Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет173/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   230
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫСТАР ҺӘМ 
ОЛАРДЫҢ ЖАЗУ БЕЛГІЛЕРІ
Қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он 
жетісі  дауыссыз,  екеуі  жарты  дауысты.  Дауысты  дыбыстар:  ا 
(а), و (о), ۋ (у), ى (ы), ـي ،ه (е). 
Дауыссыз дыбыстар мынау: ب (б),  پ (п), ت (т), ج (ж), چ (ш), 
د (д), ر (р), ز (з), س (с), غ (ғ), ق (қ), ك (к), گ (г), ڭ (ң), ل (л), م (м), 
ن (н). Жарты дауысты дыбыстар: ۋ шолақ (у), һәм шолақ ي (й).  
Бұл дыбыстардың ішінде «қ» һәм «ғ» ылғи жуан айтылады. 
«К», «г», һәм «е» ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың 
һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Егерде бұл 
19 дыбыстың жуан айтылуы, үшін бір белгі, жіңішке айтылуы 
үшін бір белгі керек десек, мысалы: – ت (т), س (с)
38
 сықылды, 
онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан 
айтылатын «қ» мен «ғ»-ны қосқанда, дайым жіңішке айтыла-
тын «к», «г», «е»-лерді қосқанда, бәріне 43 белгі (харіп) керек.
Араб әліппесінде 43-ке жететін харіп жоқ. Өзге әліппелерді 
қазақ  қабыл  алмайды.  Араб  әліппесі  қазақ  арасына  дінмен 
бірге жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазақка 
басқа  әліппе  алдыру  –  қиын  жұмыс.  Бұлай  болған  соң,  араб 
харіптерін  қазақ  дыбыстарына  жеткізу  амалын  табу  керек. 
Араб  харіптерінде  түрін  тым  бұзып  жіберсек,  халық  тағы 
қабылдамайды.  Араб  харіптері  қазақ  дыбыстарына  жетпесе, 
түрін  тым  өзгертіп  бұзуға  болмаса,  қалай  амалын  таппақ  ке-
рек. Мұның амалы менің ойымша мынау: дауысты дыбыстар 
сөздің жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар һәм жарты дауысты 
дыбыстар сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қандай билесе, да-
уысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді; яғни да-
уыеты  дыбыстар  жуан  айтылса,  дауыссыз,  я  жарты  дауысты 
дыбыстар да жуан айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке ай-
тылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда 
дауысты  дыбыстардың  жуан-жіңішке  айтылмағын  белгілеп 
айырсақ, басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы 
да айрылғаны.
38
 
Араб тіліндегі жуан с, т таңбалары қатар тұруы керек еді, көрсете алма-
дық – ред.


282
Дауысты дыбыстар: ا (а), و (о), ۋ (ұ), ى (ы) осы түрған күйінде 
жуан айтылады, мысалы: аз, оз, нұр, сары. Бұлардың жіңішке 
айтылатын орнын айыратын белгіге аламыз « ء »-ні дәйекші. 
Бұл белгі сөздің алдында дәйекшіге тұрып, ол сөздің жіңішке 
оқылмағын хабарландырады яғни бұл белгі тұрған соң, сөздің 
ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Дауысты ды-
быстар жіңішке айтылса, олардың қатарындағы басқа дауыс-
сыз я жарты дауысты дыбыстар да жіңішке айтылады, мысалы: 
арман – әрмен, тор – төр, тұр – түр, жоны – жөні. Жіңішкелік 
үшін  жалғыз  ғана  белгі  алып  43  түрлі  дыбысты  25  белгімен 
дұрыстап жазуға болады. Сонда қазақ тіліндегі сөзге жазыла-
тын белгілер мынау болады: ا (а), ب (б), پ (п), ت (т), ج (ж), چ (ч), 
د (д), ر (р), ز (з), س (с), ع (ғ), ق (қ), ك (к), گ (г), ڭ (ң), ل (л), م (м), 
ن (н), و (о), ۇ (ұ), ى (ы), هـ ،ه)  ـي)  (е), (дәйекші).
Мұнан басқа харіпте араб, я парсы, я өзге түркі сөздеріне 
керек болса да, қазақ сөзіне керек емес.
43 түрлі дыбысты 25 белгілермен қалай жазып, қалай оқу 
жайын айтайын:
5 дауысты дыбыс үшін алдық мынау жеті белгіні ا (а), و (о), 
ؤ (ұ), ى ،يـ (ы),  ه ،هـ  (е) бұларды жіңішке айту үшін бір белгі  
«
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет