Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет180/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   230
(,), қосарлық (=), тастарлық (–), дәлдеулік (« »), сұраулық (?), 
лептеулік (!). 
Тыныстық – дауыстың тынатын жеріне қойылатын белгі. 
Жапсарлық (,) – дауыс тынбай, тек сөз арасы көбірек ашы-
ла айтылатын жерге қойылатын белгі. Сөз арасының олай ашы-
луы көбінесе сөйлемдер қосылған жапсарлық жерінде болады. 


296
Қосарлық (-) – сөзді қосу керек болған орында, бір сөздің 
екі бөлімін қосу керек болған орында немесе біріне-бірі жедел 
екі сөз қосарынан айтылатын орында, не болмаса бір сөздің өзі 
қайта-қайта жедел айтылатын орында қойылатын белгі. 
Тастарлық (–) – жазбай тасталған сөздің орнына қойылатын 
белгі. 
Дәлдеулік  («  »)  –  бұлжытпай  дәлдеп  жазып  көрсетерлік 
жерде қойылатын белгі. 
Бұлардан  басқа  «Тіл  жұмсарда»  екпіндік  /V/,  еместік  /Х/ 
деген белгілер бар. Олар балалар оқуға төселгенше, сөздерді 
айырғанша  уақытша  қолдан  тұтынатын  белгі  (баспада  олар 
болмайды). 
2.  Сөйлем  атына  кірген  өзгеріс  бар.  Мәселен:  жапсарлы 
сөйлем деген ат бар. Бұл атпен құрылуынша айырылатын то-
лып  жатқан  сөйлем  түрлерінің  бәрі  аталады.  Тек  жапсарлық 
қойылатын сөйлем болса, бәрі жапсарлы сөйлем деп бір-ақ ат-
пен аталады. 
3. Сөз аттарына кірген өзгеріс бар. Мәселен: 1) «қосар сөз» 
деген бар. Бұл – қос сөздерден басқа сөздердің қосарынан біріне-
бірі жедел айтылатындарына қойылған ат. Бұған қатар-қатар, 
жалт-жұлт,  шым-шытырық,  бірін-бірі,  бір-бірлеп,  алысып-
жұлысып, тағысын тағы сол сияқты сөздердің бәрі кіреді; 2) 
«қосынды сөз» деген бар. Ол бұрынғы «жалқылауыш» қос сөз 
деген аттың орнына алынып тұр (белбеу, қарағұс, жүк-аяқ); 3) 
«үйір сөз» деген бар. Бұл – айтқанда қосынды сөз сияқты ай-
тылатын, бірақ ондай бір ұғымды емес, екі ұғымды көрсететін 
сөздерге қойылған ат (қара айғыр, ақ өгіз, сұр тай). 
4.  Дыбыс  түрлерінің  атына  кірген  өзгеріс  бар.  Дыбыстар 
естілу қуатына қарай жіктеліп, соған қарай ат қойылып тұр. Ды-
быс естілу жағынан төрт даражалы: 1) дауыс (немесе айғай), 2) 
үн, 3) сыбыс, 4) сыбыр. Дауыс пен үнді айыру қиын емес (дауы-
стама, үндеме дегенде, екеуінің мағынасы бір емес), сыбыс пен 
сыбыр  –  екеуі  бір  нәрсе  емес  (сыбырлағанда  пыш-пыштаған 
сыбыс естілуі мүмкін, бірақ сөзі басқа адамға естілмейді). 
Балаларға  бұрынғыдан  көрі  осы  түсінікті  болатындықтан, 
дыбыстар  осы  негізбен  жіктеліп,  түрлеріне  осыған  қарай  ат 
қойылды. 


297
1) ا (а), و (о), ۇ (ұ, ү), ہ (е), ى (и) бұрынғыша дауысты деп 
аталады. 
2) ر (р), ڭ (ң), ل (л), م (м), ن (н), و (у), ي (й) үнді дыбыстар деп 
аталады. 
3) ج (ж), ز (з), س (с), ش (ш), غ (ғ), گ (г) сыбысты дыбыстар 
деп аталады. 
4) ب (б), پ (п), ت (т), د (д), ق (қ), ك (к) сыбырлы дыбыстар 
деп аталады. 
«Тіл жұмсардың» кәзір екі бөлімі гәнә шығып тұр. 
І-нші  бөлімдегісі  көбінесе  әріптер  мен  әріп  белгілерін 
түрлі  орында  көбірек  жұмсалатын  сөз  бөлшектері  мен 
сөйлем  бөлшектерін  жаза  білу.  Дәйекші  керек  қылмайтын 
дыбыстардың әріптерін білу. Сөздің жекелік, көптік түрлерін 
тану.  Көбінесе  айтылатын  сұрау  сөздермен  танысу.  Жеңіл 
сұрауларға жауап жаза білу. Жеңіл бүркеулерді ( . . . . . . ) аша 
білу. Сөзге үйлесетін сөз теріп ала білу. Оңай туатын сөздерді 
туғыза білу. Сөзді сипырға (цифрға), сипырды сөзге айналдыра 
білу. Тасымалдаумен танысу. 
Бұл бөлімде бақылау мен мәнісін білу жағынан тура тұтыну 
тәжірибе жағы басым болып отырады. 
Жана бір ескеретін нәрсе – І-нші бөлімде берілген тіл тану 
білімі «Әліп-бидегі» әңгімелермен байласқан. Оны сол ретте 
басқа кітаптардағы әңгімелермен байластыруға болады. Мұнда 
тек  байластыру  жолы,  жөні  осы  ретше  болу  тиістілігіне  үлгі 
үшін байластырып көрсетілген. 
«Тіл  жұмсардың»  ІІ-нші  бөлімінде  І-нші  бөлімдегілердің 
көбі қайта келеді. Бірақ олар пысықтау ретінде емес, андағы 
білімдерді  тереңдетіп,  аудандарын  кеңейтіп  білдіру  ретінде 
келеді. 
Оның  үстіне  жаңадан  сөйлемдердің  түрлерін  тану, 
сөздердің, дыбыстардың негізгі түрлерін тану, орын талғайтын 
дыбыстармен танысу, сыбайлас дыбыстардың бір-біріне ететін 
әсерлерімен танысу, дауыс екпінін тану кіреді. 
Бұл  бөлімде  істеу  жүзінде  байқаумен  алған  білім  жұмсау 
жүзінде іске асып, бақылау мен жұмсау екеуі теңбе-тең бірдей 
жүріп отырады. 
Aлдағыда айтып өтетінім – емле үйретуге «Тіл жұмсардың» 
екі бөліміндегі қолданыстық нәрсе (материал) жеткілікті. 


298
Соның  бәрін  балалар  дұрыстап,  түгел  қолданып  өтсе, 
емленің  90%  шамасы  білуге  дыбыс  жүйелі.  Оны  білу  үшін 
буынды  жақсы  тану,  дұрыс  буындай  білу,  сөздің  буындарын 
біліп отырып жазуға әдеттену гәнә керек. Оан «Әліп-би» мен 
1-нші «Тіл жұмсар» көлеміндегі нәрсе де, мезгіл де, білім де 
жеткілікті. 
Онан  арғысын  2-нші  «Тіл  жұмсармен»  толықтырып, 
үшеуінің  көлеміндегі  нәрседен  емленің  90%  білімін  толық 
алуға болады. Онан әрі қалған 10% білімін 3-нші «Тіл жұмсар» 
беруге тиіс. 
Сүйтіп,  бақылау  мен  жұмсау  тәжірибе  жолымен  «Тіл 
жұмсардың» үш бөлімінің беретін білімін алғанда, балалардың 
сауаты емле жағынан толық жеткілікті болмақ. 
Шығарушы. 1928 жыл 6 наурыз. Қызылорда. 
  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет