МұНдА Әр АдАМ өЗ КерегІН тАБАды
12 000 орындық Мұзды арена нағыз біре-
гей көпфункционалды алаң болып табылады
– мұнда хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-
трек пен кёрлинг секілді спорттың «қысқы»
түрлерімен қатар баскетбол, волейбол, футбол
ойындарын да өткізуге болады. Мұзды аренада
бокс пен мини-футболдан да жарыстар өткізу-
ге мүмкіндік бар, себебі, мұзды арена транс-
формацияланады – мұз арнайы жабынмен жа-
былып, борттар алынып, алаң белгілі бір спорт
түріне модернизацияланады.
12 000 орындық Мұзды аренаның негіз-
гі ғимараты күмбезі астында өтетін ірі спорт
шараларын тамашалаумен қатар әр адам мұнда
өзіне және отбасына керекті спорт түрін таба
алады. Түрлі спорт түрлерімен айналысуға
жабдықталған көптеген алаңдар жыл бойы
ашық болады. Мұзды арена ғимаратында де-
нешынықтыру-сауықтыру кешені, СПА-орта-
лық пен сұлулық салоны жұмыс істемек. Ай-
тпақшы, кіші мұз айдыны ауқымды сайыстар
кезінде спортшыларға арналған жаттығу ай-
дыны ретінде пайдаланылатын болады, қалған
уақытта онда жаппай сырғанау өткізіледі. Бас-
сейндер де солай – 10 метрлігі балаларға, 25
метрлігі ересектерге арналған. Жарыс өтпей-
тін күндері тұрғындар осында отбасыларымен
келіп, спортпен айналыса алады.
Шаралар кезінде ғимаратта бірнеше мей-
рамхана мен дәмхана жұмыс істейтін болады.
Күнделікті жұмыс күндері де қандай да бір
мекемелер жұмыс істеуі мүмкін. Ол пайдала-
нушы мекеменің шешіміне байланысты бола-
ды. Мұзды аренаның үш блогындағы жайлар
мұнда дәмханалар, кеңселер, тіпті, арнайы дү-
кендер де ашуға мүмкіндік береді.
ЧеМПИоНАттАр МеН КоНцерттерге
АрНАлғАН үЗдІК қоНдырғылАр
Жоғарыда айтылғандай, Мұзды арена
құрылысы әлемдік стандарттар мен талаптарға
сай жүргізілді. Мұзды арена әлем Чемпионаты
мен Олимпиада ойындары деңгейіне сәйкес
соңғы үлгідегі техникамен жарақталған. Мұз-
ды аренадағы ауқымды аумақтың арқасында
мұнда тек ең жоғары деңгейдегі турнирлерді
ғана емес, әлем жұлдыздарының концертін де
өткізуге болады. Бірегей спорт нысаны қазір-
гі заманғы, қуатты концерттік қондырғылар-
мен жабдықталған. Жақында мұзды аренада
аппаратуралар тестілеуден өткізілді. Ол қала-
мыздың кез-келген деңгейдегі әлем жұлдызда-
рын қабылдауға дайын екендігін кезекті рет
дәлелдеді. Мұзды аренада «JBL Professional»,
«Meyer Sound» және басқа да белгілі әлемдік
брендтердің аппаратуралары қойылған.
Ерекше нысанның ішкі инфрақұрылымы
да жоғары деңгейде. Келушілерге ыңғайлы
болуы үшін нысан көптеген санитарлық то-
раптармен, душ бөлмелерімен, гардеробтар-
мен және басқа да қосалқы жайлармен жаб-
дықталған.
теМІр тұлПАр тұрАқСыЗ қАлМАйды
Мұзды аренада жерасты паркингтеріне
алып келетін кіребістер ыңғайлы орналасты-
рылған. Олар «А» және «Б» блоктарының
астында орын тепкен. Оларды негізінен осынау
бірегей ғимаратқа қызмет көрсететін қызмет-
керлер пайдаланатын болады. Сонымен бірге,
келушілерге ыңғайлы болу үшін төрт гектар
жерді алып жатқан күзетілетін ашық автотұрақ
салынған.
Мұзды арена ірі халықаралық шараларды
өткізу мен он екі мыңдық аудиторияға есептел-
гендіктен, келушілерге арналған тұрақтардың
ыңғайлы болуы үлкен маңызға ие.
Нысанда ұсақ-түйектер тек техникалық
тұрғыдан ғана ескерілмеген. Ғимараттың әр-
бір шаршы метрі белгілі бір қызметті атқарып
тұрады. Мұзды аренаның ең астыңғы қабатын-
да барлық техникалық жайлар шоғырланды-
рылған. Мұз айдынын салқындатуға арналған
қондырғы, көптеген вентиляциялық камера-
лар, ағындық қондырғылар, сорғы, жылыту
пункттері мен тұрмыстық техникалық бөлме-
лер орнатылған арнайы зал бар. «В» блогында
кір жуу және басқа да бөлмелер орналасқан.
Спорт ғимаратының құрылысы көптеген жаңа
жұмыс орындарын құрды – осындай ғаламат
ғимаратты тоздырмай ұстап тұру үшін көпте-
ген шебер қолдар қажет.
дАМу ПерСПеКтИВАлАры
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бай-
бек өз сөзінде Мұзды аренаның Алатау ауда-
ны экономикасының дамуына жаңа серпін
беретіндігін бірнеше мәрте айтқан болатын.
Денешынықтыру-сауықтыру кешені, күрес,
бокс залдары – бұлар Мұзды арена ресми
түрде ашылғаннан кейін жұмысқа кірісетін
секциялардың бірнешеуі ғана. Олар балалар-
дың спортпен шұғылдануына кең жол ашпақ.
Осынау бірегей спорт кешенінің арқасында
Қазақстанда жақында тамаша спорт саңлақта-
ры өсіп шығуы мүмкін. Себебі, мұзды арена
Алматыға ажар беріп қана қоймай, сонымен
33
құрылыс жаңалықтары
32
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016
Компанияның 25 жылдық мерейтойына тұрғын үй кешендері, әкімшілік ғимараттары, оқу және спорт мекемелері, авто
және темір жолдар, стратегиялық маңызды инфрақұрылым нысандары секілді жылжымайтын мүлік нысандарының
үлкен арсеналымен келіп отырмыз. егер 25 жыл ішінде салынған нысандарды бір картаға біріктіретін болсақ – өмір
сүруге қолайлы үлкен, жайлы да әдемі қала болып шығады. 2016-шы жылдың бірінші жарты жылында қаламыздың
картасын жаңа ғаламат нысандармен толықтырдық. Олардың көбі биылдың өзінде пайдалануға беріледі.
құрылыС КАлейдоСКоПы 2016
«ROyal GaRdENs» – нағыз табиғатты
бағалаушыларға арналған кешен-курорт
Royal Gardens тұрғын үй кешен-курортын
«БАЗИС» компаниясы Алматы ауданының эко-
логиялық таза аумағында Іле Алатауының ете-
гінде салып жатыр. Жайлы үш қабатты үйлер
жасыл желекке оранып тұр, кешеннің аумағына
1500-ден астам ағаш пен шыбық отырғызылуда.
Royal Gardens-тің тура ортасында ашық аспан
астындағы үлкен бассейні бар SPA-аймақ орна-
ласқан, аулаларда балалардың көптеген ойын
кешендері қойылған, қыста мұз айдынына ай-
налдырылатын роллердром қарастырылған, доп
ойындары мен далаға қойылған жаттығу құрал-
дарына арналған алаңдары бар спорт алаңқайла-
ры жасалған, бүкіл аумаққа жайлы жаппалар мен
барбекюге арналған алаңқайлар орнатылған.
Маусым айында Royal Gardens-тің екінші
кезегінің құрылысы аяқталып, бақытты жаңа қо-
ныс иелері пәтерлерінің кілтіне ие болды. Қазір
құрылысшылар тұрғын үй кешен-курортының
үшінші кезегін салып жатыр. Ол пайдалануға
2016-шы жылдың соңында беріледі.
«СИМФоНИя» – өзен жағасында жеке
саябағы бар тұрғын үй кешені
Үлкен Алматы өзенінің жағасында АҮК
СОО жанында «Симфония» жаңа тұрғын үй ке-
шенінің құрылысы аяқталуда. Бес 12 қабатты үй
монолитті құрылыстың жаңа технологиялары
қолданыла отырып салынуда. Кешенің аумағы
жедел абаттандырылып жатыр. Аулаларда қа-
уіпсіз жабыны бар көпфункционалды балалар
алаңдары орнатылған, аулалар абаттандырылып
бітуге таяу, ағаштар мен бұталар отырғызылуда,
ландшафтты дизайнерлер гүлбақшалар мен гүл-
зарлар жасауда. Өткен жылы компания өз есебі-
нен Үлкен Алматы өзенінің жағасын ретке кел-
тіріп, абаттандырып, жайлы, қоршалған саябақ
аумағын жасаған болатын. Қазір ол жер тұрғын-
дар серуендеп, спортпен шұғылданып, балала-
рымен бірге демалатын орынға айналған. Кешен
құрылысы биыл күзде толығымен аяқталады.
Алматыдағы бірегей спорт нысаны уни-
версиаданы өткізуге дайын
Алматының Алатау ауданында «БАЗИС»
құрылыс компаниясы Универсиаданың басты
нысаны – 12 000 орындық Мұзды аренаны то-
лығымен аяқтап, пайдалануға беруде. Барлық
халықаралық олимпиадалық нормалар бойын-
ша салынған спорт кешені үш блоктан тұрады.
А блогында 12 000 орындық басты мұзды арена
орналасқан. Б блогында жаттығу айдыны мен
түрлі спорт секцияларына арналған көптеген
бөлмелер қарастырылған. В блогында әкімшілік
«Алмалы» тұрғын ауданы – отбасылық
өмірді бастауға қолайлы мекен
Биыл «БАЗИС» компаниясы 2017-ші жылы
өтетін Универсиаданың басты нысаны – 12 000
орындық Мұзды аренаның қарсысында ор-
наласқан «Алмалы» жаңа тұрғын ауданының
құрылысын бастады. 10 гектар жерде 39 тұрғын
үй мен үлкен балабақша салынады. Нысанның
құрылысы жаңа технологиялардың негізінде са-
лынуда, үйлер 9 баллдық сейсмикалық салмаққа
есептелген. Тұрғын ауданның аулаларында ба-
Алматыдағы үш деңгейлі жолайырығы
қаланың төменгі бөлігін кептелістен құтқа-
рады
Биыл күзде «БАЗИС» компаниясы Ал-
матыдағы Рысқұлов пен Саин көшелерінің
қиылысындағы үш деңгейлі жолайырығының
құрылысын аяқтайды. Көпір эстакадасының
құрылысы бітуге жақын. Құрылыс барысында
Рысқұлов даңғылы кеңейтілді, қоршалған жаяу
жүргіншілер жолағы салынды. Эстакада ау-
мағы абаттандырылды, ағаштар мен гүлзарлар
отырғызылды. Жолайырығының жанынан жаяу
жүргіншілер өтетін жерүсті жолы салынды. Тон-
нель былтыр-ақ пайдалануға беруге дайын бо-
латын, биыл жазда Рысқұлов даңғылының Саин
мен Момышұлы көшелері аралығындағы бөлігі
пайдалануға берілді. Жолайырығы биыл күздің
өзінде-ақ толығымен пайдаланыла бастайды. Ірі
көлік торабы өткізу әлеуетін арттырады және қа-
ланың төменгі тұсындағы көлік қозғалысын ай-
тарлықтай жеңілдетеді.
кабинеттері, екі бассейн мен жаттығу залы бо-
лады. Кешен тек салынып қана қойған жоқ, оны
компаниямыз толығымен жиһазбен жабдықтады.
Жерүсті және жарсты паркингтерінің құрылысы
бітті, аумақ абаттандырылды – әдемі шыршалар,
бұталар, ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Жа-
сыл барқыт гүлзарлар мен ағаштардың көлең-
кесіндегі сәкілер келушілерді күтуде. Ерекше
спорт нысаны ең жоғары деңгейдегі спортшы-
ларды қабылдауға дайын.
лалар мен спорт алаңқайлары, көлеңкесі мол
ағаштары бар серуендеу аймақтары болады, ал,
Момышұлы көшесін бойлай тұрғын ауданды
жолдан бөлектей отырып тамаша саябақ салы-
нып жатыр.
«Алмалы» тұрғын ауданы құрылысының
бірінші кезегі бес 12 қабаты үйден тұрады. Оның
үшеуі салынып қойды. Бір мезетте екінші ке-
зектің де құрылысы басталды. Бірінші кезекті
құрылысшылар биыл аяқтайды.
қорғас өзеніндегі жағалауды бекіту бөгеті
мен шалғайдағы жолдар
Қорғас өзеніндегі жағалауды бекіту ғимара-
ты құрылысының үшінші кезегіне – барраждар
салуға дайындық жүргізілуде. Бұл – өзен қаптал-
дары салаларындағы тұрақтандырушы ғимарат-
тар кешені. Сел кезінде бұл конструкциялар ірі
су көлемін ұстап қалатын болады. Еске сала ке-
тейік, бірінші кезең – Қорғас өзенінде ұзындығы
5 шақырым 138 метр болатын жағалауды бекіту
бөгеті мен «Қорғас» шекаралық ынтымақта-
стықтың халықаралық орталығын, Басқыншы,
Алмалы, Қорғас және басқа да ауылдарды сел
тасқындарынан қорғайтын биіктігі 64 метрлік
сел тоқтату бөгетінің құрылысы болатын. Екінші
кезең – бөгетті бойлай салынған екі жол – техно-
логиялық және кіреберіс жолдарының құрылы-
сы. Бұл жолдар бөгет құрылысына пайдаланылу-
да, тау басындағы көлдер мен мұздықтарға алып
барады.
34
35
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016
құрылыс жаңалықтары
«трИуМФАлЬНый» – классиканы
бағалайтындарға арналған тұрғын үй кешені
Биылғы жылдың соңына дейін «Салтанатты»
тұрғын үй кешенінің құрылысы толығымен
аяқталады. Бұл кешен еуропалық
архитектураның қарапайымдылық пен
«СИтИ ПАлАС» – қазақстан астанасын-
дағы жаңа Соо
«БАЗИС» компаниясының құрылысшылары
Астанада Есіл өзенінің оң жағалауында «Сити
Палас» жаңа сауда-ойын сауық кешенін салып
жатыр. Қазір нысанда бір мезетте бірнеше жұ-
мыс қатар жүруде: шұңқырлар дайындалды, мо-
нолит жұмыстары жүргізілуде, арматура қаңқа-
лар өрілуде, металл конструкциялар орнатылып,
бетон құйылуда. Бірқатар блоктар қазірдің өзін-
де салынып қойылған. Жоба өте күрделі, бірақ,
біздің білікті бригадаларымыз барлық жұмысты
мерзімінде және сапалы атқаруда.
«ИтАлЬяНСКИй КВАртАл» – Астанадағы
еуропалық сән-салтанат
Көктемде «Италия орамы» тұрғын үй ке-
шенінің екінші кезегінің құрылысы басталған.
Қазір нысанда монолит және тас қалау жұмы-
стары қызу жүріп жатыр.
Италия архитектурасының үздік дәстүр-
лерін паш ететін тұрғын үй кешені Астанадағы
Шәмші Қалдаяқов көшесінде орналасқан және
«Қалалық романс» культті жобасының бір
бөлігі болып табылады. «Италия орамының»
құрылысы келесі жылы толығымен аяқталады.
формалардың нақтылығы, сызықтардың
әдемілігі мен декоративті элементтердің әсемдігі
секілді үздік элементтерін паш етеді. Кешеннің
6, 8 қабатты үйлері табиғи таспен, травертинмен
қапталған. Құрылысқа ең соңғы үлгідегі қазіргі
заманғы энергия үнемдейтін материалдар мен
технологиялар қолданылды.
MillENNiuM PaRk – жас отбасылары-
ның таңдауы
«БАЗИС» компаниясы Астанада салып
жатқан Millennium Park тұрғын үй кешенінің
екінші кезегінің құрылысы аяқталуға жақын.
Қазір нысанда он үшінші блок бойынша
құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.
Оны биыл күзде пайдалануға беру жоспарланып
отыр. Онымен қоса 12-ші блокта монолит құй-
ылуда. 16-шы блоктың құрылысы жүріп жатыр
– бұл 1200 автокөлікке арналған паркинг. Барлық
үйлер мен Millennium Park кешенінің екінші ке-
зегінің аумағы тұрғын үй кешенінің бірінші кезе-
гінің айнадағы бейнесі болып табылады.
ерекше тазарту ғимараттары
«Қорғас» ШЫХО аумағында үш гектар жер-
де «БАЗИС» құрылыс компаниясы Қазақстанда
баламасы жоқ бірегей тазарту ғимараттарын са-
лып жатыр. Су тазартатын зауыт механикалық,
биологиялық, мембраналық секілді үш корпустан
тұрады. Зауытқа Венгриядан әкелінген бірегей
қондырғы орнатылуда. Су тазарту зауытының
қуаты - тәулігіне 7 000 текше. Бүкіл процестер
толығымен автоматтандырылады. Тазартылған
суды ауыл шаруашылығына және бақшаларды
суаруға пайдалануға болады, ал, қалған қалдықты
тыңайтқыш ретінде қолдануға болады. Осынау
бірегей тазарту ғимараттарының құрылысы мен
іске қосу жұмыстарын құрылысшыларымыз 2016-
шы жылдың күзінде аяқтамақ.
«Жезқазған-Сексеуілді» темір жолы ел
игілігіне қызмет етуде
Компаниямыз өткен жылы-ақ ұзындығы
570 шақырым болатын «Жезқазған-Сексеуілді»
темір жол желісінің іске қосу кешенінің бірінші
кезегінің құрылысын аяқтаған болатын. Қазір
бұл темір жолмен еліміздің түкпірлері мен сырт
елдерге жүктер тасымалдануда. Бүгінгі күні 9
стансада темір жолда жұмыс істейтін және оған
қызмет көрсететіндерге арналған инфрақұрылым
нысандарының құрылысы аяқталды. Әр станса-
да біздің құрылысшыларымыз ҚТЖ қызметкер-
леріне ыңғайлы үйлер салып берді: «Жезқазған»
стансасында 10 үй салынды, «Сексеуілді» стан-
сасында 8 үй және «Қоскөл» стансасында жедел
қызмет көрсететін жұмысшыларға арналған 3 үй
тұрғызылды. Бүкіл инфрақұрылымы бар елді ме-
кендерді қазірдің ҚТЖ қызметкерлері пайдала-
нуда. Аумақты абаттандыру аяқталып, кәріз-та-
зарту ғимараттарының іске қосу және жөндеу
жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың тамыз ай-
ында құрылысшыларымыз осынау ғаламат жоба-
ны толығымен аяқтап, пайдалануға берді.
құрғақ порт – «Жібек жолының» еуропа-
лық қақпасы
Биыл «Базис» құрылыс компаниясы Алматы
облысының Панфилов ауданында Қытаймен ше-
карадағы Жаркент қаласынан 30 шақырым жер-
де «Қорғас-Шығыс қақпалары» арнайы эконо-
микалық аймағындағы Құрғақ порт құрылысын
аяқтады. Құрғақ порт құрылысымен бір мезетте
логистикалық және индустриалды аймақтарға
арналған инфрақұрылымды салу жұмыстары да
қатар бітті.
қазақ ұлттық хореография академиясы
абитуриенттерге есігін айқара ашты
Қазақ ұлттық хореография академиясы
– Орталық Азияда толық циклды көпсатылы
кәсіби хореографиялық білім беретін тұңғыш
жоғарғы оқу орны. Хореография академиясы ба-
лет, тұрғын үй және оқу, сонымен қатар, театр ғи-
мараты секілді төрт корпустан тұрады. Алғашқы
үш корпус толығымен аяқталып, пайдалануға
берілген. Аумақ абаттандырылған – балалар мен
спорт алаңдары жасалған, ағаштар, шыбықтар,
гүлзарлар отырғызылған. Биыл театрдың
құрылысы да аяқталады. Қазір онда әрлеу және
аумақты абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.
37
құрылыс жаңалықтары
36
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016
Бүгінде әрбір ата-ана перзентінің бойындағы талантты мейлінше ертерек көре біліп, ары қарай дамытуға тырысады.
Мұндайда түрлі Baby тренингтердің, курстар мен үйірмелердің көмегі үлкен. Онда тәжірибелі оқытушылар мен
психологтар баланың тұлғасын ашып, не нәрсеге бейімі барын анықтайды. «БАЗИС» компаниялар тобы атты үлкен
отбасының кішкентай мүшелерінің бірі - Арыстан Алтын-төре Мейрамұлы жайында анасы Айжан Сауытова айтып
берді. Арыстан - «БАЗИС» Холдингтік компаниясы» ЖШС құқықтық және заңдық мәселелер жөніндегі вице-президенті,
компаниямызда 7 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан раушан ермекқызы Бижкенованың немересі.
тАБыСты өМІрге АлыП БАрАр Жол БАлАНың
АлғАШқы қАдАМыНАН БАСтАлАды
дұрыС БАғыт БАлА КеЗдеН БерІледІ
Кез-келген адам үшін бала мен немере өз
алдына бөлек Әлем. Оларға өмірдегі бар жақ-
сыны беруге тырысаады. Арыстан Алтын-Төре
Мейрамұлы әлі екі жасқа да толған жоқ, алай-
да, оның ата-анасы қазірдің өзінде оған дұрыс
тәрбие мен білім беру ісіне ерекше көңіл бөліп
отыр. Бала Baby тренингтерге барып жүр, бас-
сейнде жаттығады, Бутя есімді кішкентай мы-
сығымен ойнайды.
«Балам мысық, ит, тотықұс секілді жануар-
ларды жақсы көреді. Оған хайуанаттар бағына
барған ұнайды. Солардың тілінде сөйлегісі ке-
леді, маған кейде жануарлар оны түсініп, жауап
беруге тырысатындай көрінеді», – дейді анасы
Айжан Сауытова.
Баланың ақжарқын мінезі кім-кімді бол-
са да баурап алады. «Ол өте ашық, мейірімді,
кез-келген жастағы баламен бірден ойнап жүре
береді. Сұйықтықтармен ойнағанды жақсы
көреді, мейлі ол шай болсын, су немесе жеміс
шырыны болсын ұлым кез-келген сұйықтықты
ойыншыққа айналдырып жібереді», – дейді Ай-
жан Сауытова.
Бала бір жасқа толмай жатып анасы оны
Baby тренингке жаздырды. «Тәрбиешілер мен
оқытушылар балалармен әңгімелеседі, жүру-
ді, сөйлесуді үйретеді, жан-жақты дамытуда.
Бірнеше дәрістен кейін-ақ бала толығымен өз-
герді. Бұрын көңіл-күйі болмайтын, ешнәрсеге
көнбейтін, анасы болмаса еш нәрсе істемейтін,
қазір Baby тренингке барғалы мүлде басқа ба-
лаға айналды – өз бетінше ойнай бастады», –
дейді Айжан.
Baby тренигтерде бала пластилиннен түрлі
мүсіндер жасайды, ән айтып, сурет салады, қол-
дан түрлі дүние жасауға тырысады.
«Әзірге оқытушылар оның солақай немес
оңқай екенін ажырата алмай отыр, балам екі
қолымен де жақсы жұмыс істей береді. Сол
қолымен жасауды сұраса сол қолымен, оң қо-
лымен істеуді сұраса оң қолымен істей береді»,
– дейді Айжан.
Балақай әртүрлі суреттер салады. «Ол та-
биғатты салғанды ұнатады – саңырауқұлақ,
кірпі, мысық салынған суреттері көп. Солардың
суретін салып, түрлі түстермен бояйды», – дей-
ді анасы. Арыстан ерте даму тобында жүрген
уақытты Айжан босқа өткізбей дәл сол ғимарат-
та орналасқан фитнесс-залға беттеді.
БАСты КейІПКер ӘЖелер МеН АтАлАр
Кішкентай Арыстан Алтын-Төре Мей-
рамұлы ата-әжелерін қатты жақсы көреді. «Олар
келген кезде балам мысығы екеуі алдарынан
жүгіріп шығады. Атасы мен әжесі екеуін де құ-
шақтарына алады. Оларға басқа ешнәрсе керек
емес болып қалады», – дейді Айжан күліп.
Арыстанның өз атасы мен әжесі Қараған-
дыда тұрады. Ал, нағашы атасы мен әжесі ауыл-
дағы жеке меншік үйде тұрады. «Демалыс күн-
дері ауылдағы ата-әжесіне баруға тырысамыз.
Себебі, ата-әжесі жүзім, алма, таңқурай өсіреді.
Атасы немересіне бақтың ішінде арнайы сәкі
орнатты, шағын субұрқақ жасады, алты ай жаз-
ды атасы бақшада өткізеді. Атасы мен немересі
атыздарда отырып, жер қазады. Бүкіл демалы-
сты бірге өткізеді», – дейді Айжан. Арыстан
десе үйдегілердің барлығы ішкен асын жерге
қояды. «Анамның әріптестерінің барлығы оның
немересі жайында әлдене айтып жатқанда гүл
секілді жайнап сала беретінін байқапты. Әже-
сі немересін қатты жақсы көреді. Кез-келген
ата-ана үшін баласы – ең үздік, ең әдемі және
талантты. Ал, атасы мен әжесі үшін немере –
бұл тұтас бір бөлек әлем», – дейді Айжан.
BN-нен
Осындай қамқор да мейірімді ата-анасы,
ата-әжесі бар кішкентай Арыстан Алтын-Төре
Мейрамұлының міндетті түрде үлкен тұлға
болып өсері анық. Оның есімі әлі талай атала-
тынына, бүкіл ел жетістіктеріне қуанатынына
сенімдіміз. Себебі, табысқа алып барар жол
бала кезден, дұрыс тәрбиеден, білімнен және
тіпті, ата-анасы, ата-әжесі беретін махабаттан
да басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |