағасы 12000 теңге ет турағыштың орнына шығарылған, жаңа ет турағыштың өткізу бағасын анықтаңыз? Ет турағыштың негізгі техникалық параметрі, бұл оның ет өткізудегі өнімділігі (кг/сағ). Жаңа ет турағыш өнімділігі 15кг/сағ, ал ескі ет турағыш өнімділігі 7 кг/сағ.