Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет124/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   230
БІРІНШІ БӨЛІМ
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
Сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып екіге бөлінеді. 
Тұрлаулы мүше болады сөйлем болған жерде қалмай айтыла-
тын сөздер немесе қалса да қалғандығы сезіліп тұратын сөздер. 
Мәселен, «асыл тастан, ақыл жастан» я болмаса «баланы жа-
стан,  қатынды  бастан»  дегенде:  бірінші  мысалда  «шығады» 
деген сөз, екінші мысалда «үйрет» я «үйрету» деген сөз қалып 
тұрғандығы сезіліп тұр. Не болмаса «жығылған күреске тоймас 
я «ауызы күйген үріп ішер» деген сөйлемдердің біріншісінде де, 
екіншісінде де «адам» деген сөз қалып тұрғаны анық сезіледі. 
Толықтырып  айтсақ,  бұлай  дер  едік:  «асыл  тастан  шығады, 
ақыл жастан шығады», «ба ланы жастан үйрет, қатынды бастан 
үйрет», «жығылған адам күреске тоймас», «ауызы күйген адам 
үріп ішер».
Осындай  сөйлем  ішінде  бірде  болып,  бірде  болмайтын 
сөздер  немесе  керек  болған  жерде  айтылып,  керек  болмаған 
орында айтылмай қалып отырған сөздер, жана да, қалған жер-
де қалғандығы ашық сезілмейтін сөздер тұрлаусыз мүше деп 
аталады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екеу: 1. Бас мүше. 2. 
Баяншы мүше.
Бас  мүше  дейміз  –  сөйлем  ішіндегі  сөздер  байланатын 
қазық сөзін, сөйлем иесін. Ол қазық сөз болатын қандай сөз? 
Сөйлегенде  бір  нәрсе  туралы  сырын-сипатын,  жайын,  ама-
лын, болмысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын 
көрсететін  сөз  бас  мүше  болады.  Ол  нәрсенің  сырын-сипа-
тын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баян-
шы мүше болады. Бұлар бас мүше мен баяншы мүшенің ішкі 
белгілері. Бұлардан басқа тысқы белгілері бар.
Бас мүшенің тысқы белгілері «кім?» «не?» деген сұрауларға 
жауап беру. Баяншы мүшенің белгілері, негізі «не етпек?», «не 
қылмақ?»,  Баяншы  мүшенің  тысқы  белгілері  «не  болмақ?», 
«нешік?», «немене?», «қалай?», «кімдікі?», «қайсы?», «ненікі?» 
деген сұрауларға жауап беру.


206
Жеңілдік  үшін  бас  мүше  –  бастауыш  деп  баяншы  мүше 
–  баяндауыш  деп  аталады.  Мұнан  бұлай  жеңілдік  үшін  бас 
мүше,  баяншы  мүше  деп  жатпай,  бастауыш  баяндауыш  деп 
қысқа түрлерін тұтынамыз. 
Бірнеше сөйлемдерді мысалға алып, бастауыш пен баяндау-
ыш қалай табылатынын көрейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет