Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


Етістіктен туатын басқа сөздердегі жұрнақтар



Pdf көрінісі
бет114/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   230
Етістіктен туатын басқа сөздердегі жұрнақтар:
1.  «-у»,  «-м»,  «-с»,  «-ш»  жұрнақтар  етістік  түбіріне 
жалғанып, сол етістік көрсететін ісін атайды. Мәселен: сұра–
сұрау, сау–сауу, айт–айту
29
 оқы–оқу, ал–алым, біл–білім, өл–
өлім,  ас–асым,  сау–сауым,  бар–барыс,  жүр–жүріс,  қу–қуыс, 
қара–қарас, қуан–қуаныш.
29
 Етістік түрінің аяғы дауыссыз дыбыс я «й», «у» болса, жұрнақ екі «уу» 
болып жалғанады.


192
ДағдыландыруТұр, қос, қой, саба, сана, бу уа ғайри сон-
дай етістік түбірлерін алып, «у», «м», «а», «й» жұрнақтарын 
жалғату.
2. «-ымсақ» (-імсек), «-аған» (-еген), «-шақ» (-шек), «-қақ» 
(-ғақ)  жұрнақтар  етістік  түбірлеріне  жалғанып,  сол  етістік 
көрсететін  істі  істеуге  заттың  сүйегіне  біткен  мінезін  атай-
ды.  Мәселен:  ал–алымсақ,  кел–келімсек,  қаш–қашаған,  көр–
көреген,  ұрын–ұрыншақ,  ерін–еріншек,  ұрыс–ұрысқақ,  сын–
сынғақ.
Дағдыландыру.  Жара,  бер,  қап,  кет,  теп,  ұмыт,  жи-
рен,  теріс-оң  уа  ғайри  сондай  етістік  түбірлерін  алып,  әлгі 
жұрнақтарды жалғату.
3.  «-қыш»  (-ғыш,  -кіш,  -гіш)  «-қыр»  (-ғыр,  -кір,  -гір) 
жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, сол етістік көрсететін 
істі істеуге жанды нәрсе болса, ұсталығын, икемділігін атай-
ды, жансыз нәрсе болса, сол іске қолайлы, жақсылығын атайды 
яки әншейін сол іске кұрал нәрселігін атайды. Мәселен: жан-
ды  нәрселер  туралы:  айт–айтқыш,  сой–сойғыш,  кес–кескіш, 
көр–көргіш,  тап–тапқыр,  ал–алғыр,  үш–үшкір,  біл–білгір. 
Жансыз нәрселер туралы: ақ–аққыш, жан–жанғыш, өс–өскіш, 
сын–сынғыш,  тұт–тұтқыр,  өт–өткір,  бас–басқыш,  сыпыр–
сыпырғыш, сүрт–сүрткіш, кер–кергіш.
ДағдыландыруAт, cay, қыс, ұт, күл, жау, тұт, өң, көн, 
тес уа ғайри сондай етістік түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды 
жалғату.
4.  «-уыш»,  «-гі»,  «-қ»  (-к)  жұрнақтар  етістік  түбірлеріне 
жалғанып,  сол  етістік  көрсететін  іске  құралдығын  атайды. 
Мәселен: ора–орауыш, бұр–бұрғы, сүз–сүзгі, тара–тарақ, төсе–
төсек.
ДағдыландыруТырна, қыр, тая, ес уа ғайри сондай етістік 
түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды жалғату.
Ескерту.  «-қ»  (-к)  жұрнақ  басқа  мағынада  да  жалғанады, 
мәселен: аш– ашық, тес–тесік, ұш–ұшық,  кет–кетік уа ғайри 
сондай.
5.  «-қын»  (-ғый),  «-ма»  (-ба,  -ме,  -бе),  «-мал»,  «-мақыл» 
(-бақыл,  -мекіл,  -бекіл)  жұрнақтар  етістік  түбірлеріне  жалға-
нып,  сол  етістік  көрсететін  істің  түрін  атайды:  тас–тасқын, 


193
қыр–қырғын,  сал–салма,  тарт–тартпа,  өр–өрме,  кес–кеспе, 
тасы–тасымал,  айны–айнымал,  таста–тастамақыл,  ат–
атпақыл, шерт–шертпекіл, иір–иірмекіл.
Дағдыландыру.  Қаш,  шал,  сана,  орама,  бас,  тер,  сез 
уа  ғайри  сондай  етістік  түбірлерін  алып,  әлгі  жұрнақтарды 
жалғату.
6. «-ақ» (-ек), «-н» жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, 
сол  етістік  көрсететін  істерден  өнген  затты  атайды,  мәселен: 
қаш–қашақ, кес–кесек, шап–шабын, ек–егін.
ДағдыландыруҚос, қон, жат, бөл, ақ, жек, шық уа ғайри 
сондай етістік түбірлерін алып, жалғату.
7.  «-лық»  (-лік)  жұрнақ  етістіктің  келер  шақ  түріне 
жалғанып,  сол  етістік  көрсететін  істі  істеуге  тұрарлық  күйін 
атайды. Мәселен: барар–барарлық, көрер–көрерлік.
Дағдыландыру.  Келер  шақ  түрдегі  етістіктерді  алып  
«-лық» (-лік) жұрнағын жалғату.
8.  «-уыл»  (-уіл)  жұрнақ  етістікке  жалғанып,  сол  етістік 
көрсететін  істі  істеушіні  атайды.  Мәселен:  жаса–жасауыл, 
жорт–жортуыл, бөге–бөгеуіл.
Сол  мағынада  етістіктің  келер  шақ  түріне  «-ман»  (-мен) 
жұрнақ жалғанады. Мәселен: алар–аларман, берер–берермен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет