Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет121/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   230
ЖАЛҒАУЛЫҚТАР
Жалғаулық дейміз – жалғау орнына жүріп, жалғау сияқты 
басқа  сөздердің  шылауында  тұрмаса,  өз  алдына  мағына 
шықпайтын  сөздерді.  Жалғаулық  сөздер  қазақ  тілінде  аз. 
Болғаны мынау-ақ: менен (бенен, мен, бен), үшін, шейін, дейін, 
таман, сайын, гөрі, арқылы, мақырыпты, туралы.
Көбінесе,  жалғаулықтар  орнына  басқа  сөздер  жүреді. 
Мәселен:  әрі,  бері,  соң,  бойы,  бойын,  бөтен,  басқа,  өзге,  ор-
нына, басына, қасына, жанына, маңайына, қасында уа ғайри 
сондай сөздер.
ЕскертуШейін, дейін жалғаулықтар барыс жалғаудан соң 
қойылады,  гөрі  жалғаулық  шығыс  жалғаудан  соң  қойылады, 
басқалары жалғаусыз түрінің соңынан қойылады. Жалғаулық 
орнына  жүретін  сөздердің:  әрі,  бері,  соң,  бөтен,  басқа,  өзге 
дегендері  шығыс  жалғаудан  соң  қойылады,  бой,  бойын  де-
гендер табыс жалғаудан соң  я тікелей жалғаусыз түрінен соң 
қойылады,  басқалары  ілік  жалғаудан  соң  я  тіпті  жалғаусыз 
түрінен соң қойылады.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздердің  соңынан  жалғау-
лықтарды я жалғаулықтар орнына жүретін сөздерді қойып жаз-
дырту.
Құдай,  Алла,  әулие,  періште,  пайғамбар  тамұқ,  кісі,  адам, 
жан, дене, бас, шаш, маңдай, ми, желке, бет, жүз, көз, қарашық, 
көз-қабақ, кірпік, құлақ, жас, қас, мұрын, желбезек, ауыз, ерін, 
тіл таңдай, азу, ақыл азу, түп азу, самай, иек, жақ, сақал-мұрт, 
ата сақал, миық, езу, мойын, кеуде, көкірек, омырау, төс, тамақ, 
алқым, өндіршек, ұша қабырға, омырытқа, өкпе, бауыр, жүрек, 
қолқа, от, ұйқы қарын, жұлын, тамыр, қара тамыр, күре тамыр, 
бауыр,  ішек-қарын,  ішек  бүйен,  ұлтабар,  қатпаршақ,  тақия 
қарын,  таз  қарын,  шандыр,  шажырқай,  талақ,  кіндік,  құрсақ, 
қол, аяқ, арқа, жауырын, білек, йық, иін, қар, шынтақ, саусақ, 
шеміршек, сіңір, сүйек, жілік, жамбас, балтыр, тізе, сан, қоң, 
таң, борбай, бақай, өкше, тобық, топай асық, мойын омыртқа, 
арқа  омыртқа  (қара  омыртқа),  бел  омыртқа,  құйымшақ, 
кеңірдек, көмей, жұтқыншақ, бүйрек, алақан, бармақ, тырнақ.


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет