230
Мысалы:
Қалашы елге қарай бұрылды. Кім бұрылды? –
қалашы. Қалашы не қылды? – бұрылды. Қалай қарай (қайда)
бұрылды? – елге қарай.
1-інші мысалда – «әрман», 2-інші мысалда «тыста», 3-інші
мысалда – «қалаға», 4-інші мысалда – «мұнда», 5-інші мысал-
да – «осыннан», 6-ыншы мысалда – «тысқа», 7-інші мысалда
– «елге қарай» де ген сөздердің бәрі амал орнын көрсетіп тұр
жана «қайда?», «қайдан?», «қалай қарай?» (қайда) деген мекен
пысықтауыштың сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл
сөздер мекен пысықтауышы болады.
«Әрман» – мекендік үстеу, «тыста» – мекендік үстеуіне
айналған зат есім, «қалаға» – зат есім, «мұнда» – мекендік
үстеуге айналған есімдік, «тысқа» үстеуге айналған зат есім,
«елге қарай», «елі» – зат есім, «қарайы» – үстеуге айналған
көсемше.
3.
СЫН ПЫСЫҚТАУЫШЫ
Сын пысықтауышы амалдың сынын көрсететін сөз болған-
дықтан, «қалай?», «қалайша?», «қайтіп?» деген сұрауларға жа-
уап береді.
Сын пысықтауышы болатын сөз таптары:
Әуелі – сын пысықтауыш болатын –
сынаулық үстеулер.
Мысал:
Тазы түлкіге әрең жетті. Кім жетті? – Тазы не
қылды? – жетті. Кімге жетті? – түлкіге. Калай жетті? – әрең.
Екінші – сын пысықтауыш болатын –
үстеу орнына
Достарыңызбен бөлісу: