154
Тверь қаласы көшелерінде Нұрмұхан Жантөринді халық «Сұлтан Бейбарыс!.. Сұлтан Бейбарыс!..»
–
деп қошеметтеп, қолпаштап тұрып алған екен.
Нұрмұхан Жантөрин
«Қазақфильм»
,
«Қырғызфильм»
,
«Өзбекфильм»
,
«Мосфильм»
,
«Ленфильм»
, т.б.
көптеген
киностудиялармен шығармашылық байланыста болды.
Сондай-ақ,
«Еңлік–Кебектегі» Абыздың Н.Жантөрин
жасаған философиялық бейнесі
сахнада
сирек кездесетін
құбылыс. Ол қандай рөлді ойнаса да ой мен әрекет тұтастығын
таба білді, кейіпкерінің бойына өзінше жан бітіруге талпынды.
М. Бегалиннің «Оның уақыты келеді» (1957 ж.) фильмінде
Шоқан Уәлиханов образымен өнер күмбезіне жүлдыздай
жарқырап шықты. В.Мажурин қойған М.А. Булгаковтың
«Мольер» қойылымы Жантөриннің асқан шеберлікпен ойнауы
арқасында Мәскеу театр сүйер қауымын дүр сілкіндірді, – деп
еске алады актриса Лейло Бекназар-Ханинга.
Пайғамбар жасына қараған шағында о дүниелік
болған
актер: «
Мендегі бар қымбат нәрсені осынау жарық дүниеге тастап кеткім келеді-ақ. Әлі көп нәрсе
істегім келеді…
Жұмыс жасағым келеді...» – деген арманын жазады. Бүгінгі ұрпақтың актерді әлі
күнге дейін ұмытпауы, үлгі тұтуы, құрметтеуі бұл арманның орындалғаны деп білеміз...
Достарыңызбен бөлісу: