Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет170/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   230
3. Орамды немесе өрнекті сөйлем
Сөйлегенде ойды тақ-тұқ қысқа айтып, білдіретін орын да 
болады. Ойды ұзын айтып, орағытып келіп білдіретін орын да 
болады. Ұзын айтқанда ой дәуірлеген бетімен барып, қайтатын 
түрі болады. Сөйлеудің сондай түрлері орамды деліп аталады.
Түсінікті болу үшін мысал алып көрсетелік.
Мысал: 1. «Байлыққа кім тұрғанда, Досан тұрған; Қасында 
Байжан сымам қоса тұрған; Қорадан он төрт мың қой бірден 
өрген?  Аламан  шеннен  шыққан  Асан  тұрған;  Шапса  қылыш 
өтбейтін Мұсам тұрған, Сөйлейді маған неге осы антұрған?» 
Мұнда  басынан  бастап  «Мұсам  тұрған...»  деп  айтқан  жерге 
келгенінше ой дәуірлеген бетімен келеді. Онан әрі «сөйлейді... 
дегеннен бастап, ойдың беті келе жатқан жөнін тастап бұрылып 
кетеді.
2.  Қисапсыз  бай  болсаң  да  Қарынбайдай,  Сақи  боп  мал 
шашсаң да Атымтайдай, Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп». 
Болсаң да Әйдік батыр арыстандай. Болсаң да, Жиреншедей 
сөзге шешен, Ақырда жатар орның тар лақат жай. Мұнда 
ойдың дәуірлеуі «шешен» деген сөзге дейін келіп, беті сонан 
арғы жерде бұрылады.
36
 Тырнақша деген мағынада (Құраст.)


265
3. Ыстамбұл патша болсаң да Құддыс Шамға, Бұқар мен 
үкім етсең де Үндістанға, Ағылшын, Қытай, Мәскеу, Румды 
алып, Дін түзеп әмір етсең де бұл жианға. Тұтсаң да жеті 
ықылымның  бәрін  тегіс,  Кірерсің  ақыр  бір  күн  көрстанға
Мұнда ой дәуірлеуі «тегіс» деген сөзге дейін келіп, онан арғы 
жерде беті бұрылады.
4.  Қосылып  бірнеше  адам,  ортақтасып,  Ой  салып  ор-
тасынан  дүкен  ашып.  Саудасы,  жұғымды  боп  байып  әбден, 
Шат болып көңілдері судай тасып, Ақшаны төбедей қып үйіп 
қойып,  Үлесіп  отыр  еді  шуылдасып.  Үйі  жанып  барады  деп 
хабар  берді,  Жүгіріп  келіп  біреуі  түсі  қашып.  Мұнда  ойдың 
дәуірлеген беті «шуылдасып» деген сөзбен бітіп, сонан әрман 
беті бұрылады.
ЖАЗУ.  ҚОСЫМША БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТЫНЫС 
БЕЛГІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
1. Кіші сызықша «-»  (тіркестіру белгісі).
Бұл  белгі:  1)  Бір  сөзді  екінші  сөзге  тіркестіретін  орында 
қойылады, сөзді олай тіркестіру екі сөзді қосақтап, бір сөз (қос 
сөз) қылып айтатын орындарда келеді. Мәселен, төсек-ағаш, 
жүк-аяқ,  құрт-құмырсқа,  аяқ-табақ.  2)  Сөздің  бір  бөлімін 
екінші бөліміне тіркестіру керек болған орындарда қойылады, 
ондай тіркестіру көбінесе, сөздің бөлімдері жазып келе жатқан 
жолға  түгелімен  сыймай,  сыймаған  бөлімін  екінші  жолға 
шығару  қажет  болған  жерде  келеді.  Ондай  орында  қойылған 
тіркестіру  белгісі  сөздің  екі  жолдағы  бөлімдерін  тіркестіріп 
қосып  оқу  керектігін  керсетеді.  Жана  да  тіркестіру  белгісі 
сөздің жалғауы мен екі арасына бөтен сөз келіп қыстырылған 
жерде,  мәселен,  демеу  келіп  қыстырылған  жерде  келеді. 
Мұндай  орында  тіркестіру  белгісі  сөзді  жалғауынан  айыруға 
болмайтындығын,  бірінен-бірін  айырмай  тіркестіріп  оқу 
керектігін көрсетеді.
(Жақсы-ақ-пысың? Жалғыз-ғана-мысың?).


266
2. Үлкен сызықша «–» (жұмақтау белгісі).
Бұл  белгі  бытыранды  ұғымдарды  шоғырландырып, 
жалқыланған  ұғымдарды  жалпыландырып,  теңелерлік 
нәрселерді  теңеп,  балап  айтатын  орындарда  қойылады. 
Мәселен: Көк шалғын, ағаш, бұлақ – бәрі жақсы. Қасқыр – аң. 
Ақымақты үйрету – өлгенді тірілту.
3. Ноқат (нүкте) «.» (ұлы тыныс).
Бұл белгі: 1) Әбден біткен ойлы сөйлемдерді бір-бірінен ай-
ыратын орында қойылады; 2) Мақала, кітап басының атаулары-
нан соң қойылады; 3) Қысқартқан сөздің соңынан қойылады; 
4)  Келте-келте  қысқартылып  айтқан  сөйлемдердің  соңынан 
қойылады.
4. Үтірлі ноқат (нүкте) «;» (орта тыныс).
Бұл белгі: 1) Сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті болған 
жерде қойылады. Сөйлемдер арасында ондай жақындық ортақ 
ой  айтылған  немесе  нәрсе  тұтас  суреттелген  жерде  келеді 
(Шақшам  жақсы  еді,  тау  текенің  мүйізінен  істелген  тақысы 
еді; қырық қой, төрт ат істеген кісінің ақысы еді; сексен мар-
жан көзі бар еді, тоғыз ат болар деген істеген кісінің сөзі бар 
еді); 2) Сыйысулы құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары де-
меулермен құраспай, алды-алдына тұрған жана да қастарында 
тұрлаусыз сөйлем мүшелері немесе бағыныңқы сөйлем болған 
орында  қойылады  (Берген  ақыны  азсынып,  істеген  кісі  тау 
жайлаймын деп наршамды алды; ой қыстаймын деп шотымды 
алды; қыр қыстаймын деп балтамды алды; қалауым деп бөрте 
атымды алды; жау шапты деп төрт атымды алды; қайқы келген 
қара атымды алды; тілік құлақ сары атымды алды).
5. Теріс үтір «,» (кіші тыныс).
Бұл  белгі:  1)  Бұратана  сөздерді  бөлек  шығару  үшін 
қойылады; 2) Сыйысулы сөйлемдердің бірөңкей мүшелерінің 


267
арасына  қойылады;  3)  Бағыныңқы  сөйлемнің  жігін  басыңқы 
сөйлемнен  айыру  үшін  қойылады;  4)  лепті  сөйлемдерде 
одағайдан кейін қойылады; 5) бір сөз не болмаса сөйлем қайта-
қайта айтылған орында қойылады.
6. Қос ноқат (қос нүкте) «:» (бәшелеу белгісі).
Бұл  белгі:  1)  Алдыңғы  сөйлемдегі  пікірді,  кейінгі  сөйлем 
ыдыратып (сиретіп, ұсақтап, сұйылтып) сөйлейтін орындарда 
қойылады.  Олай  сөйлеу  жалпы  түрдегі  ұғымды  жалқы  түрлі 
ұғымға  айналдырған  жерлерде  келеді.  (Біздің  екі  үйіміз  бар: 
жаз тігетін киіз үй, қыс кіретін там үй. Балтамен түрлі жұмыс 
істеледі: ағаш кесіледі, отын бұталады, қазық қағылады, ойық 
ойылады,  тағысын  тағылар  істеледі);  2)  Келтірінді  сөйлем 
алдында  қойылады  (Сонда  есек  сөз  айтады  бұлбұл  құсқа: 
«Мақтаулы  бар  ғой  әнпаз  әрбір  тұста.  Солардың  бәрі-дағы 
әдемі әнге тауықтың айғырындай емес ұста»).
7. Сұрау белгісі «?»
Бұл белгі жауап сұраған сөйлемдердің соңынан қойылады.
8. Леп белгісі «!»
Бұл белгі: 1) Лепті сөйлемдерден соң қойылады; 2) Тілекті 
сөйлемдердің  бұйрық,  өтініш  түрлерінің  соңынан  қойылады; 
3)  Тілекті  сөйлемнің  үгіт  түріндегісінің  қаратпа  сөзділерінің 
соңынан қойылады. (Бар! Жүгір! Үш! Жанымды бір шыбын-
дай қи, ақсақал! Айта гөр, қайырымды ер бар болса! Балалар, 
оқуға бар! Жатпа қарап).
9. Көп ноқат (көп нүкте) «...» (қалдыру, тастау белгісі).
Бұл  белгі  сөзді  бүкпелеп  жорта  қалдырып  сөйлегенде  не-
месе  сөздерді  тізіп  тұтастыра  сөйлемей,  үзіп  бөлек-бөлек 
сөйлеген орындарда қойылады.


268
10. Қабат үтір


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет