Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет146/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   230
§ 6. БҰРАТАНА СӨЗДЕР
Бұл айтылған сөйлем мүшелерінен басқа сөйлем маңайында 
жүретін бұратана сөздер болады. Ол бұратана сөздер екі түрлі. 
Бір  түрі  –  сөз  арасына  керек  жерінде  қыстырыла  айтылатын 
сөздер.  Бұлар  қыстырма  сөз  деп  аталады.  Қыстырма  сөздер 
сөйлем  ішіндегі  басқа  сөздерімен  үйлеспейді,  байласпайды. 
Алып тастағанда орны ойсырай қоймайды.
Екінші түрі сөз бетін біреуге қарата, қадап сөйле генде айты-
латын сөз. Бұлар қаратпа сөз деп аталады.
Бұлар да сөйлем ішіндегі басқа сөздермен үйлеспейді, бай-
ласпайды.


233
а) Қыстырма сөз
Ауру, әрине, жақсы нәрсе емес. Әзірге, шүкір, жаман еспіз
Бұл  сөйлемдерге  қыстырылып  айтылып  тұрған  қыстырма 
сөздер «әрине» мен «шүкір» деген сөздер.
Бұлар басқа сөздермен үйлесіп, байласып тұрған жоқ, құр 
қыстырылып тұр. Оны алып тастағанда, сөйлемге келе қоятын 
кемшілік жоқ. Мәселен: «Ауру жақсы емес» десек немесе «әзір 
жаман  емеспіз»  десек,  «әрине»  мен  «шүкір»  деген  сөздердің 
орны үңірейіп, жоқтығы сезіліп тұрған жоқ.
б) Қаратпа сөз
Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда! Сөз тыңдаңыз, 
әлеумет! Әй, Әлжан, қайда барасың?. Құдай оңда! Оңға ба-
ста...  Мұнда  қаратпа  сөз  болатындар:  «қызым»,  «келінім», 
«әлеумет»,  «Әлжан»,  «Құдай»,  үйткені  сөз  беті  соларға 
қаратылып айтылып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет