қАЗІргІ ЗАМАНғы «ЖАСыл» СтАН-
дАрттАр
ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі мен екі
тұрғын үй кешені нысандары құрылысының
алғашқы күнінен бастап энергия үнемдеу техно-
логияларын қолдануға үлкен көңіл аударылды.
Бүкіл аумақ қайта қалпына келетін қуат көз-
дерімен жұмыс істейтін шамдармен жарықтан-
дырылады – барлық шам бағаналары күн батарея-
ларымен жабдықталған. ЕХРО қатысушыларына
арналған баспана аумағында «Базис» жобалау
институтының қызметкерлері әзірлеген қайта
қалпына келетін қуат көздерімен жарықтандыру
технологиясы қолданылатын болады.
Құрылысшыларымыз немістің дүниежүзінде
табысты қолданылып жүрген «Калцип» жабын
жүйесін пайдаланды. Бұған қоса, паркингтің
үстінде тал-шіліктер, ағаштар мен гүлдер оты-
рғызылып жатқан арнайы жабын бар. Ғимарат-
тың периметрі бойымен адамдар санын есеп-
тейтін және жарықтандыруды бөлетін арнайы
сенсорлар орнатылған. Бұл энергия шығынын
азайтуға және жасыл тұжырымдамаға сай бо-
луға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, электр
желілеріне түсетін салмақты азайту үшін және
қайта қалпына келетін қуат көздерінің энергия-
сын көрменің инфрақұрылымына интеграциялау
үшін SmartGrid технологиясы қолданылатын бо-
лады. Ол нақты уақыт режимінде энергия тұты-
нуды бақылауға және салмақты автоматты түрде
бөлуге мүмкіндік береді.
ЕХРО нысандары Қазақстан үшін имидждік
құрылыстар. Солардың арқасында елімізді мей-
лінше көп ел тани түсуде. Көрмеге 100-ден астам
ел, 10-нан астам халықаралық ұйым мен инно-
вациялық технологиялар саласындағы алдыңғы
қатарлы әлемдік компаниялар қатысады деп
жоспарлануда.
ЭКологИяМеН үйлеСІМдІ өМІр
«БАЗИС» компаниясы сонымен қатар,
«ЕХРО-2017» қатысушыларына арналған
жапсарлас жайлары мен паркингі бар көп пә-
терлі тұрғын үй кешенін салып жатыр. Тұрғын
үй кешенінің қасбеті өзгеше және бөлмелердің
орналасуының жоспарлық шешімдері ыңғайлы.
Олар жайлылыққа үйренген кірпияз шетелдік-
тердің көңілінен шығады деп күтілуде. Әріпте-
стеріміз 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлері, қазір-
гі заманғы жерасты паркингтері мен дамыған
инфрақұрылымы бар үйлер тұрғызды. Қазір
абаттандыру мен жол жұмыстары бригадалары
тұрғын үй кешенінің ауласы аумағын абаттан-
дыруда. Кешен шетелдік қонақтарды желтоқсан
айының өзінде-ақ қабылдай алады.
Әріптестеріміз ЕХРО-қалашық аумағында
салып жатқан «ЕХРО Plaza» тұрғын үй кешені
ерекше назар аударуды қажет етеді. Кешен A, B,
C, D секілді төрт орамнан тұрады. Әр орамда 1,
2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлері бар (5-8 қабатты)
5-6 тұрғын үйден бар.
Үйлердің арасындағы аулалардың аумағы
үлкен, онда серуен мен демалысқа қажеттінің
барлығы болады. Әр орамның жеке ыңғайлы ав-
топаркингтері бар, балалар және спорт алаңдары
жасалуда, аулада демалыс аймақтары әзірле-
нуде. 4,5 гектар жерді алып жатқан тұрғын үй
кешенінің аумағын толығымен жасыл аймаққа
айналдыру жоспарлануда. Кешеннің периметрі
бойымен 30 метрлік жолақ етіп бірегей канада-
лық саябақ отырғызылуда. «EXPO Plaza» тұрғын
үй кешені өте сәтті орналасқан – ол саябақтар
мен гүл бақтарымен қоршалған, кешенге жақын
жерде Назарбаев Университет пен Қазақ ұлттық
хореография академиясы орналасқан. Академия-
ны компаниямыз биыл күзде пайдалануға береді.
тАБыС – Бұл КоМАНдАлық ЖұМы-
Стың НӘтИЖеСІ
ЕХРО-ның барлық бірегей нысандарын
құрылысшыларымыз салды. Күн сайын (армату-
рашылар, бетон құюшылар, әрлеушілер, шатыр
жабушылар, сантехниктер, электриктер, вен-
тиляция орнатушылар, ғимараттарды жылумен
қамтамасыз ету бригадалары мен басқа да ма-
мандардан тұратын 600 – 1000 адам) жұмысқа
шығып, осы ғимараттарды метрлеп көтеріп
отырды. Құрылысшыларымыздың, прорабта-
рымыздың, участок бастықтарының, құрылыс
директорлары мен өндіріске жауапты басқа да
мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында
осындай әсем де жоғары технологиялы ғимарат-
тарды тамашалау мүмкіндігіне ие болдық.
Әріптестеріміздің жоғары біліктілігінің
дәлелі - ЕХРО нысандарының детальдары.
Мәселен, әріптестеріміз бірегей жаппа салды.
Ол бір мезетте барлық 4 ғимаратты бір шатыр-
дың астына біріктіретін жылжымалы тіреулерде
орнатылған көпірдің де қызметін атқарады. Бұл –
өте әдемі архитектуралық шешім, іске асырылуы
өте күрделі.
ЕХРО нысандары құрылысының өзі тек
мемлекетке ғана емес, бизнеске де қомақты та-
быс әкелгенін атап өткен жөн – нысандарды
салу барысында жергілікті қазақстандық өн-
дірушілердің өнімдері пайдаланылды. Ішкі әрлеу
жұмыстарына қолданылатын құрылыс материал-
дары, гранит, ғимаратар мен лифттердегі еден-
дер – барлығы қазақстандық өнімдер. Аумақты
абаттандыруда да қазақстандық гранит пайдала-
нылуда. Нысандар мен техникалық жайлардағы
есіктер де еліміздікі – Алматы Alcom Engineering
Group зауытының тауарлары. Алюминий діңгек-
ті-ригельді жүйе белгілі Schüco компаниясыны-
кі, қалғандарын «Алюгал» өндіреді, «Алкон»
құрастырады.
Үш футбол алаңымен шамалас аумақ абатт-
тандырылып қойылды. Жолдар мен жаяу жүр-
гіншілер аймағы гранитпен әрленген. Жасыл
желекке оранған гүлзарлары бар демалыс ай-
мағы келушілер үшін нағыз жұмақ бағы іспетті
болмақ.
БАЗИС-А АСтАНАдА тӘуелСІЗдІК Сте-
лАСыН САлудА
Еліміз үшін ұлы оқиға – Тәуелсіздіктің 25
жылдығын мерекелеуге аз ғана уақыт қалды.
Ширек ғасыр ішінде тарихи дамуда үлкен секіріс
жасаған қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың басшылығымен әлемдік қауымда-
стық мойындаған қуатты, ауызбірлігі бекем,
қазіргі заманғы мемлекет құрды.
Аталған мерейтой құрметіне 2015 жылы
күзде Тәуелсіздік монументінің үздік эскиз-иде-
ясына республикалық байқау жарияланған бола-
тын. 53 қатысушы ұсынған 66 жұмыстың ішінен
Астана қаласының әкімі Жақсыбеков Әділбек
Рыскелдіұлы жетекшілік еткен білікті қазылар
алматылық Еділ Әлімбековтің эскиз-идеясын
бірауыздан ұнатты. Оның жұмысы терең фило-
софиялық ойдың түрлі дәрежеде орындалуымен
баурады – архитектуралық образ халық жадында
сақталған ғасырлардан бері келе жатқан дәстүр-
лерді бейнелейді: ол биік шыңырау және есте
жоқ ерте замандардан бері табынған Тәңір – Ға-
лам, ғарыш, ал, 25 қыр республика Тәуелсізді-
гінің 25 жылдығын сипаттайды.
Қазақстанның тәуелсіздігінің құрдасы -
біздің компаниямызға осынау жобаны жүзеге
асыру құрметі бұйырды, компаниямыз мемле-
кет қойған бұл міндетті шешуге энтузиазммен
кірісті. Таяуда ақ мәрмәрмен қапталған 70 метр-
лік монумент EXPO-2017 нысандарына биіктен
қарап тұратын болады. Стилистикалық шешім-
дердің қарапайымдылығына қарамастан – қатаң
геометриялық вертикаль формасына қарамастан
– футуристік көкжиекке ұмтылған стела сәулет-
ті. Көкке ұмтылған ол қазақ халқының ұлы рухы
мен елдің прогресс пен жасампаздық жолымен
ары қарайғы дамуын бейнелейді.
BN-нен:
ЕХРО-2017 Халықаралық көрмесінің ны-
сандары тұрғын үй және көрме аймақтарымен
қосқанда 127 гектар жерді алып жатыр. Оның
25 га – ЕХРО көрме аймағы. Павильондармен
қатар «БАЗИС» құрылыс компаниясы ЕХРО қа-
тысушыларына арналған 21 үй мен коммерци-
ялық баспана - «ЕХРО Plazaның» 42 үйін салып
жатыр. Аталған батыл құрылыстың аяқталуына
санаулы ғана күндер, ал, көрменің өтуіне бір
жылдан аз уақыт қалды. Бұл шынында да айы-
рықша жоба, оны абыроймен іске асыра білген
адамдарды мақтан етеміз. Біз еңбегі Отанымыз-
дың даңқын арттыратын әріптестерімізді мақтан
тұтамыз. Көрме өткеннен кейін бұл нысандар қа-
зақстандықтардың игілігі жолында қызмет етіп,
Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы биік
беделін сақтауға ықпал ететін болады!
29
құрылыс жаңалықтары
28
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016
бере отырып хайтек стиліндегі элементтермен
әдемі үйлеседі.
Биыл күздің өзінде-ақ «БАЗИС» компания-
сының қызметкерлері салған театр сахнасында
рампалар мен софит жарығы астында көрермен-
дер алдында әлемге танымал қойылымдардың
үздік балет артистері өнер көрсететін болады.
Әр детАлІ тАлғАММеН ЖАСАлғАН
Оқушылар жоғар өнерді үйренетін ғимарат-
та әрбір деталь маңызды. Сондықтан, академия
құрылысы барысында ең алдыңғы қатарлы және
сапалы қазақстандық, ресейлік және еуропалық
өндірушілердің материалдары қолданылды.
Архитекторлардың жобасы бойынша хоре-
ография академиясының барлық ғимаратына
түнгі уақытта архитектураның детальдарына
назар аударта отырып жарық түсірілуі тиіс. Се-
руендеу аймағы биіктігі бір метрлік, көлік қоя-
тын орындар – бес метрлік, жолдар – үш метрлік
шырағдандармен жарықтандырылады. Барлық
«БАЗИС» компаниясы Астанадағы Қазақ ұлттық хореография академиясының құрылысын аяқтады. Жазда осынау
бірегей нысан аудиторияларында шығармашылық емтихандар өтті. енді еліміздің әр түкпірінен келген талантты
жастар би өнерінің қыр-сырын қазіргі заманғы оқу аудиторияларында алатын болады, шеберліктерін кең балет
залдарында шыңдайды, шығармашылық қабілеттері мен талантын жеке альма-матерінің кәсіби сахнасында
байқататын болады. Басқа қаладан келген оқушылар бөлмелермен қамтамасыз етіледі, ал, шетелдерден шақырылған
оқытушыларға жайлы тұрғын үй блогынан пәтерлер бөлінеді. Компаниямыздың қызметкерлерінің еңбегі ақталды,
олардың төл перзенті – тамаша Қазақ ұлттық хореография академиясы бекзат өнер мен әдемілікті бағалаушылар мен
қадірлеушілерді тартып тұратын орталыққа айналып келеді!
қАЗАқ ұлттық ХореогрАФИя
АКАдеМИяСы АлғАШқы оқу ЖылыН
АШық деП ЖАрИялАйды!
терең БІлІМ МеН ЖАйлы өМІр үШІН
«БАЗИС» компаниясы Астанада салған Қа-
зақ ұлттық хореография академиясы – Орталық
Азиядағы толық циклды көпсатылы кәсіби хоре-
ографиялық білім беретін тұңғыш жоғарғы оқу
орны. Мұнда бастапқы, техникалық және кәсі-
би (колледж), сондай-ақ, жоғары (бакалавриат)
және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура,
докторантура, PhD) білім беріледі. Оқу ордасы
«балет артисі», «би ансамблі артисі», «режиссу-
ра», «хореография», «өнертану» және «арт-ме-
неджмент» мамандықтары бойынша кәсіби ка-
дрларды даярлайтын болады.
Аталған бірегей нысанның құрылысына ҚР
Мәдениет және спорт Министрлігі жетекшілік
етті. Оның жанынан құрылысты қаржыланды-
рған арнайы Қазақ ұлттық хореография академи-
ясының Мемлекеттік қоры құрылды.
Оқу орны 9,5 гектар жерді алып жатыр және
техникалық шешімдері, архитектурасы мен
функционалдық мүмкіндіктері жөнінен балама-
сы жоқ.
Хореография академиясы қабаттары әр түрлі
төрт ғимараттан тұрады. Олар – 4 қабатты балет
корпусы, тәрбиеленушілердің жайлы бөлме-
лері мен оқытушылардың пәтерлері орналасқан
оқушыларға арналған 9 қабатты жатақхана, 4
қабатты оқу корпусы мен соңғы үлгідегі техни-
камен жарақталған 6 қабатты театр.
Хореография академиясының барлық төрт
ғимараты үшінші қабат деңгейінде жылыты-
латын көпір-галереялармен жалғанған. Олар
арқылы бір блоктан екіншісіне тысқа шықпай-ақ
өте беруге болады. Бұл Астананың қатал табиға-
ты жағдайында өте маңызды әрі ыңғайлы – кор-
пустарға барарда уақытты үнемдейді және қыс
мезгілінде суықтап қалудан сақтайды.
Балет корпусында оқу театры мен аумағы 100
шаршы метрден 400 шаршы метрге дейін бара-
тын 21 балет залы орналасқан! Ғимаратта ба-
лалар дәрістер арасындағы үзіліс кезінде уақы-
тын тиімді өткізе алатын жайлы холлдар көп.
Сонымен бірге, балет корпусында оқытушылар
бөлмелері, медициналық орталық, бассейні,
киініп-шешіну бөлмелері, душ бөлмелері мен
көпфункционалды спорт орталығы бар қазіргі
заманғы сауықтыру кешені орналасқан.
Тұрғын үй корпусының алғашқы алты қаба-
тында оқушыларға арналған жайлы бөлмелер
орналастырылған. Үш жоғарғы қабатта арнайы
шақырылған шетелдік оқытушыларға арналған
30 пәтер қарастырылған. Тұрғын үй корпусының
әрбір қабатында демалыс және өзіндік дайындық
бөлмелері, буфеттер, залдар, сонымен қатар, оқу
орны тұрғындарының қосымша жайлылығын
қамтамасыз ететін кір жуу бөлмелері мен басқа
да жайлар бар.
Хореография академиясын салу кезінде
спорт нысандарына ерекше көңіл бөлінді – оқу
корпусында аудиториялардан бөлек оқушыларға
арналған балалар бассейні мен әмбебап спорт
залы орналасқан. Аулада доп ойынына арналған
екі бірдей алаң қарастырылған, балалар алаңы
мен таза ауада демалуға арналған көптеген орын-
дар жасалған.
өНер ордАСы БІр КөргеННеН
БАурАйды
Ең жоғары деңгейдегі барлық халықаралық
стандарттар мен талаптарды сақтай отырып са-
лынған театр ғимараты ерекше назар аударуды
қажет етеді.
Театр алдыңғы қатарлы әлемдік брендтердің
жарық және дыбыс қондырғыларымен, декора-
цияларды ауыстыру механизмдерімен, оркестр
шұңқырымен жабдықталған. Көрермен залы
ярусты театрдың классикалық жүйесі бойынша
салынған және 780 орынға есептелген. Сән-сал-
танаты жарасқан аспалы шамдар, ыңғайлы жұм-
сақ креслолар, декоры бөлек қабырғалар өзінің
сырбаздығымен баурайды. Осы әсемдіктің бар-
лығы құрылысшыларымыздың шебер қолынан
шыққан.
Көше жақтағы есік ЕХРО-2017 нысандарына
қаратылған. Бүкіл архитектуралық ансамбльдің
ғимараттарының қасбеттері декоративті эле-
менттері бар табиғи тастармен қапталған. Театр
мен корпустардың периметрі бойында ғимарат-
тарға жеңілдік беретін ақ түсті табиғи тастан жа-
салған әдемі колоннада орналасқан. Мұнда клас-
сика ғимараттарға бекзаттық пен жаңашылдық
ғимаратқа кіру жүйесіне дейін қазіргі заманғы
күзет жүйелерімен жарақталған.
BN-нен
Компаниямыз үшін Қазақ ұлттық хореогра-
фия академиясы өскелең ұрпаққа арнайы салған
алғашқы білім беру нысаны емес. Бұған дейін
компания оқушылар шығармашылығы Сарайы,
«Шабыт» шығармашылық сарайы, Назарба-
ев Зияткерлік мектебі секілді архитектуралық
шедеврлерді өмірге әкелді. Хореография ака-
демиясы – тек Қазақстан ғана емес, бүкіл Ор-
талық Азиядағы осындай ең үлкен оқу орны.
Тіпті, Мәскеудегі хореографиялық училищенің
өзі осыншама оқушыны сыйдыра алмайды! Біз
салған Қазақ ұлттық хореография академиясы
еліміздің хореография өнерін жаңа деңгейге кө-
тереді деп сеніммен айтуға болады!
шамдар энергия үнемдейді және алдағы ЕХРО-
ның басты тақырыбы – «Болашақ энергиясы»
тақырыбын ұстанады.
Театрдың айналасына қасбеттің негізгі
түсімен түстес тас төсеуіштер төселген, ланд-
шафтты дизайн авторлық стильде жасалған, ака-
демия аумағында гүлдер, ағаштар мен шыбықтар
отырғызылған. Олар Астананың суық климатын-
да өмір сүруге бейімделген. Хореография акаде-
миясының ауласынан ЕХРО нысандары алақан-
дағыдай көрінеді.
Академия аумағында автокөліктерге ар-
налған төрт ашық тұрақ қарастырылған. Олар
ғимараттың төрт тұсында орналасқан және айна-
ладағы төрт көшеден кіруге болады. Бұған қоса,
мұнда тағы екі қосымша автотұрақ бар.
Әлбетте, хореография академиясы тұрғында-
рының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінген: бар-
лық ғимарат кіріп-шығуды бақылау, бейнебақы-
лаудан бастап ғимаратты басқарудың автоматты
жүйесі, өртке қарсы жүйе, бейнебақылау жүйесі,
31
құрылыс жаңалықтары
30
BAZIS NEWS №8-9 / 01.09.2016
бірге, шахардың (бір кездердегі Медеу кешені
секілді) тағы бір бет-бейнесіне айналып, қала-
ны жаңа деңгейге көтеретін бірегей нысан.
БІр КөргеННеН БАурАйтыН СПорт
НыСАНы
12 000 орындық Мұзды арена құрылысына
ең қазіргі заманғы экологиялық таза құрылыс
материалдары қолданылды, соңғы архитек-
туралық әзірлемелер, күрделі техникалық
шешімдер мен ең соңғы үлгідегі әрлеу матери-
алдары пайдаланылды.
Нысан барлық халықаралық нормалар
мен ережелерге сай салынды. Мұзды арена –
құрылыс сапасы мен адамдардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету эталоны.
Мұзды аренаның аумағы серуен құрып,
велосипед теуіп, демалуға өте ыңғайлы. Мұз-
ды аренаның өне бойына шырша, қайың, ше-
тен мен тал-шілік отырғызылған. Раушан
гүлдерінің хош иісі аңқыған ғажайып жасыл
гүлзарлар мен гүл бақтары айналаға сән беріп
тұр. Периметр бойымен ұлттық нақыштар қа-
шалған граниттен жасалған ыңғайлы сәкілер
орнатылған.
Мұзды аренаның тағы бір ерекшелігі –
оның аумағы айналадағыны өзіне тартып тұра-
тын өзгеше аураға ие – ғимараттың ішіне не-
месе спорт нысанының аумағына кірген адам
барлығын ұмытып, жай ғана бірегей ғимарат-
тың әсемдігіне тамсанумен болады.
2017-ші жылғы Универсиада өткеннен
кейін де 12 000 орындық Мұзды аренаның үл-
кен сұранысқа ие мәдени және спорт нысанда-
рының бірі болатындығы ешқандай да күмән
туғызбайды.
BN-нен:
Бүкіл ел білетін аты аңызға айналған
құрылыстар болады. Бір кездері өткен ғасы-
рдың ортасында Медеу мұз айдыны да өзінің
ауқымдылығымен таң қалдырған. Бүгінде
«БАЗИС» құрылыс компаниясы Қазақстанда
теңдесі жоқ ірі спорт ғимараты – 12 000 орын-
дық Мұзды аренаны салу арқылы бәрінен де
асып түсті! Мұндай ауқымды нысандар 50
жылда бір рет қана салынады және елге ғасыр-
лар бойы қызмет етеді. Бірегей форма, өлшем,
техникалық жарақтандырылу, интерьерге ие
жаңа буынның спорт нысаны – 12 000 орын-
дық Мұзды арена Алматының ажарын ашып,
мегаполистің бүкіл тұрғындарының сүйіспен-
шілігіне бөленіп, бірден еліміздің басты бей-
несіне айналды.
БІрегей АрХИтеКтурА ЖӘНе КеШеН-
НІң КөПФуНКцИоНАлдылығы
12 000 орындық Мұзды арена – 2017-ші
жылы өтетін 28-ші қысқы Универсиаданың
басты ірі спорт нысаны. Жастардың универси-
теттік ойындарының ашылу және жабылу сал-
танаттары дәл осы жерде өтеді. Компаниямыз
бұл ерекше спорт нысанын пайдалануға қыр-
күйекте береді.
Архитектуралық ансамбль үш ғимараттан
тұрады. Оның екеуі мұз айдыны стадиондары
секілді дөңгелек пішінді болады. Үшінші ғима-
рат архитектуралық ансамбльде байланысты-
рушы роль атқарады және дәстүрлі тікбұрышты
пішінге ие. Ғимараттың қуатты, монолитті
қаңқасы мұздағы коньки іздерін суреттейтін
алтын сызықтары бар көк түсті қыздырылған
беріктігі мықты шынымен қапталған қасбет
астында жасырулы.
Ең үлкен ғимарат - «А» блогында 12 000
орындық мұзды арена болады, ол концерт за-
лына, баскетбол, волейбол, футбол, қол добы
секілді спорт түрлеріне арналған спорт арена-
сына трансформацияланатын болады. Бұған
қоса, бұл блокта жаттығу залдары мен қазылар
аймағы, телерадиохабар тарату компаниялары-
на арналған жайлар, баспасөз мәжілістеріне
«БАЗИС» компаниясы 2017-ші жылғы Универсиаданың басты нысаны - Алматының Алатау ауданындағы 12 000
орындық Мұзды аренаның құрылысын аяқтады. Қазір нысанда қондырғылар тексерілуде, барлық тіршілікті
қамтамасыз ету жүйелері сыналуда, жарық, дыбыс және стереожүйе тестіленуде. Спорт нысаны әлемдік стандарттар
мен FISU талаптарына сай қазіргі заманғы технологиялар мен құрылыс материалдары қолданыла отырып салынды.
Қазақстанда теңдесі жоқ осынау бірегей спорт ғимаратының құрылысын Қазақстан республикасының Президенті
Нұрсұлтан Назарбаев жеке бақылауында ұстады. Нысанды 18-ші қыркүйекте Алматының 1000 жылдығына орай
салтанатты түрде ашу жоспарланып отыр.
ЖАңА БуыННың СПорт НыСАНы – 12 000
орыНдық МұЗды АреНА АлМАтыНың 1000
ЖылдығыНА орАй АШылАды
арналған зал, фуд-корт пен мейрамханаларға
арналған орындар қарастырылған.
«В»
блогында
конференц-залдары,
әкімшілік жайлары, жаттығу фитнес-залы мен
екі бассейн, қоғамдық тамақтану орны орнала-
сады.
«Б» блогында 478 орындық трибунала-
ры бар жаттығу айдыны, SPA-орталық, бокс,
күрес, үстел теннисі, хореографиямен шұғыл-
дануға арналған арнайы бөлмелер, сонымен
бірге, акробатикалық әзірлік, жалпы физика-
лық дайындық залдары мен екі жаттығу залы
орналасқан.
Мұз сарайы қазіргі заманғы технологиялар
қолданыла отырып, халықаралық, атап айтқан-
да, шайбалы хоккей Халықаралық Федерация-
сының (IIHF), Құрлықтық хоккей лигасының
(KHL) және студенттік спорт Халықаралық
федерациясының (FISU) талаптарына сай са-
лынған.
ЖАңА құрылыС МАтерИАлдАры
МеН теХНологИялАр
Спорт нысанын салу кезінде ең қазіргі за-
манғы құрылыс материалдары мен технология-
лар пайдаланылды. Мұзды арена сейсмикалық
аумақта орналасқандықтан Мұзды аренаның
барлық блоктарының арматуралау проценті
өте жоғары – ғимарат 10 баллдық сейсмикалық
салмаққа есептелген. Кешен жабыны аса берік
металл конструкцияларынан тұрады. Оларды
аталған жобаға арнайы жабынды дайындау мен
монтаждау жөнінен ең ірі мамандандырылған
мекеме – «Имсталькон» АҚ жасады. Мұзды
аренаның барлық үш жабынында 5 000 тон-
надан астам күрделі металл конструкциялары
«жатыр».
Ғимараттарда қазіргі заманғы жылыту, вен-
тиляция, жарықтандыру мен газдандыру жүйе-
лері орнатылған. Нысан қазіргі заманғы күзет
белгілерімен, арнайы қадағалары бар өртке
қарсы жүйелермен жарақтандырылған. Мұзды
арена – ел көп жиналатын орын болғандықтан,
қауіпсіздіктің барлық жүйелері швейцар сағаты
секілді мінсіз жұмыс істейді. Ал, осынау біре-
гей нысан құрылысы барысында қолданылған
барлық материалдар жоғары сапалы.
Ғимарат жауапкершіліктің бірінші катего-
риясына ие, сондықтан, құрылысқа тек техни-
калық және авторлық бақылау органдары ғана
емес, сонымен бірге, ҚР арнайы ықызметтері,
ҚазҒЗЖИ, МАҚБ, сондай-ақ, ІІМ мен ҰҚК
ерекше назар аударды. Мұзды арена сапа мен
қауіпсіздікті қамтамасыз етудің эталоны деп
сенімді түрде айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |