Назаров орынбек
«БАЗИС» компаниясында арматурашы
болып 2011-ші жылдан істеп келеді. оның
құрылыстағы еңбек өтілі 30 жылдан асады.
тілеулес Бадайұлы Әділбаев
монолит құюшы-бетон құюшылар бригадирі.
Командасымен Алматыдағы «Royal
Gardens» тК жұмыс істеуде. «БАЗИС»
компаниясындағы еңбек өтілі – 10 жыл.
Сахмулдинов Серікхан
«Royal Gardens» тК участоктың тас қалау
жұмыстары жөніндегі бастығы болып
еңбек етеді. «БАЗИСтің» қашанда алдыңғы
қатарлы құрылыс компаниясы екендігін
мақтан тұтады.
Сапаров Серік,
Астанадағы «Сити-Палас» СоК монолит
құюшылар бригадирі. оның қатысуымен
Астанадағы ең әсем де маңызды нысандар
салынды.
томкаев таубай
Алматыдағы «Royal Gardens» тК тас қалаушы
болып жұмыс істейді. Әріптесіміз құрылыс
саласында 1999-шы жылдан бері еңбек етеді.
Зейнет жасына қарамастан құрылыста тағы
бірнеше жыл жұмыс істемек ниеті бар.
қадыров Шәймерден Әбуұлы
Астанадағы №5 қМБ жол салу жұмыстары
жөніндегі участок бастығы. Компанияда 16
жылдан бері еңбек етеді. құрылыстағы жалпы
еңбек өтілі – 30 жыл. қазір еХро нысандары
аумақтарын абаттандырумен айналысуда.
данияр құсайынов
Астанадағы «Сити-Палас» СоК прорабы.
8 жыл ішінде ол компаниямыз ғимараттар
салып жатқан Алматы, Астана мен басқа да
өңірлердегі нысандарда жұмыс істеп үлгерді.
– Құрылыста 40 жылға жуық еңбек етемін.
Бала күнімде көптеген қатарластарым секілді мен
де ұшқыш болуды армандадым, Ригадағы жоғарғы
оқу орнына түскім келген, алайда, ата-анам жібер-
меді. Құрылыс институтына оқуға түстім, себебі,
өзге мамандықтар ұнамайтын. Кеңес уақытын-
да бүкіл Одақты араладым – түрлі қалаларда бес
жылдық жоспар бойынша үйлер салдым (әйгілі
«бесжылдықтар»). 2008-ші жылы «БАЗИС-ке»
жұмысқа тұрдым. Бұл – өте жақсы компания! Мен
көптеген ұйымдарда жұмыс істедім, сондықтан,
салыстыра аламын. Мұнда мен тұрақтылық пен
адамдарға деген жақсы қарым-қатынасты таптым.
Бізде жақсы компанияда болуы тиіс барлық жеңіл-
діктер бар – құрылысшылар күніне орай сыйақы-
лар, мақтау қағаздары беріледі. «БАЗИС» компа-
ниясының құрмет грамоталарымен және қалалық
наградалармен марапаттадым. Құрылысшы – бұл
ерлердің кәсібі. Мамандығымды мақтан тұтамын.
– Мен құрылыс институтын тәмамдадым,
электрик мамандығын алдым да «БАЗИС» ком-
паниясына жұмысқа келдім. Мұнда жұмыс істеп
жатқаныма – екі жыл. ЕХРО-баспана – еңбек
жолымдағы бірінші нысан. Маған жұмысым мен
компания өте ұнайды. «БАЗИС» – бұл Астана
мен Алматыда көптеген нысандар салып жатқан
өте үлкен компания болғандықтан компания ту-
ралы осында жұмысқа орналасқанға дейін-ақ
еститінмін. «БАЗИС» ЕХРО-ға арнап нысандар
сала бастағанын естігенде бірден осында келдім.
Міндеттерім аса ауыр емес – мұнда негізінен
техника жұмыс істейді. Бұл жерде әрбір маман-
нан білім, біліктілік пен жұмысқа деген ынта та-
лап етіледі. Мен қашанда қуана жұмыс істеймін.
– Балалық шағым Өзбекстанда, Үшқұдықта
өтті. Мектепті бітіріп жатқан уақытта Өзбек-
станда нысандар көп салынды. Елге жұмыс қолы
керек болды да мектеп бітіргеннен кейін бізді
Ташкенттегі политехникалық құрылыс институ-
тына жіберді. Менің құрылысшы болуым осылай
басталды. Кейін Қазақстанға көшіп келдім, 10
жылдан бері «БАЗИС» құрылыс компаниясында
жұмыс істеп жатырмын. Прораб болып келген-
мін, қазір - №1 ҚМБ монолит жұмыстары жөнін-
дегі участок бастығымын. Мен үшін ең бастысы
– ұжымда адал еңбек етіп, қомақты жалақы алу.
– Маған құрылыс ұнайды. Өмір бойы
құрылыс саласындамын. «БАЗИС» компания-
сында жұмыс істеп жатқаныма - 4 жыл. Көптеген
ұйымдарда еңбек еттім, бірақ, «БАЗИС» компа-
ниясындағыдай жағдайды еш жерден кезіктірген
емеспін. Мұндағы жалақы мен демалыс ақысы
көңілімнен шығады. Еңбек жағдайлары мен жұ-
мыс кестесі де ыңғайлы. «Қалалық романста»
уақытша электрмен қамтамасыз ету бойынша
жұмыс істеймін. Нысандағы электрмен жұмыс
істейтін барлық құрылыс техникасын қараймыз.
Мұнаралы крандарға электр жеткіземіз, бар-
лығының қауіпсіз және үздіксіз жұмыс істеуін
қадағалаймыз.
– 1980 жылы құрылыс техникумына оқуға
түсіп, «техник-құрылысшы» мамандығын ал-
дым, содан бері құрылыстан басқа еш жерге кет-
кен емеспін. Техникумнан кейін шебер, онан соң
прораб болып жұмыс істедім. КСРО құлаған кез-
де қысқартуға ұшырадым, бірақ, кейін бәрі ор-
нына келді. Әйелім екеуміз үш бала өсірдік. Өзім
Петропавдың тумасымын. 2011-ші жылы бала-
лар үшін отбасыммен Астанаға көшіп келдім.
Балалар қазір Астанада жұмыс істейді – кіші қы-
зым - бухгалтер, ортаншысы – кардиоорталықта
мейірбике, ұлым – «Кока-кола» компаниясында
менеджер. Монолит жұмыстарында ең бастысы –
құрылыс технологиясын сақтау, барлығын жоба,
ҚНмЕ сызбалары бойынша жасау керек, себебі,
бұл техникалық бақылау мен авторлық бақылау
тарапынан өте көп қадағаланады. Астанадағы
көптеген нысанның құрылысына қатысқаным-
ды мақтанышпен айта аламын: біз оқушылар
шығармашылығы Сарайын, «Қалалық романс»,
ЕХРО-баспананы салдық.
– Құрылыстағы еңбек жолымды өте ертеде
жұмысшы – тас қалаушылының көмекшісі бо-
лып бастадым. Ол уақыттарда СельСтрой деген
болатын. Техникумға «тамақ өнеркәсібі техно-
логы» мамандығы бойынша оқуға түстім, кейін
құрылыс техникумын бітірдім. Колхоздар мен
совхоздарда прораб болдым, кейін техникалық
бақылауға ауыстым. 2005-ші жылдан «БАЗИС»
компаниясында жұмыс істеймін. Біз мұнда бри-
гадамызбен 60 адам келдік. Бізді бірден Ақтауға
іссапарға жіберді. Үш жылдан кейін Алматыға
оралдық. «БАЗИС» компаниясында 10 жылдан
астам уақыт жұмыс істеймін, осы жылдар ішін-
де компаниямыз барлық жағынан үздік болды.
Барлық уақытта жалақымызды уақытында ала-
мыз, мұнда барлық бригаданың жұмысы жақсы
ұйымдастырылған. Құрылысшылардың барлығы
қажетті құрылыс материалдары мен құрал-сай-
мандармен мерзімінде қамтамасыз етіледі.
Әкем 8-ші сыныпта оқып жүргеннен
құрылысқа деген ынтамды оятты. Мектепте
оқып жүріп 1973-ші жылы құрылысқа жұмыс
істеуге бардым. Әлі бала болғандықтан маусым,
шілде айларында сағат төртке дейін жұмыс жұ-
мыс істеп, тамыз бойы демалатынбыз. Құрылыс
саласына осылай келдім. «БАЗИСке» дейін
тоғыз жыл ГорСтройда жұмыс істедім. «БА-
ЗИС» құрылыс компаниясы қашаннан тұрақты
және қызметкерлерін барлық уақытта жұмыспен
қамтамасыз етіп отырады. 90-шы жылдары
құрылыс компанияларында не перфоратор, не
электрлі сайман болған жоқ, ал, «БАЗИСте» сол
кезде-ақ басқа компаниядағылар атын естіп те
көрмеген құрал-саймандар болды. Компанияда
жұмыс тұрақты, мұнда қашанда жұмыс бар, қы-
зметкерлер жақсы ақша тауып, отбасының әлеу-
етін арттыруда.
– «БАЗИС» құрылыс компаниясында 2004-
ші жылдан жұмыс істеймін. Қазір монолит
құюшылар бригадирімін. Маған «БАЗИСте» жұ-
мыс істеген өте ұнайды. Ұжымымыз жақсы, біз
жауапты жұмысты атқарамыз. Мамандығымды
ұнатамын. Монолит жұмыстары құрылыстағы
ең ауыр жұмыстардың бірі саналады, бірақ,
адам барлығына да үйренеді. Біз «Шабыт»,
«Астана салтанаты» ТК, «Триумфальный» ТК,
3 га, «Ағылшын орамы», ЕХРО нысандарын
салдық. Ең ұнайтын нысан – оқушылар шығар-
машылығы Сарайы. Конструкция мен жобаның
күрделі екендігіне қарамастан біз оны қысқа
мерзім ішінде соқтық. Қазір біз бригадамызбен
«Сити-Палас» СОК жұмыс істеп жатырмыз.
– Құрылыс саласында 1999-шы жылдан
істемін. Кеңес заманында агроном болдым, Одақ
тарағаннан кейін жұмыс табылмады, бақытым-
ды құрылыстан іздемек болдым… оны «БАЗИС»
компаниясынан таптым! «БАЗИС» – бұл еліміздің
түкпір-түкпірінде құрылыс салып жатқан және
ірі жұмыс беруші болып табылатын үлкен, жақ-
сы ұйым. Компанияның Алматы, Жезқазған мен
Қорғастағы түрлі нысандарында жұмыс істедім.
Біздің прорабтарымыз шеттерінен мықты. Олар
бізге барлық мәселеде көмектеседі, әлденені біл-
мей немесе түсінбей қалсақ – қалай істеу керек
екендігін түсіндіріп, көрсетеді. Мұнда қашанда
көңілді, көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс істейміз.
Маған компаниямызда жалақының уақытында
берілетіні ұнайды. Былтыр зейнетке шықтым,
алайда, құрылыстан кетпек емеспін. Бойымда
күшім барда жұмыс істей беремін.
– Мен архитектура-құрылыс институтын
1981-ші жылы бітірдім. 2000-шы жылға дей-
ін Қызылорда облысында құрылысшы бол-
дым, прораб болып жұмыс істедім. Астанада
ауқымды құрылыс басталғанда осында көшіп
келдім. Бірден «БАЗИС» компаниясына жол
жұмысшысы болып орналастым. Үш жылдан
кейін мені прораб етіп тағайындады да соңғы
үш жыл №5 ҚМБ жол салу жұмыстары жөнін-
дегі участок бастығымын. Құрылысты жақсы
көремін, маған «БАЗИС» компаниясында жұ-
мыс істеген ұнайды.
– «БАЗИС» компаниясында 2008-ші жылдан
еңбек етемін. Маған мұнда жұмыс істеген өте
ұнайды, себебі, компания да жақсы, жұмысымыз
да – жауапты және қызықты. «БАЗИС» команда-
сында жұмыс істеуді студент кезімнен қаладым,
себебі, компанияның нарықта пайда болғанына
ширек ғасыр болды, өзіндік тарихы, жетістік-
тері, абырой-беделі бар. Бұған дейін Астана-
дағы ЕХРО павильондары, ЕХРО-баспана, 3 га
нысандарының прорабы болдым. Бұған қоса,
компаниямыз Алматыда салған «29-шы орам»,
Пиджим, Қорғастағы нысандарда жұмыс істедім.
тұқанов Марат қуандықұлы
еХро-2017-нің «А» орамы бойынша
директордың орынбасары. «БАЗИС»
компаниясында 2008-ші жылдан бері
жұмыс істейді. «Солтүстік шұғыласы» тК,
«Ағылшын орамы» тК секілді нысандардың
құрылысына қатысты.
Миленин Владимир Вячеславович,
еХро-ға қатысушыларға арналған баспана
нысанында екі жылдан бері кезекші электрик
болып істеп келеді. Компаниямызда жақсы
мансапқа қол жеткізуді жоспарлап отыр.
БүКІл өМІрІ – құрылыС
– «БАЗИС» құрылыс компаниясында жұмыс
істеп келе жатқаныма - 9 жыл. Бұл – өте жақсы
жұмыс, қомақты жалақы алып, отбасына керек-
ті қаражат табуға мүмкіндік беретін тұрақты
ұйым. Бізде өте жақсы еңбек жағдайлары қара-
стырылған, ұжымымыз жақсы, жұмысымыз -
қызықты. Жалақы уақытында беріледі, құрылыс
материалдары мерзімінде үздіксіз жеткізіліп
отырады, мұнда уақытты текке өткізбейміз.
Біздің нысандарымызда ғимараттардың қалай
тез бой көтеріп жатқаны бірден білінеді. Бір ай
ішінде үйді тез көтереміз. Кезінде құрылыс ба-
тальонында қызмет еткенмін, қазір құрылыста
жұмыс істеп жүрмін. Жақында зейнетке шыға-
мын, алайда, мамандығымды тастамақ емеспін
– мен құрылысқа өмірімді арнағанмын, бойымда
күшім барда жұмыс істей беремін.
Жамбаев тоқтаған Садақбайұлы
«Royal Gardens» тК жұмыс істейді. Зейнетке
шығуына санаулы ғана күндер қалды, алайда,
ол өмірін құрылыста бірегей нысандар сала
жүріп өткізгенін мақтан етеді.
17
Құрылыс басынан сұхбат
16
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016
Юрий Анатольевич Приходько,
жоба жетекшісі, қорғас қ. құрғақ порт
құрылысының директоры (Алматы)
Құрметті құрылыс саласының қызметкер-
лері! Сіздерді кәсіби мерекемен және «БАЗИС»
компаниясының 25 жылдығымен шын жүректен
құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз адам айтқы-
сыз ауыр, бірақ, солай бола тұра, ол ешнәрсе алма-
стыра алмайтын мақтаныш сезімін сыйлайды!
Жетістікке тоқмейілсу өз ісінің нағыз шебер-
леріне тән нәрсе емес, сондықтан, әрбір нысанды
тапсырғаннан кейін үлкен шабытпен келесісіне
кірісіп жатасыздар.
Қымбатты құрылысшылар, сіздерге құрмет
пен мақтау болсын! Үйлеріңізден жылу, отба-
сыңыздан бақыт, жүректеріңізден от кетпесін!
Кеңесбай Әбдрасілұлы Әбдрахманов,
қорғастағы тазарту ғимараттары
құрылысының директоры (Алматы)
Қымбатты дос, құрылысшы Күні құтты бол-
сын! Сен өмірде дұрыс жол, дұрыс мамандықты
таңдадың. Сенің еңбегің бағалы да қауіпті, алай-
да, сен өз міндеттеріңді толығымен орындауда-
сың. Күн сайын жаңа үйлер салып, адамдарға
жылылық пен жайлылық сыйлайсың. Өміріңде
алдыңнан тек биікке самғаулар мен үлкен мақ-
саттар тоссын. Туған күніңмен, «БАЗИС»! 25
жыл да артта қалды, келешекте бұдан да артық
жетістіктер, өсу мен тұрақтылықты нәсіп еткей!
Мереке құтты болсын!
Павел Васильевич Боков,
талдықорған қ. құрылыстың басқарушы
директоры (Алматы)
Құрылысшылар Күні әріптестерім мен «БА-
ЗИС» компаниясын мерейтоймен шын жүрек-
тен құттықтаймын! Барлықтарыңызға мықты
денсаулық, бақыт пен амандық тілеуге рұқсат
етіңіздер. Сіздерге үлкен биіктерді бағындырып,
арман-мақсаттарыңыздың орындалуын тілеймін.
Сіздердің қолдарыңыздан шыққан ғимараттар
ғасырлар бойы адамдарды әдемілігі мен берік-
тігімен қуанта берсін. Игіліктер мен қуаныш
тілеймін.
Кәсіби біліктеріңіз махаббат, мейірім,
түсіністік, сенім, шынайылық пен бақыт мекен
ететін армандарыңыздағы үйді салуға көмек бол-
сын. Берік, сенімді әрі тұрақты болыңыздар!
Александр Иванович гопиенко,
рысқұлов даңғылындағы
жолайырығының директоры (Алматы)
Қымбатты достар! Бүгін маңызды күн –
құрылысшылардың кәсіби мерекесі Күні «БАЗИС»
компаниясының 25 жылдығын тойлаудамыз.
«БАЗИС» компаниясы құрылыс саласының
жарқын дәстүрлерін сақтап, толықтыра отырып
тұрақты жұмыс істеуде. Баспана, коммерциялық
жылжымайтын мүлік, әлеуметтік нысандар мен
жол-көлік инфрақұрылымдары құрылысының
жоғары қарқыны сақталуда.
Әлемдегі ең бейбіт, жасампаз және бекзат
кәсіп – құрылысшы мамандығына деген құр-
метпен саланың барлық қызметкерін – жобала-
ушыларды, архитекторларды, жұмысшыларды,
инженерлерді осынау тамаша мерекемен шын
жүректен құттықтағым келеді!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасын-
да қаланың әрбір тұрғыны шахар келбетінің қа-
лай өзгеріп жатқанын көре алады, өмірдің жайлы
да әдемі болып келе жатқанын сезіне алады.
Мұхитжан Серғазыұлы тоққожаев,
«АлМАлы» тК басқарушы директоры
(Алматы)
Қымбатты достар! Сіздерді біз үшін ең маңы-
зды мерекелердің бірі – құрылысшылар Күнімен
құттықтаймын!
Бұл мамандық әлмисақтан бері тек елімізде
ғана емес, сонымен бірге, бүкіл әлемде де ең
құрметті кәсіптердің бірі. Компаниямызға 25
жыл толып отыр, осынау кәсіби мереке күні сіз-
дерге қол жеткен биікте қалып қоймауды тілегім
келеді!
Әрбір салған жаңа үйлеріңіз алдыңғысынан
да биік, әдемі және жайлы болсын! Өз істеріңіз-
де жаңа жетістіктерге жетсем деген ұмтылы-
старыңыз жойылмасын, ал, сіздер салған ғи-
мараттарда өмір сүріп жатқан адамдар мінсіз
жұмыстарыңыз үшін алғыс жаудырудан шарша-
масын! Мерекелеріңізбен!
Құрылысшылар Күні құтты болсын!
Хайролла Аққазұлы Нұрмағамбетов,
«Симфония» тК директоры (Алматы)
Барлық құрылысшыларды кәсіби мерекемен
және компаниямыздың 25 жылдығымен құт-
тықтаймын! Еңбектеріңізге деген сұраныс азай-
май, жұмыстарыңыз тиісті бағасын алып, рахат
сыйласын! Өмірлеріңіз тегіс болсын. Сіздерге
мықты денсаулық, қажыр-қайрат, табандылық
пен молшылық тілеймін! Құрал-сайман сапалы,
материалдар үздік болсын!
Жанат Серікұлы қамзанов,
EXPO-2017 көрмесіне қатысушыларға ар-
налған тК басқарушы директоры (Астана)
Өмірімізге жылылық пен әсемдік сыйлап
жүрген азаматтарды кәсіби мереке – құрылыс-
шылар Күні мен «БАЗИС» компаниясының 25
жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Тек сіздер салған үйлер мен пәтерлер ғана
емес, сонымен бірге, өз өмірлеріңіздің де әрлі
болуын шын жүректен тілеймін! Өмірлеріңіз
алаңсыз, қызықты да бақытты болсын.
Анна денисқызы Жүсіпова,
№2 қМБ әрлеу жұмыстары жөніндегі
директоры (Алматы)
Барлықтарыңызды құрылысшылар Күні мен
«БАЗИС» компаниясының 25 жылдығымен шын
жүректен құттықтаймын. Үйлеріміз бен пәтер-
леріміздегі алаңсыз да жайлы өмірімізге жағдай
жасап отырған адамдардың мерекесі бұл.
Сіздер салған әрбір ғимарат – құрылыс-
шылардың ерлік еңбегіне тұрғызылған өзіндік
ескерткіш. Осы үшін сіздерге басымды иемін!
Еңбектеріңіздің әділ бағалануын, денсаулықта-
рыңыздың ешқашан сыр бермеуін тілеймін!
Мереке құтты болсын!
Надежда Аркадьевна дашко,
«Базис» Жобалау институтының» бас
директоры
Құрметті архитекторлар, жобалаушылар,
құрылысшылар!
Осынау «БАЗИС» компаниясы үшін мерей-
той жылы және өзіміздің кәсіби мерекеміз күні
ең шынайы құттықтаулар, тілектер мен алғысы-
мызды қабыл алыңыздар! Сіздердің еңбектеріңіз
– нағыз мықты, батыл адамдарға ғана тән. Баға
жетпес еңбектеріңіз, адамдарға сыйлап жүрген
жайлылықтарыңыз үшін рахмет! Өмір де ни-
еттеріңізге қарай жақсылығын берсін, қашанда
сәттілік серіктеріңіз болсын.
Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт пен
амандық тілеймін! Жаңа шығармашылық биік-
тер мен самғаулар, тамаша көңіл-күй мен барлық
бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Мереке-
леріңізбен!
25 ЖылдыҚпен ҚҰттыҚтАулАр
25 ЖылдыҚпен ҚҰттыҚтАулАр
қуттықтаЙМыЗ
19
18
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016
құрылыСШы – Бұл ең ЖАқСы
МАМАНдық
МАғАН БӘрІН өЗ қолыММеН
ІСтегеН ұНАйды
«БАЗИС» КоМПАНИяСы өЗ
ІСІНІң ШеБерлерІН өСІрІП
ШығАрудА
«БАЗИС» АрМАНдАрдың
орыНдАлуыНА КөМеКтеСедІ
ЖАлАқыНы ЖАқСы төлейтІН
Жерде ЖұМыС ІСтейМІН
– Құрылысшы мамандығын кездейсоқ таңда-
дым. Кеңес армиясының құрылыс батальонында
қызмет еттім – тас қалаушы және сылақшы бо-
лып істедім. «БАЗИС» компаниясында 2006-шы
жылдан еңбек етемін.Сылақшы-сырлаушы бо-
лып бастадым, кейін бригадир, участок бастығы,
нысан директорының орынбасары болдым, енді
мені «Алмалы» жаңа тұрғын ауданы құрылы-
сының директоры етіп тағайындады. Компани-
яда жұмыс істеген жылдар ішінде «БАЗИСтің»
нарықтағы нөмірі бірінші құрылыс компания-
сы екендігіне көз жеткіздім. Компанияда еңбек
еткен осы 10 жылда өте күрделі жағдайлар да
бодлы, олардан «БАЗИС» компаниясы қашанда
жеңімпаз болып шығып отырды. Нарықтағы 25
жыл ішінде «БАЗИС» компаниясының тұрақты
клиенттері пайда болды. Олар компанияға се-
неді. Қаншама жылдан бері «БАЗИС» компания-
сында еңбек етіп келе жатқанымды қатты мақтан
тұтамын.
– БАЗИС – бұл бізге жұмыс, тұрақтылық пен
ертеңгі күнге деген сенім беретін ортақ үйіміз.
Мұғалім мен құрылысшы мамандықтары қашан-
нан қадірлі. Біз балалар білім алатын, адамдар
еңбек етіп, өмір сүретін, отбасын құрып, бала
тәрбиелейтін ғимараттар саламыз. Өзіміз салған
күрделі нысандарға қарап отырып өзіміздің жұ-
мысымыздан ләззат аламыз.
– «БАЗИС» - сенімді құрылыс компаниясы.
Соның арқасында біз отбасымызды қажетті қара-
жатпен қамтамасыз етіп отырмыз. Компания біз-
ге тек жұмысты ғана емес, сонымен бірге, кәсіби
тұрғыда өсіп, дамуымызға мүмкіндік береді. Ер
азаматтың жақсы жұмысы болса, ол бүкіл наза-
рын соған аударады. «БАЗИСтің» мен үшін орны
үлкен және менің екінші үйім десе болғандай.
Қазір біз командамызбен Мұзды аренада жұмыс
істеп жатырмыз.
Құрылысшы – жасампаз. Компаниямыздың
әр қызметкерінің дерлік кабинетінде өздері жа-
саған нысандардың картасы – BAZIS CITY ілулі
тұрғаны анық. Мен бұл нысандарды жай ғана
білген былай тұрсын, олардың көбі перзентім
санаймын. Мәселен, Көксарай селге қарсы кон-
трреттегіші. Картаға қараймын да ойланамын,
барлық жерде біздің алақанымыздың табы бар.
Бос жатқан жерге келіп, кетіп бара жатқан кезде
артыңда ғимарат қалып бара жатқандағы сезімді
айтып жеткізу қиын. Пиджимді алайық. Біз ол
жерге барған кезде жалғыз құбыр мен бұрғыла-
ушылар ғана болды, ал кетіп бар ажатқанымызда
соңымызда өз инфрақұрылымы бар тұтас бір қа-
ланы қалдырдық. Мен құрылысшы – ең жақсы
мамандық деп есептеймін.
– Мен «БАЗИС» компаниясында 2005-ші
жылдан жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде
компания мен үшін туған үйімдей болып кет-
ті. Құрылысты бала кезімнен жақсы көремін.
Компанияға шәкірт болып келдім, небәрі екін-
ші дәрежем ғана болатын. Мықты шеберлерден
тәлім алдым, өзімді өзім жетілдіріп, бригадирлік-
ке дейін өстім. Компаниямыздың нысандарында
рахаттана еңбек етемін және үйде құрылыс сала-
мын, себебі, маған құрылысты, кез-келген нәр-
сені өз қолыммен жасаған ұнайды.
– «БАЗИС» құрылыс компаниясында 10
жылдан бері еңбек етемін. Мұнда шәкірт болып
келдім, мұнда маған барлығын үйретті. Менің
ұстазым және тәлімгерім - бригадиріміз Дүй-
сембаев. Біздің бригадамызды бәрі мақтайды.
Мамандығыммен мақтанамын. Маған мұнда
барлық уақытта жұмыстың болатыны ұнайды.
Жалақыны уақытында аламыз. Бақытты, тыныш
өмір үшін бұдан артық не керек?
– Құрылысшы мамандығын, расын ай-
тқанда, мүлдем кездейсоқ таңдадым. Мектепті
бітіргеннен кейін өзімді мүлде басқа кәсіпке
дайындаған едім. Азаматтық авиация штурма-
ны болғым келді. Ұшқыштар училищесіне оқуға
түсуге дайындалдым.Алайда, белгілі бір жағдай-
ларға байланысты аттестатымды алғанмен көз-
деген оқу орнына түсе алмадым, жақын маңдағы
оқу орнына – Самарқанд мемлекеттік архитек-
тура-құрылыс институтына түсуіме тура келді,
ол үйіміздің жанында болатын. Мен кешкі оқу
бөлімін бітірдім, инженер-құрылысшы маман-
дығын алдым, бұл таңдауыма ешқашан өкінген
емепсін. Өмір бойы құрылыста жұмыс істеп ке-
лемін, ешқашан жұмыссыз қалған емеспін. Бар-
лық ірі нысандарды салдым. Химия саласында,
өнеркәсіп құрылысында болдым, азаматтық ғи-
мараттарды да салдым. Құрылысшының жұмы-
сы мені қызықтырады. «БАЗИС» компаниясына
прораб қызметіне келдім. Аздаған уақыттан соң
басқарушы директор болдым. Бүгінде «БАЗИС»
– үлкен мүмкіндіктері, өзінің жеке жобалау ин-
ституты, өз инфрақұрылымы бар ірі құрылыс
компаниясы. Мұнда барлық мәселе тез шешіледі.
Біздің ең үлкен басшымыздың өзі компанияда
тұрақтылықтың болуына, адамдардың үнемі жұ-
мыспен қамтылуына және қызықты жобалардың
болуына бар жағдайды жасап жүреді. Компани-
яда жүріп тұрғын үй кешендерін де, Сырдария-
дағы су торабын да салдым. Біздің компаниямыз
Алматыда екі бірдей жолайырығын салды, үшін-
шісін биыл аяқтаймыз. Мен «БАЗИС» компания-
сында 1999-шы жылдан бері істеймін – бұл менің
еңбек өтілімінің үштен бірі – мен үшін «БАЗИС»
компаниясының орны үлкен.
– Алматыға мен Ақтөбеден келдім, «БА-
ЗИС» құрылыс компаниясына ағаш ұстасы бо-
лып кірдім. Мұнда жұмыс істеп жатқаныма – 4
жыл. Бала күнімнен ағаш ісіне қызықтым. Сонау
жас кезімнен-ақ мектептегі шығармашылық үй-
ірмеге қатысатынмын. Онда ағаштан бұйымдар
жасайтынбыз. «БАЗИС» компаниясына ағаш
ұстасы болып орналасқанға дейін ұзақ уақыт
ағаш оюмен айналыстым, түрлі машинкалар
құрастырып, ағаштан ойыншықтар жасайтын-
мын. Компаниямыз өз қызметкерлерін жақсы
жұмыс көлемімен қамтаасыз етіп отырады.
Маған тұрақтылық пен жалақының уақытында
берілетіні ұнайды.
– 2005-ші жылдан құрылыста істеп келемін.
Мен үшін бастысы – жақсы жалақы. «БАЗИС» -
қызметкерлерін үздіксіз жұмыспен қамтамасыз
етіп отыратын сенімді құрылыс компаниясы.
Барлығы жалақысын уақытында алады. Өзге
саладан жаныма жақын жұмыс таба алмаған-
дықтан өмірімді құрылысқа арнадым. «БАЗИС»
секілді тұрақты құрылыс компаниясында мәселе
деген болмайды – мұнда қашанда жұмыс бар.
Қай жерде жақсы жалақы төлесе, сол жерде жұ-
мыс істеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |