231
Алтыншы – сын пысықтауыш болатын – сан есім. Мысал:
Балшы ноқатын төрт-төрттен санады. Кім санады? – бал-
шы. Балшы не қылды? – санады. Нені санады? – ноқатын.
Қалай санады? – төрт-төрттен. Жетінші – сын пысықтауыш бо-
лады – көсемше. Мысал:
От саулап жанды. Не жанды? – от.
От не қылды? – жанды. Қалай жанды? – саулап.
1-інші мысалда – «әрең», 2-інші мысалда – «жүйесімен»,
3-інші мысалда – «шалқасынан», 4-інші мысалда – «жаяу»,
5-інші мысалда – «олай», 6-ыншы мысалда – «төрт-төрттен»,
7-інші мысалда «саулап» деген сөздер амалдың сынын көрсетіп
тұр жана да «қалай?» деген сын пысықтауышының сұрауына
жауап беріп тұр. Сондықтан
бұл сөздер сын пысықтауышы
«Әрең» – сынаулық үстеу, «жүйесімен» – үстеу орнына
айтылған сын есім, «олай» – үстеуге айналған есімдік, «төрт-
төрттен» –
сан есім, «саулап» – көсемше.
4.
СЕБЕП ПЫСЫҚТАУЫІІІЫ
Себеп пысықтауышы амалдың себебін көрсететін сөз
болғандықтан, «неден?», «неге?», «неліктен?», «не себептен?»
деген сұрауларға жауап береді.
Әуелі – себеп пысықтауыш болатын –
зат есім. Мысал:
Атасы аштан өліпті. Кім өліпті? – атасы не қылыпты? –
өліпті. Неден өліпті? – аштан.
Екінші – себеп пысықтауыш болады есімше Мысал:
Бала
ұялғанынан қызарды. Кім қызарды? – бала. Бала не қылды? –
қызарды. Не себептен қызарды? – ұялғанынан.
Үшінші – себеп пысықтауыш болатын –
үстеуге айналған
есімдік.
Мысал:
Сондықтан от жанбады. Не жанбады? – от. От не
қылды? - жанбады. Неліктен жанбады? – сондықтан.
1-інші мысалда – «аштан», 2-інші мысалда – «ұялға нынан»,
3-інші мысалда – «сондықтан» деген сөздер амалдың себебін
көрсетіп тұр жана да «неден?», «не себептен?», «неліктен?»,
деген себеп пысықтауышының сүрауларына жауап беріп тұр.
Сондықтан бұл сөздер себеп пысықтауышы болады.
«Аштан» – зат есім, «ұялғанынан» – есімше, «сондықтан» –
үстеуге айналған есімдік.
232
5.
МАҚСАТ ПЫСЫҚТАУЫШЫ
Мақсат пысықтауышы амалдың мақсатын көрсететін сөз
болған соң, «неге?», «не үшін?» деген сұрауларға жауап береді.
Мақсат пысықтауышы болатын сөз таптары:
Әуелі – мақсат пысықтауыш болатын – етістік. Мысал:
Жұрт өлең тыңдауға жиылды. Кім жиылды? – жұрт. Неге жи-
ылды? – тыңдауға. Не тыңдауға? – өлең.
Екінші – мақсат пысықтауыш болатын
етістіктен есімге
Достарыңызбен бөлісу: