«базис» компаниясына



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата15.03.2017
өлшемі4,36 Mb.
#9994
1   2   3   4   5   6   7   8

Павел Николаевич Блажко



«Ағылшын орамы» тК директоры (Астана)

Құрметті  құрылысшылар!  Сіздерді  кәсіби 

төл  мерекемен  шын  жүректен  құттықтаймын! 

Барлық бастамаларыңызға сәттілік серік болсын! 

Сіздерге  өнімді  де  қызықты  жұмыс,  кемел 

нәтижелер тілеймін! 

Өз  бақыттарыңызды  салып,  жайлылық  жа-

сап, жарқын болашаққа алып барар көпір салула-

рыңызға тілектеспін!

Владимир григорьевич Сербин



№3 қМБ бастығы (Астана)

Қымбатты  құрылысшылар!  Осынау  тама-

ша мереке күні менің ең шынайы да жылы құт-

тықтауларымды қабыл алыңыздар. Бұл маңызды 

мамандық  сонау  заманнан  құрметке  ие.  Біздің 

еңбегіміздің  арқасында  қалалар  көркеюде,  сәй-

кесінше,  адамдардың  өмірі  де  жақсаруда.  Сіз-

дердің  ақыл-ойларыңыз,  еңбектеріңіз,  талант-

тарыңыз  бен  тәжірибелеріңіздің  арқасында 

адамдар отбасы жылуына ие болуда! 

Барлық арман-тілектеріңіз бен жоба-жоспар-

ларыңыздың  орындалуын,  қалаларды  дамыту 

жолындағы  еңбектеріңізге  кәсіби  жетістіктер 

тілеймін!

25 ЖылдыҚпен ҚҰттыҚтАулАр

25 ЖылдыҚпен ҚҰттыҚтАулАр

қуттықтаЙМыЗ

13

12



BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016

Николай Васильевич, қатарластарыңыз бен 

әріптестеріңіздің  арасынан  өз  ісінің  шебері  деп 

кімдерді атар едіңіз?

– «Базис» ЖИ ең тәжірибелі қызметкерлерінің 

бірі – жобалау институтының бас конструкторы Ген-

надий Сұлтанов, өз ісінің шебері, жобалау институ-

тының бас директоры Надежда Дашко, сонымен бір-

ге, Жобалау институтының бұрынғы директорлары 

–  марқұм  Борискин  Николай  Васильевич,  Караке-

шишев Константин Арменакович, тәжірибелі, білік-

ті  қызметкер  Антонина  Ю-Бо-Джан.  Бұлар  ұжым-

ның  діңгектері.  Архитекторлар  арасынан  талантты 

архитектор  Елена  Зенинаны  айта  аламын.  Жалпы, 

біздің  жобалау  институтымыздың  барлық  маманы 

шығармашыл және жауапты адамдар. 

«Базис»  жобалау  институты  мен  «БАЗИС» 

құрылыс  компаниясы  Астанада  жұмыс  істей 

бастағалы бергі уақыт ішінде не есіңізде қалды? 

–  Біздің  барлық  жобаларымыздың  жүзеге 

асуында Александр Якубовичтің жеке үлесі бар, бар-

лығына  араласып,  жобалау  мен  құрылыстың  бүкіл 

процесін қадағалайды.  Минтранскомның салынып 

жатқан ғимаратында өткен жопарлама есімде. Қат-

ты  суық  болатын  –  қатты  жел  соғып  тұрды.  35-ші 

қабатқа жаяу көтерілдік. Өңменіңнен өтер жел мен 

суыққа қарамастан Александр Якубович бас киімсіз 

жүрді. Ол сол жерде тұрып құрылысшылармен және 

жобалаушылармен кеңес өткізді. Біздің бірінші бас-

шымыз адамдарды ұйымдастырып, жұмысты жолға 

қоя білді.  

Николай  Васильевич,  2013-ші  жылы  «қа-

зақстанның  құрметті  құрылысшысы»  атағын 

алдыңыз. Бұл атақтың сіз үшін салмағы қандай? 

– Мен бұл атақты алғытөлем ретінде алып оты-

рмын деп есептеймін. Барлық білімім мен күшімді 

компаниямыздың дамуына жұмсаймын. 



Жоғары  дәрежелі  жобалаушы  немесе  архи-

тектор болу үшін не істеу керек?

–  Кез-келген  мамандықта  табыс  жолы  мектеп 

қабырғасынан немесе жоғары оқу орнынан бастала-

ды. Бұл – ең бастысы. Қалғаны адамның өзіне бай-

ланысты – кім алға жылжығысы келсе алға жылжи-

ды, кім бір орында тұрамын десе бір орында тұрады. 

Егер адам мықты маман болғысы келсе құрылысты, 

барлық  ҚНмЕ,  жобалау  мен  құрылыстың  қыр-сы-

рын  білуі  тиіс.  Егер  адам  ҚНмЕ  бес  саусағындай 

білетін болса, ешқандай да мәселе болмайды – жо-

балайды, жобаларда қателік жібермейді, келешекте 

жақсы жобалаушы ретінде құрметке ие болады. 



BN анықтамасы 

Николай  Васильевич  Печинников  1953  жылы 

Киров облысында дүниеге келген. 1957 жылы отба-

сы тың және тыңайған жерлерді игеруге Целиноград 

облысына көшіп келді. Печинников мектепке 1961 

жылы барды. 1970 жылы мектеп бітіргеннен кейін 

целиноград  инженерлік-құрылыс  институтына  «Су 

және  кәрізбен  қамтамасыз  ету  инженері»  маман-

дығы бойынша оқуға түсті. 1975 жылы оқу орнын 

аяқтағаннан соң еліміздің Қарулы күштері қатары-

на шақырылды. Кеңес және Қазақстан армиясының 

құрылыс әскерінде 26 жыл қызмет етті. Қазір Аста-

нада жұмыс істейді.

Николай  Васильевич  Печинниковтің  «Базис» 

жобалау  институтында  еңбек  етіп  келе  жатқаны-

на 16 жыл. 2000 жылы жобаның бас инженері қы-

зметіне  келді.  Қазір  Астанадағы  «Базис»  жобалау 

институты  бас  директорының  орынбасары.  2013 

жылы Николай Васильевич «Қазақстанның құрмет-

ті құрылысшысы» атағына ие болды. Құрылыс сала-

сындағы еңбек өтілі 40 жылдан асады.

Қазақстандағы ең ірі «Базис» жобалау институты бірегей, әсем де күрделі ғимараттарды өмірге әкелуде. Қазір елімізді 

бүкіл әлем сол ғимараттарға қарап таниды. Жаңа жобалардың қалай дүниеге келетіндігі, жобалушылардың қандай 

қиындықтарға  тап  болатыны,  жақсы  маман  болу  үшін  не  істеу  керектігі  жөнінде  «Базис»  жобалау  институты  бас 

директорының орынбасары Николай Васильевич Печинников айтып берді. Ол институтта 16 жылдан астам уақыт 

еңбек етеді және Қазақстанның құрметті құрылысшысы. 

қАлАлАр қАлАй ПАйдА БолАды 

BN анықтамасы

«Базис»  жобалау  институты  осыдан  ширек  ға-

сыр бұрын құрылды. Архитекторларымыз бен жоба-

лаушыларымыздың жұмыстары Алматы, Астана мен 

Қазақстанның басқа да өңірлеріне әр беріп тұр. «Ба-

зис» ЖИ жұмыстарының арасындағы ең танымалда-

ры – «Нұрлы-Тау»  полифункционалды кешені, «Ал-

малы» жерасты СОО, «Зүбаржат квартал» әкімшілік 

кешені,  «Солтүстік  шұғыласы»  әкімшілік-тұрғын 

үй  кешені,  оқушылар  шығармашылығы  Сарайы, 

«Астана салтанаты» ТК, Дөңгелек алаң, қаржы Ми-

нистрлігінің ғимараты, көлік және коммуникациялар 

Министрлігінің ғимараты және Қазақстан бойынша 

тағы 100-ден астам нысан.  

 

САрАПтАМАдАН өту – теңІЗдеН өту-

МеН БІрдей  

Николай Васильевич, неліктен жобалау және 

құрылыс саласын таңдадыңыз? 

–  Мен  оқу  орнын  бітірдім  де  2000-шы  жылға 

дейін  құрылыспен  айналыстық  –  Алматы,  Аягөз, 

Ақтоғай,  Гвардейский,  Сарыөзек,  Талдықорған, 

Семей,  Бішкек,  Ташкент  пен  Душанбеде  қорғаныс 

Министрлігіне арналған нысандар соқтық. Бұл Ор-

таазиялық әскери округ болғандықтан құрылыс гео-

графиясы өте үлкен болды. 

Әскерде жүргенімде түрлі күрделі жобалармен 

жұмыс істей жүріп нысан құрылысына қатысты бел-

гілі  бір  тәжірибе  жинадым,  сондықтан,  әскер  қата-

рындағы қызметімді аяқтағанан кейін құрылыс сала-

сында ары қарай жылжудан басқа ой да болған жоқ. 

2000  жылы  бұрынғы  бас  инженеріміз  марқұм 

Владимир Александрович Тян мені жобалау инсти-

тутында ЖБИ (жобаның бас инженері) ретінде жұ-

мыс істеуге шақырған. Содан бері міне 16 жыл не-

гізінен «БАЗИС» құрылыс компаниясы нысандарын 

жобалайтын «Базис» жобалау институтында жұмыс 

істеп келемін.  

Жобалау  институтында  жұмыс  істей  бастаға-

нымда  Алматыда  тұрдым.  Астанадан  астанаға  ап-

талап,  айлап  іссапарға  келіп  жүрдім.  Кейін  осында 

түпкілікті көшіп келдім. Астанада тұрып жатқаныма 

16 жыл. Қазір «Базис» жобалау институты бас дирек-

торының орынбасарымын. 



Жобалау институтының Астанадағы Филиа-

лында неше адам жұмыс істейді? 

–  Астанадағы  филиалымыздың  штаты  үлкен 

емес – 12 адам. Авторлық бақылау тобы мен архи-

текторлар  тобынан  тұрады.  Олар  тек  Астана  ғана 

емес сонымен қатар, Алматы үшін де ғимараттарды 

жобалауға көмектеседі. Жобалау институтында жұ-

мыс шаш етектен, біз Алматыдағы әріптестеріміздің 

жобалау ісіне көмек көрсетеміз. 



Николай  Васильевич,  «Базис»  жобалау  ин-

стутындағы атқаратын міндетіңіз қандай? 

–  «БАЗИС»  құрылыс  компаниясы  Астанада 

салып жатқан барлық нысан күрделі болып есепте-

леді  және  негізгі  мемлекеттік  сараптамадан  өтеді. 

Мен барлық жобалардың мемлекеттік сараптамадан 

өтуін  бақылаймын.  Біз  СЭС  (санэпидемстанциия), 

экология органдарымен жұмыс істейміз. Бүгінгі күні 

оларсыз  бір  де  бір  жоба  мемлекеттік  сараптамадан 

өте  алмайды.  Кезінде  ТЖМ-мен  (төтенше  жағдай-

лар  Министрлігі)  жұмыс  істедік.  Бірақ,  қазір  олар 

өз  функцияларын  мемлекеттік  сараптамаға  берді 

де енді біз нысандардың өрт қауіпсіздігі мәселелері 

бойынша мемсараптамамен тікелей жұмыс істейміз. 

Құрылыс істері жөніндегі Комитетпен үлкен жұмы-

стар  атқарып  жатырмыз.  Кейде  құрылыс  процесі 

кезінде  қайсыбір  техникалық  нормалар  мен  ереже-

лердің  өзгеруіне  байланысты  бірқатар  мәселелер 

пайда болып жатады. Сондықтан, біз келісіп немесе 

қандай да бір нормаларды өзгерту үшін мемлекеттік 

органдарға  жүгінеміз.  Кейде  ҚНмЕ  мен  құжаттар-

да екіұшты түсінік беретін тармақтар болады. Дау-

лы нормалар мен ережелерді ретке келтіру үшін біз 

Астанадағы құрылыс істері жөніндегі Комитетке жү-

гінеміз. Сәйкестендіру, келісу табысты өтеді.  



АдАМдАрғА ЖАйлылық СыйлАйМыЗ 

Жоба өмірге қалай келеді? Жобалаушы қан-

дай да бір ғимаратты жасау үшін идеяны қайдан 

алады? 

– Қала басшылығы байқау жариялап, оған түрлі 

жобалау институттары қатысады, қайсысының ұсы-

нысы қызықтырақ болса сол жобалуға мүмкіндік ала-

ды.  Мәселен,  оқушылар  шығармашылығы  Сарайы 

мен  Қазақстан  тарихы  музейін  мемлекет  тапсыры-

сы бойынша біз жобаладық. Бір мезетте Қазақстан 

тарихы  музейі  мен  оқушылар  шығармашылығы 

Сарайының құрылысына халықаралық байқау жүр-

гізілді. Біз тығыз ынтымақтастық орнатқан компани-

ялар жеңімпаз атанды – оқушылар сарайы идеясын 

«Студия 44» компаниясы жеңіп алды, олар эскиздік 

жоба  жасады,  ал,  біз,  жобалау  институты  идеяны 

жүзеге  асырдық,  яғни,  жұмысқа  арналған  жобаны 

жасадық.  Оқушылар  шығармашылығы  Сарайы  өте 

күрделі  жоба  болды.  Барлық  жобалаушыларымыз 

білімін,  тәжірибесі  мен  күш-жігерін  осы  жобаның 

іске  асуына  жұмсады.  Онда  бір  бірімен  жалғасып 

жатқан залдар мен жайлар, айналма саты, бассейн, 

мұзды  площадка,  обсерватория  өте  көп.  Оқушы-

лар  шығармашылығы  Сарайы  тез  жобаланып,  аса 

қысқа  мерзімде  салынды.  Пайдалануға  беруге  бір 

жарым-екі ай уақыт қалғанда нысанға келген Аста-

ны қаласының әкімі біздің ғимаратты мұндай қысқа 

уақытта,  оның  үстіне  Республика  Күні  қарсаңында 

тапсыратынымызға сенімсіз екенін айтқан болатын. 

Алайда,  осыншама  уақыт  құрылыста  өмір  сүрді 

деуге  болатын  Александр  Якубович  Беловичтің 

қажыр-қайратының арқасында  құрылысшылар бар-

лығын аяқтап, нысанды уақытында тапсырды. Арада 

біршама  уақыт  өткеннен  кейін  оқушылар  шығар-

машылығы  Сарайы  Қазақстан  Республикасының 

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың марапатына ие 

болды. 


Қазақстан  тарихы  музейін  де  біз  жобаладық, 

алайда,  кейін  нысан  құрылысы  өзге  компанияға 

берілді  де  құрылысы  (пайдалануға  берілгеніне  қа-

рамастан) әлі күнге дейін аяқталмай тұр – ол жерде 

жұмыс әлі жүріп жатыр. 

Біз сонымен қатар, көлік және коммуникаци-

ялар  Министрлігі,  КЕГОК  ғимараттарын  жобала-

дық  –  бұлар  ішкі  инфрақұрылымы  күрделі  үлкен 

нысандар. 

Николай Васильевич, Жобалау институтын-

да бірнеше құрылымдық бөлімшелер бар. олар 

немен айналысады? Жұмыстың қай түріне жауап 

береді?

–  Біздің  жобалау  институтымызда  бірнеше 

бөлім  бар:  бірі  архитектураға,  енді  бірі  конструк-

тивтерге, үшіншісі жылу мен вентиляция, қайсыбірі 

электрмен қамтамасыз ету, байланысқа жауап береді. 

Барлығы  конструкторлық  бөлімнен  басталады. 

Әуелі  діңгек  қағылатын  алаң  жобаланады,    кейін 

іргетасы,  қаңқасы,  сөйтіп,  бірте-бірте  жылу,  венти-

ляция, сумен қамтамасыз ету, трансформаторлы қо-

салқы  станция,  инженерлік  желілерге  ұласып  кете 

береді. Кез-келген ғимарат – жобалау институтында 

ебек  ететін  барлық  маманның  еңбегінің  нәтижесі. 

Жылу, вентиляция, кәріз – мұның барлығы адамдар-

дың салынған ғимараттарда жайлы өмір сүріп, жұ-

мыс істеуін қамтамасыз ететін ғимараттың күре та-

мырлары іспетті.



Бір ғана жобалаушы тұрғын үй кешенін де, 

инфрақұрылым  нысанын  да,  мысалы,  жолайы-

рығын немесе спорт кешенін жобалай алады ма?

– Белгілі бір дәрежеде білімі болса жобалаушы 

кез-келген  нысанды  жасай  алады  деп  ойлаймын. 

Жоғары технологиялық жобаларды жасау үшін жақ-

сы  әзірлік,  сауаттылық  пен  жобалау  саласындағы 

тәжірибе  қажет.  Көпірлерді  жобалау  басқа,  тұрғын 

немесе  әкімшілік  ғимаратты  жобалау  басқа.  Бірақ, 

егер жобалаушы-конструктордың белгілі бір дәреже-

де білімі болса ары қарай оқып, жетіліп, егер қатты 

талаптанса кез-келген нысанды жобалай алады. Бәрі 

адамның білігі мен ниетіне байланысты. 

Әрине,  әсем  архитектуралық  нысан  салу  үшін 

әлемді шарлап, Италия, Франция, Америкадағы және 

басқа да елдердегі ғимараттарды көру керек, себебі, 

архитектордың  танымы  түрлі  архитектураны  көр-

ген сайын кеңейеді. Адам архитектураны неғұрлым 

көп көрген сайын білімді де көп жинайды, оны кей-

ін  жұмыс  барысында  қолдана  алады.  Жинақталған 

білімнің арқасында архитектор немесе жобалаушы 

архитектуралық шедевр жасай алады деп ойлаймын. 



ЖоБА ЖүЗеге АСу үШІН тер төгу 

қАЖет

орташа  алғанда  жобаны  жасауға  қанша 

уақыт жұмсалады? 

–  Кез-келген  жоба  нысан  салынатын  жердің 

құқық  белгілеуші  құжаттарын  алудан  басталады. 

Бізге жобалау жөнінде тапсырма береді. Мұнан соң 

участоктың  ДЖЖ  (детальді  жоспарлау  жоспары) 

алу қажет. Мұнан кейін біз техникалық шарттары-

на сұрау саламыз, қалалық архитектураға нысанның 

топографиялық түсіріліміне тапсырыс береміз. Тех-

никалық шарттар мен топотүсірілімді алғаннан кей-

ін участокқа бізге жобалау тапсырылған ғимаратты 

«отырғыза» бастаймыз. 

Жоба күрделілігіне қарай 3 айдан 1 жылға дейін 

әзірленуі мүмкін. Оқушылар шығармашылығы Са-

райы секілді кейбір нысандарды өте қысқа мерзімде 

жобалап салдық. Нысандар жеңіл және күрделі бо-

лады. Жоба іске асуы үшін көп күш-жігер жұмсауға 

тура келеді. 

Келісу, сараптама жасауға көп уақыт кететін 

шығар? 

– Әрине. Инженерлік желілерді алайық. Қазір 

барлық  коммуналдық  қызметтің  келісімін  алу  өте 

қиын. Су құбыры, кәріз, жыл трассасы мен кабель-

дік желі секілді инженерлік желілерді тартуға рұқ-

сат алу үшін 10-12 түрлі ұйымдардың рұқсаты ке-

рек. Барлығының келісімін алғаннан кейін жобаны 

кадастрге алып бару керек. Барлығын заңға  сәйкес 

жасау үшін көп уақыт пен күш кетеді. Дәл осындай 

жұмыстармен  Астанада  да  айналысамыз.  Себебі, 

инженерлік  желісіз,  нысан  тіршілікті  қамтамасыз 

ету желілеріне қосылмай бір де бір ғимарат салын-

байды. 

Алматы  сейсмоқауіпті  аймақ  болса,  Аста-

наның топырағы аса жақсы емес. Бұл мәселені 

қалай шешіп жатырсыздар?

–  Ия,  Астанада  топырақ  түйіні  бар.  Қаладағы 

барлық  «жақсы»  участоктар  толығымен  игерілді, 

қажет емес үйлердің барлығы сүрілді, олардың ор-

нына жаңалары салынды, ал, құрылыс компанияла-

рына участок батпақтан берілуде. Сол жағалауда, Са-

рыарқа  көшесінің  батысында  құрылыс  толығымен 

батпақта салынып жатыр. Батпақ кептірілуде. Мұн-

дай участоктарда құрылыс салу өте қиын. Бірақ, біз 

тіпті нашар топырақты жерге де жобалап, ғимарат 

салудамыз. Былтыр топырағы нашар үш гектар жер-

ге әлеуметтік баспана салдық. Жанынан темір жол 

өтеді. Мемлекет бұл участокты әлеуметтік баспана 

үшін  бөлді.  Біз  тапсырманы  ойдағыдай  орындап 

шықтық.  Адамдар  жаңадан  салынған  пәтерлерінде 

тұрып жатыр. 

Тағы  бір  мәселе  –  қалада  бос  жер  қалмады. 

Сүрілуге  кететін  жерлер  бар.  Қаржы  тапшылығы-

на байланысты болса керек, қала көне ғимараттар-

ды сатып алып сүріп тастай алмайды, себебі, бұған 

көп  қаражат  керек.  Мәселен,  Кенесары  көшесінің 

бойында  көптеген  игерілмеген  жер  жатыр.  Тауел-

сіздік көшесінде үлкен аумақты ескі гараждар алып 

жатыр,  оларды  қала  сатып  ала  алмайды.  Әлбетте, 

гаражсыз да қиын, алайда, бұл ғимараттар қаланың 

келбетін бұзып тұр. 



БӘрІ де МАМАННың тӘЖІрИБеСІ МеН 

БІлІгІНе КелІП тІреледІ

Көбіне  құрылысшылар  жобалаған  нәрсені 

салу қиын деп жобалаушыларға ренжіп жатады. 

Бұл жағдай неліктен пайда болады? 

– Мұндай сәттер құрылысшылардың біліктілі-

гінің  деңгейі  жобалаушылардыкінен  төмен  болған 

жағдайда  тууы  мүмкін.  Әрине,  жобалаушы  бар-

лығын әдемі, мінсіз етіп салып, ал, нысанға келсең 

қайсыбір  тораптың  жұмыс  істемейтінін  көретін 

жағдайлар  болып  тұрады.  Ал,  кейде  құрылысшы-

ның білігі жетпей жатады, ондайда архитектордың 

нысан басына барып, қалай дұрыс жасау керектігін 

өзі  түсіндіруге  мәжбүр  болатын  кездер  де  болады. 

Бізде  күрделі  мәселелер  туындаған  емес,  себебі, 

«БАЗИС»  компаниясында  кәсіби  құрылысшылар 

жұмыс  істейді.  «Базис»  жобалау  институты  білікті 

мамандар еңбек ететін бірінші категориялы инсти-

тут. Барлығы тәжірибе мен біліктілік деңгейіне келіп 

тіреледі,  сондықтан,  біз  құрылысшылармен  ортақ 

тіл табыса аламыз. 

«БАЗИС»  құрылыс  компаниясы  өзге  жоба-

лаушылардан  да  жобалар  алып  тұрады,  сондайда 

құрылысшылар тарапынан «мұны «Базис» жобалау 

институты дайындағанда ғой» деген пікір айтылып 

жатады. Себебі, басқа жобалау институттары жоба-

ны тапсырады да оған қайта оралмайды, құрылыс-

шыларға түсіндіріп, көмектеспейді. Ал, егер біздің 

құрылысшыларымыз олардың әлденені түсіндіруін 

сұрағандай  болса  олар  «қосымша  ақы  төлеңіздер, 

сонда көмектесеміз» деген уәжін айтады. 

 «БАЗИС» құрылыс компаниясының құрылыс-

шылары біздің жобалау институтымыздың қызмет-

керлерінің әлеуетін біледі, біз түсіндіруден ешқашан 

қашпаймыз және қиын сәттерде көмек қолын соза-

мыз. 


Жобалаушыларға ауыр соғатын жобалар бо-

лады ма?

– Жергілікті жер күрделі болады, топырақ құра-

мы күрделі болып келеді – мәселен, су жақын жа-

тады  немесе  топырағы  бос  болып  келеді.  Мұндай 

топырақта құрылыс салу мен жобалаудың түрлі нор-

малары мен ережелері бар. Жобалаушылар діңгекті 

алаңды  жобалағанымен  діңгектер  қағылмайтын  да 

жағдайлар болады. Бір участокта бірнеше топырақ 

түрі болатын да кездер кездеседі. Геологиялық зерт-

теулер  жүргізілген  жердегі  топырақ  бір  түрлі  де, 

одан небәрі бес метр жердегі топырақ мүлдем басқа. 

Ондайда қосымша зерттеулер жүргізіп, жаңа қоры-

тындылар бойынша жобалауға тура келеді. Батпақта 

құрылыс салудың да өз қиындықтары бар – техника 

топыраққа батады. 

 

Жобалаушы үшін ең қорқынышты нәрсе не?

– Қажетті білімнің болмауы. Егер адам істі не-

ден бастарын, мәселені қалай шешерін білмесе – сол 

қорқынышты.  Егер  жобалаушының  жақсы  білімі 

болса, қорқудың керегі жоқ. 



Әр МАМАННың ЖетІСтІККе ЖетуІ – 

өЗ қолыНдА 

өзіңіз жүзеге асырған жобалардың ең ұнай-

тыны қайсы? 

– Мен үшін есте қалған, жаныма жақын нысан 

– оқушылар шығармашылығы Сарайы. Ол Алматы-

да жобаланды. Оның Астанадағы түрлі органдарда 

құжаттарын  ретке  келтіруге  көп  атсалыстым.  «Зү-

баржат квартал» мен көлік және коммуникация Ми-

нистрлігінің  ғимараты  жобалары  менің  қолымнан 

өтті. Бұлар мұнда алып құрылыстар енді басталып 

жатқан Астанадағы негізгі нысандар болды. Қаржы 

Министрлігі  ғимаратын  біз  жобалап,  салдық.  Ол 

уақытта  бұлар  осындай  архитектурасы  күрделі 

алғашқы ғимараттар болатын. «Мыңжылдықтар Ал-

леясы» Дөңгелек алаңнан басталды. Кейін құрылыс 

«Бәйтеректің»  батыс  жағына,  Министрліктер  үйі 

мен Ақордадан ары қарай және «Хан Шатырға» қа-

рай жалғасты. «БАЗИС» құрылыс компаниясы мен 

«Базис»  жобалау  институты  қаланың  түрленуіне 

бар қажыр-қайратын жұмсаған алғашқылардың бірі 

болды. 

15

14



BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ  



МеН «БАЗИС-те» ЖұМыС ІСтейМІН

МеН БолАШАқты САлыП ЖАтырМыН

құрылыСШы – ерлердІң 

КӘСІБІ

БАСтыСы – БІлІКтІлІК ПеН 

ЖұМыСқА дегеН ыНтА 

БАСтыСы – ұЖыМдА АдАл 

еңБеК ету

ЖұМыС ІСтеуге ыңғАйлы 

ЖӘНе ЖАйлы 

ең БАСтыСы – құрылыС 

теХНологИяСыН САқтАу

ЖұМыСтА ең БАСтыСы – 

тӘртІП ПеН ЖеделдІК

«БАЗИС» – Бұл тұрАқтылық 

ПеН СеНІМдІлІК 

ЖАқСы КөретІН 

НыСАН – оқуШылАр 

ШығАрМАШылығы САрАйы 

БАқытыМды «БАЗИСтеН» 

тАПтыМ

құрылыСтА ЖұМыС ІСтегеН 

ұНАйды

«БАЗИС» КоМПАНИяСыНдА 

ЖұМыС ІСтегІМ КелетІН

Алдабергенов таңатар Жүсіпбекұлы

№1 қМБ монолит жұмыстары жөніндегі 

участок бастығы болып еңбек етеді – еХро-ға 

қатысушыларға арналған баспананы салып 

жатыр. «БАЗИС» құрылыс компаниясында 

жұмыс істеп келе жатқанына - 10 жыл. 

Нұраханов Нұрдәулет қарағайұлы,

еХро-баспана нысанының энергетигі, 

өте тәжірибелі және жауапты қызметкер. 

Компанияда 2012-ші жылдан еңбек етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет