«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Өз бетімен шығаруға арналған есептер



бет95/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   130
9.2.Өз бетімен шығаруға арналған есептер.


Есеп - 1
Жұмысшының айлық жалақысын қарапайым кесімді еңбек ақыны есептеу тәсілін пайдалана отырып, келесі деректер негізінде есептеңіз:

  • Өндірілген өнім мөлшері: бұйым А – 200 дана, Б – 1000 дана.

  • А бұйымына IV – разряд бойынша уақыт нормасы – 55,48 мин., және Б бұйымына V – разряд бойынша уақыт нормасы – 5,22мин.,

  • тарифтік ставкасы IV – разряд бойынша 105,12теңге және V – разряд бойынша 110,35теңге.



Есеп -2
Жұмысшының айлық жалақысын қарапайым кесімді еңбек ақыны есептеу тәсілін пайдалана отырып, келесі деректер негізінде есептеңіз:

  • Өндірілген өнім мөлшері: бұйым А – 500 дана, Б – 1500 дана.

  • Өңдеуге жұмсалынатын уақыт нормасы: бұйым А – 58,22 мин. IV – разряд бойынша және бұйым Б – 6,15мин. V – разряд бойынша.

  • IV – разряд бойынша тарифтік ставка 49,12теңге және V – разряд бойынша тарифтік ставка – 55,32теңге.



Есеп -3
Жанама кесімді жүйе бойынша төленетін жұмысшының айлық жалақысын есептеңіз. Бір күндік тарифтік ставкасы 1500 теңге қызметкер екі объектіге қызмет етеді. Олар, сменалық өндірістік тапсырмасы 1000 кг өнім болатын қызметкерлер бригада және сменалық өндірістік тапсырмасы 500 кг өнім болатын бригада. Жұмыс жасаған бір айдың ішінде, бірінші бригада 32 т өнім, ал екінші бригада 15 т өнім өндірді.


Есеп -4
Қызметкердің бір айлық толық жалақысын анықтаңыз. VI разрядтағы жұмысына қарай кесімді ақы алушы жұмысшы, өз жұмысын 120% - ке орындады. Оның жалақысы тікелей кесімді ақы бойынша 18000 теңге құрады. Зауыттың ішкі ережелеріне сай, 105% нормадан тыс өндірілген өнім үшін, кесімді ақы 1,5 есеге арттырылады.
Есеп - 5
Аккордты – сый ақылы еңбек ақы жүйесі негізінде, жалақы деңгейін анықтаңыз.
Калькуляцияға сай аккордты наряд бойынша жалақы сомасы 45 мың теңге. Жұмысты орындау уақыты – 60 күн. Тапсырманы орындауды жеделдетудің әр пайызына 1% сый ақы төлеу жоспарланған. Бригада жұмысты 55 күнде жасап бітірді.


Есеп - 6
V – разрядтағы мерзімді жұмысшы бір ай ішінде 162 сағат жұмыс істеді. Ол 10 мың теңгенің материалдарын үнемдеді. Сый ақы төлеу ережесіне сай, үнемделген сомадан 40% сый ақы төленеді. Жұмысшының сағаттық тарифтік ставкасы 110,35теңге.
Жұмысшының айлық жалақысын есптеңіз.
Есеп - 7
Инженердің лауазымдық айлық еңбек ақы мөлшері 65мың теңге. Оған сый ақы төлеу ережесі негізінде әр ай сайын 50% сый ақы төленеді. Бір ай ішінде ол 18 күн жұмыс істеді, оның 3 күні командировкада болды. Сонымен қатар, бір ай ішіндегі 22 жұмыс күнінде ол сырқаттанды.
Инженердің бір айлық жалақысын анықтаңыз.


Есеп - 8
Бригаданың бір ай ішіндегі жалақысын анықтаңыз. Бригадада үш жұмысшы бар. Бірінші жұмысшының күндік тарифтік ставкасы 645,28 теңге, екіншісінікі – 602,30 теңге, үшіншісі – 552 теңге. Бригаданың сменалық жұмыс көлемі – 3000 кг өнім. Бір ай ішінде бригада 70 мың кг өнім өндірді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет