299
тұмсықша түрінде, үстіңгісін былай < , астыңғысын былай >
жазыңдар.
Бекіш әңгімесі
Aуыл қасында қала бар. Қалада базар бар. Базарда тауар са-
тылады. Aуыл базарға мал сатады. Бапам базарға бақырауық
атанды сатты. Бірғауым ақша алған. Aқшасына бірталай мата
әкелді. Матадан апам маған шапан тігіп береді. Бірақ тез арада
бітпейді дейді.
Ертең налог салуға бапам қалаға барады, маған жақсы кітап
әкеп береді.
(
«Әліп-би», 76-бет).
Әріп бен дыбыс бір ме?
Қайсысы көрінеді, қайсысы естіледі?
Ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма?
1. Жұмыс.
Жоғарыдағы әріптерді түрлерінің ұқсастығына қарай
сұрыптап, тап-табымен бөлек-бөлек жазыңдар. Нұсқа ب (б), پ
(п), ت (т) (ұқсас емесін алмайсыңдар).
2. Жұмыс.
Әріптерді дыбыс жақындығына қарай сұрыптап, тап-
табымен жазыңдар. Нұсқа: ب (б), پ (п), ت (т), د (д) . . . . . . . . .
(Мұнда да дыбыс жақындығы жоқтары алынбайды).
Достарыңызбен бөлісу: