Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


ى » (ы, и)-мен жазылады. Екі жарым «   ى



Pdf көрінісі
бет177/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   230
ى » (ы, и)-мен жазылады. Екі жарым «
 
ى » 
(ы) келетін نـيق (қиын), نييت (тиын), مـيك (киім), كييك (киік) деген 
сөздер екі «
 
ى » (иы, иі)-мен жазылады.
«
 
ه » (е) هجيج (шеше), هميك (кеме), همريك (керме) деген сөздерде 
ш-ның, к-ның, м-нің соңынан естілетін дыбыстың хәріпі. Бұл 
дыбысқа тура келетін араб әліппесінде хәріп жоқ. Бұл дыбы-
сты осы күнде жазып жүрміз. Сөз басында бұлай «ـي ا»  орта-
сында, аяғында я бұлай «هـ» я бұлай «ه» . Мұны осы жөнімен 
жазып, бірақ қайсысы қай жерде жазылатын орындарын айы-
рып, жана да басқа харіптерден анық айыру үшін азырақ ғана 
өзгерту қажет деп ойлаймын. Бұрын бұлай «ـي» жазған орны-
на  енді  бұлай  «ـي»  жазылса  деймін.  Мұнан  араб  хәріпі  онша 


285
бұзылмайды.  Жазудың  тәртіпті  болуы  үшін  бұлай  ету  қажет. 
Мысалы: تيا (ит) деген сөз бен (ет) деген сөзді бірдей жазсақ, 
ол жазумыздың тәртіпсіздігі болар еді. Бұл екі сөздің мағынасы 
қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Айтылуы басқа 
сөздерді  бірдей  жазуға  жол  жоқ.  Негізгі  жол:  айтылуы  басқа 
сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын) басқа жазу, ай-
тылуы бірдей сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын) 
бірдей жазу.
«ـي» (е) жазылады сөздің бас буынында. Мысалы: ريا (ер), كريا  
(ерік), نكريا (еркін), نيم (мен), ءكنيم (менің), ىكنيم (менікі). Басқа 
орында оның орнына «هـ» жазылады: هكريا (ерке), هكريس (серке), 
هك هليك (келеке). Қысылмайтын хәріптердің соңынан «هـ» орнына 
«ه» жазылады. Мысалы: هرك (кіре), هزت (тізе), ك هريك (керек), ي هديك 
(кедей). жазылған сөздердің алдына дәйекше « ء» қойылмайды. 
Себебі бұл дыбыс – ол болмаса да жіңішке айтылатын дыбыс.
Дауыссыз дыбыстар үшін біз алып тұрмыз мынау хәріптерді: 
ب (б), پ (п), ج (ж), ت (т), د (д), ر (р),  ز (з), س (с), غ (ғ), ق (к), ك (к), 
َـك (г), ڭ (ң), ل (л), م (м), ن (н). Бұдан көрінеді, осы күнде қазақ 
сөздеріне  жазып  жүрген  «  »  мен  «  »
40
-ларды  алмағанымыз, 
жоғарыда  айтылуы  бойынша.  Дауыссыз  дыбыстар  дауысты 
дыбыстардың иелігінде. Бұларға яғни олардың жуан я жіңішке 
айтылуы  дауысты  дыбыстардың  жуан  я  жіңішке  айтылуына 
қарай. Оған көнбейтін дауыссыз дыбыстар: ق (қ), غ (ғ), ك (к), 
َـك (г), ت (т)-ның орнына « ت » (т) жуан айтылатын болған соң, 
«  »-ның  орнына  «  س  »  жуан  айтылатын  болған  соң,  «  »  мен  
« »-лардың бізге керегі жоқ. Олар жазу емлесіне оралғы бола-
ды. Қай жерде « » (т) қай жерде « ت » (т) жазуды білмей осы 
күнде де шатасамыз. Егерде екі түрлі айтылатын дыбыстарда 
жуан айтылуы үшін бір хәріп, жіңішке айтылуы үшін бір хәріп 
керек десек, ондай дыбыстардың әрқайсысына екі хәріптен ке-
рек болар еді. Олай етуге болмайтын, жайын жоғарыда айттық. 
Басқадан ала-бөле « ت » мен «س»-ның жуан айтылуы үшін өз 
алдына басқа хәріп керек десек, онымыз жөнсіз болар еді. Дау-
ыссыз дыбыстардың бірінен-бірінің артықтығы жоқ, дәрежесі 
бірдей.
40
 
Тырнақша ішіндегі ашық жерлерде араб тілінің жуан т, с таңбалары бар 
деп оқу керек – ред.


286
Ш-ны алмай Ү (ге) алғанның мәнісі – қазақ тілінде жазылған 
кітаптар, журналдарды қарасақ, «ش» (ш) жазылған сөздер тіпті 
аз, жоқ есебінде. Көбіне «ش » (ш) орнына «چ» (ч) жазылыпты. 
Басқа түркі тілдерін қарасақ, қазақтың «ش » (ш) келетін жеріне 
оларда « « (ч) келеді. اشقا – اجقا (ақша – ақча), –   اجناق – اشناق  (қанша 
– қанча)  جيك –  شيك (кеш – кеч).
Жана да «ش» (ш) дыбысы «س» (с-тен) гөрі «چ» (ж-ға) жақын, 
олай  болғанда  хәріпінің  түрі  де  «چ»  (ж-ға)  жақын  болғаны 
ұнамдырақ көрінеді. Осы айтылған оймен қазақ тіліне «ش» (ш) 
хәріпі  алынбай,  (ч)  хәріпі  алынды.  Мұны  алғаннан  кемшілік 
аз,  ұнамы  көп.  Мысалы:  екінші,  үшінші,  бесінші  һәм  басқа 
сондай «ش» (ш) келетін сөздерді екінші, үшінші, бесінші деп 
жазсақ,  бастапқылары  ұнамдырақ  көрінеді.  Себебі  менің  ой-
ымша мынау боларға: «ش» (ш) араб тілінде «س» (с-ға) жақын 
дыбыс боларға керек, сондықтан басқа түркі тілінде біздің «س» 
(с) орнына жұмсалады. Мысалы: – ساب – شاب (бас-баш), شات –سات 
(тас-таш), شاق – ساق (қас-қаш)  деген сөздерде. « ق» (қ) һәм «غ» 
(ғ)  дәйім  жуан  айтылады,  жіңішке  айтуға  көнбейді.  «  ك»  (к) 
һәм «گ » (г) дәйім жіңішке айтылады, жуан айтуға келмейді. 
« ق
» (қ) мен «غ» (ғ) жазылған сөздердің алдында дәйекші «
ء
» 
қойылмайды, оны қойғанмен бұл хәріптер жіңішке айтылмай-
ды. « ك» (к) мен «گ » (г) алдында дәйекші «
ء
»  қойылмады, оны 
қоймаса да жіңішке айтылатын болған соң.
Ескерту:  жоғарыда  бір  жерде  қосылмайтын  хәріп 
дедік.  Қосылмайтын  хәріп  деп  айтылатын  –  сол  жағымен 
жалғаспайтын хәріптер. Мысалы: : ا (а),  ل (д), ر  (р), ز  (з), و  
(о), ؤ  (ү), ، ه  (е). Оң жағымен жалғыз ه (е)-ден басқа хәріптің 
бәрі де жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет