«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар



бет94/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   130
Есеп 10.
Кестеде А,Б,В тауарларын өткізу мөлшері және бағасы мәліметтері берілген.
Бағаның жеке индекстерін есептеңіз.
Ласперс, Пааше және Фишер формулалары бойынша бағаның агрегаттық индексін есептеңіз.
Алынған нәтижелерді талдаңыз.
Кесте18

Тауар

өлшем бірлігі

1 – ші кезең

2 – ші кезең

Бір өлшем бағасы

Өткізу мөлшері

Бір өлшем бағасы

Өткізу мөлшері

А

М.

1000

100

1155

92

Б

Кг.

350

220

391

258

В

дана

500

330

480

412

Есеп 11.

Кестеде А,В,С,Д тауарларының есепті кезеңдегі тауар айналымы және тауарды өткізу көлемінің өзгерісі (есепті кезеңді базистік кезеңмен салыстыру арқылы) мәліметтері берілген.


Кесте 19

Тауар түрлері

Есепті кезеңдегі тауар айналымы

Есепті кезеңді базистік кезеңмен салыстырғандағы өткізу көлемінің өзгерісі,%

А

185

- 10

В

255

+15

С

200

+10

Д

100

өзгеріссіз

Анықтаңыз:


Төрт тауар бойынша бағаның жалпы индексін және бағаның өсу есебінен есепті кезеңдегі тауар айналымының абсолюттік өсімін;
Алынған нәтижені талдаңыз.


Есеп 12.
Тауар айналымы және өткізілген тауарлардың мөлшерінің (санының) өзгерісі мәліметтері берілген:
Кесте 20

Тауар тобы

Есепті кезеңдегі өзгеру мөлшері,%

Базистік кезең тауар айналымы, мың теңге

Есепті кезең тауар айналымы,
мың теңге

Ет және құс

+ 15

6500

11256

Балық

- 5

2500

3460

Май

+12

3400

3056

Көкөніс

+3

1850

2000

Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, бағаның жалпы индексін, физикалық көлем және тауар айналымы индексі анықтаңыз.




Есеп 13.
Құс шаруашылығы бойынша бір дана жұмыртқаны өткізу бағалары берілген. Олар әр айдың басында тіркелген:

қаңтар

ақпан

наурыз

Сәуір

мамыр

маусым

13,52

13,59

14,29

14,26

11,18

8,88

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

7,72

8,37

11,36

13,24

13,12

13,39

Бір дана жұмыртқаның жарты жылдықтағы орташа өткізу бағасын және бір жылдағы орташа өткізу бағасын анықтаңыз?




Есеп 14.
Құс шаруашылығы бойынша ет өнімдерін өткізу бағасы (кг/ теңге) берілген.

қаңтар

наурыз

Сәуір

мамыр

шілде

258,64

277,72

289,13

282,85

294,20

Құс етінің қаңтар – шілде аралығындағы орташа шамасын анықтаңыз?




Есеп 15.
Құс шаруашылығы өнімі жұмыртқаның жылдық орташа бағасын анықтаңыз? Егер, 1 қаңтарда, оның бір данасының бағасы 13,52 теңге құраса, ал 15 наурызда оның бағасы 1,1%-ға өсті, ал 1-ші шілдеден бастап, ол 56%-ға төмендеді. Бір жылдағы тауар айналымы – 691 828 мың теңге, 1- кварталда- 231786 мың теңге, соның ішінде наурыз айында – 93528 мың теңге, 2 – кварталда 174 460 мың теңге, шілде айында 45 919 мың теңге.


Есеп 16.

Құс шаруашылығы өнімдері бойынша тауар айналымы және өнім түрлері бойынша баға деңгейі өзгерісі берілген:



өнім түрлері

Тауар айналымы, мың теңге

Есепті кезеңдегі баға өзгерісі, % есебімен

Базистік кезең

Есепті кезең

Жұмыртқа

760

692

- 18

Құс еті

42

48

+ 6

Өткізілген құс басы

5

6,5

+ 16

Анықтаңыз:



  • бағаның жалпы индексін;

  • баға деңгейінің арзандауына байланысты халықтың үнемдеген мөлшерін;

  • тауар айналамының жалпы физикалық көлем индексін;

  • нақты баға бойынша тауар айналымы динамикасы көрсеткішін;



8.Транспорт тарифтері


8.1. Әдістемелік нұсқауы бар есептер.


Есеп - 1
Өндірістік және сауда кәсіпорындарының тиімді әректін қамтамасыз ету мәселелерінде транспорттық шығындардың атқаратын ролі зор.
Шикізат, жартылай фабрикаттар, дайын өнімді тасымалдау қызметін әр түрлі транспортпен қамтамасыз етуге болады. Дегенмен, нақты бағыт бойынша тасымалдау альтернативті варианттарды ұсынатындығын ұмытпаған жөн. Автомобиль және авиация транспорты ішкі қатынастарда бос тарифтерді ұсынады, яғни тарифтерді фирмалар өзі қалыптастырады. Ал, жүкті темір жолмен тасымалдау, порт, аэропорт, транспорт терминалдарының қызметтері, су транспортымен ішкі жүк және жолаушыларды тасымалдау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет тарапынан реттеледі.
Нақты бағыт бойынша тасымалдау тіке қатынас бойынша (темір жол транспортымен), аралас қатынас бойынша (су, темір жол транспортымен ) жүзеге асырылады. Едәуір алыс қашықтыққа жүк тасымалдағанда автомобиль және темір жол транспортын пайдаланады, өйткені кез- келген фирма кіріс темір жолдарына ие емес.
Жүктің иесі үшін, келесі жағдайлар маңызды: жүктің мүлтіксіз сақталушылығы, уақытында жеткізілуі, транспорт шығындарының аз болуы.
Өндірістік және сауда кәсіпорындарының залалсыз жұмыс жасау мәселелерін шешуде де транспорт шығындарына ерекше мән беріледі.


8.2.Өз бетімен шығаруға арналған есептер.


Есеп – 1.
Транспорттық қызмет көрсететін кәсіпорын бір автомобильге, бір жылға болжау жасады.

  • Пайдалы жүру қашықтығы – 40 000 км.

  • Табыс – 1 500 000 теңге

  • Біртұтас еңбек ақы шығындары –240 000 теңге

  • Біртұтас бос тұру шығындар -32 000 теңге

  • Біртұтас эксплуатациялық шығындар –35 000 теңге

Табыс мөлшері және эксплуатация шығындары пайдалы жүру қашықтығына тікелей тәуелді болады.
Орташа өзгермелі шығындар =35 000 : 40 000 = 0,87тенге /км.
Тұрақты шығындар = 240 000 + 32 000 =272 000 теңге
Эксплуатация жағдайлары жүру қашықтығына байланысты өзгеріске ұшырайды,

Кесте 21





Пайдалы жүру қашықтығы,км

20 000

40 000

48 000

Эксплуатациялық шығындар, теңге
өзгермелі

0,87х 20 000 =
17 400

0,87 х 40000 =
34800



0,87 х 48 000 =
41 760

тұрақты

272000

272 000

272 000

Барлығы

289400

306 800

1 426 000

Табыс, теңге

37,5 х 20 000 =
750 000

37,5 х 40 000 =
1 500 000

37,5 х 48000 =
1 800 000

Пайда, теңге

- 340 000

170 000

374 000

Баға = 1 500 000 : 40 000 = 37,5 теңге / км


Залалсыздық нүктесі = 272 000 : (1 – 0,87) = 35, 4 мың км.


Пайдалы жүру қашықтығы –25 000 км деп жорамалдайық. Еңбек ақы шығындары жылына 192 000 теңгеге дейін қысқарды. Сонда:
Орташа өзгермелі шығындар =35 000 : 40 000 = 0,87тенге /км.
Тұрақты шығындар = 192 000 + 32 000 =224 000 теңге
Залалсыздық нүктесі = 224 000 : (1 – 0,87) = 29, 1 мың км.


9. Еңбек нарығындағы баға белгілеу.


9.1.Әдістемелік нұсқауы бар есептер.


Есеп - 1
Қызметкерге келісім шарт бойынша бірінші күні – 1000 теңге, екінші күні – 2000теңге, үшінші күні – 3000 теңге және тағысын тағы жалақы төленеді. 100 күнде қызметкер қанша жалақы алады? (Тез және ауызша шығаруға тырысыңыз.)


Есеп -2
Еңбек ақыны ұйымдастыру тәжірибесінде жалақының негізгі екі формасы қолданылады, олар кесімді және уақыт бойынша жалақы.
Еңбек ақының кесімді формасы жүйелерге келесі әдістер негізінде бөлінеді:
еңбектің кесімді ақысын есептеу (тікелей, жанама, үдеме, аккордты);жеке әлде бригадалық ақыны есептеу;материалдық мадақтау ( жай және сый ақы).
1.Тікелей кесімді жалақыны есептеуде жалпы кесімді жалақы келесі формула бойынша есептеледі:


З = Р х Q,


мұндағы Р – бір данаға есептелінген кесімді баға, тенге.;


Р = Тс х Ну, әлде Р = Тс / Нөн,
мұндағы Тс – жасалынатын жұмыс разрядының тарифтік ставкасы;
Ну – уақыт нормасы;
Нөн - өнімділік нормасы;
Q – орындалынған жұмыс көлемі.
Мысалы, А бұйымына IV – разряд бойынша уақыт нормасы – 55,48 мин., және Б бұйымына V – разряд бойынша уақыт нормасы – 5,22мин., ал тарифтік ставкасы IV – разряд бойынша 47 теңге 50тиын және V – разряд бойынша 53теңге 60 тиын. Осы деректерге сәйкес, бір данаға есептелінген кесімді баға:
РА =( 55,48 / 60) х 47,50 = 43,92 теңге;
РБ = (5,22 /60 ) х 53,60 = 4,66 теңге.
2.Жанама кесімді ақы, жұмысына қарай кесімді ақы алушы жанама жұмысшының, қызмет көрсететін қызметкерлерінің тарифтік ставкасы және нормаланған жұмыс мөлшері арқылы есептелінеді.
Рк = Тс / Q,
мұндағы Тс - тарифтік ставка, теңге;
Q - нормаланған жұмыс мөлшері.
3.Кесімді – үдемелі еңбек ақы жүйесі. Мұнда, қызметкердің еңбегі белгіленген негізгі норма шеңберінде тікелей кесімді ақы бойынша төленеді, ал белгіленген негізгі нормадан тыс еңбек мөлшері арттырылған кесімді ақы бойынша төленеді.
4.Аккордты еңбек ақы төлеу жүйесінде, аккордттық жалақы жиынтығы (Жак), келесі формуламен есептелінеді:
Жак =ΣРак х Q,
Еңбекті жеке формасында аккордты кесімді ақы келесі формуламен анықталады
Рак = Σріqі,
Еңбектің коллективтік формасында –
Рак = (Σріqі) / Q,
мұндағы, рі – жұмыстың і – түріне төленетін ақы, теңге;
qі - жұмыстың і – түрінің табиғи өлшемдегі мөлшері;
Q – ақырғы нәтиже бойынша табиғи өлшеммен алынған жұмыстың жалпы мөлшері.
Аккордты жүйе шеңберінде тапсырманы орындау мерзімін қысқартқаны (жеделдеткені) үшін сый ақы төленеді. Еңбек ақының бұл жүйесі аккордты –сый ақылы деп аталынады.
5.Уақыт бойынша еңбек ақы төлеу жүйесінде, уақыт бойынша қарапайым және , уақыт бойынша сый еңбек ақы төлеу бөлінеді.
Қызметкердің еңбек ақысы (ЕАуб) келесі формуламен есептеледі:
ЕАуб = Тс t,
мұндағы, Тс - сағаттық тарифтік ставка, теңге;
t - өтелген жұмыс уақыты.
Мысалы: V – разрядтағы мерзімді жұмысшы қыркүйек айында 158 сағат жұмыс істеді. Бұл разряд бойынша сағаттық тарифтік ставка 110,35 теңге.
Мерзімді жұмысшының жалақысы:
110,35 х 158 = 17435 теңге 30тиын
Уақыт бойынша сый еңбек ақы төлеу жүйесінде, жұмысшының уақыт бойынша қарапайым жүйемен есептелінген жалақы деңгейіне, алдын – ала белгіленген көрсеткіштер бойынша, жұмыста қол жеткізген табыстары үшін, қосымша сый ақы төленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет