Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет61/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   230
 4Ымыралы дыбыстарж, з.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздердің  ішіндегі  ымы ралы 
дыбыстардың таңбаларын айыру.
Сан  тимеске  сан  тиді,  табақ-табақ  нан  тиді.  Саңырауға  
сәлем берсең, атаңның басы дейді. Жорға мінген жолдасынан 


75
айырылады. Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Көп 
жасаған  құрдасынан  ай ырылады.  Жығылған  күреске  тоймас. 
Саяқ  жүрсең  таяқ  жерсің.  Тыңдамасқа  сөйлеген  есіл  сөзім, 
жыламасқа  жылаған  екі  көзім.  Ауызы  күйген  үрлеп  ішер. 
Жеген  білмес,  тураған  білер.  Бұйдалаған  тайлақтай,  жетеле-
ген  мойнақтай.  Шын  жомарт  жоқтығын  елемес,  шын  жүйрік 
тоқтығын елемес. Түлен түртпесе, түнде қайда барасың?
 5Ымырасыз дыбыстард, ғ, г.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздердің  ішіндегі  ымырасыз 
дыбыстардың таңбаларын айырту.
Екпей егін бітпес. Тез қасында қисық ағаш жатпас. Жыртық 
тесікке  күледі.  Ұялмаған  өлеңші  болар,  ерінбеген  етікші  бо-
лар.  Ұйқы  төсек  талғамайды.  Күркіреген  күннің  жауыны  аз. 
Жығылған сүрінгенге күледі. Жер жұтуға тоймайды, от отынға 
тоймайды; көз көруге тоймайды, құлақ естуге тоймайды. Көңіл 
ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды. Жау жағадан алғанда, ит 
етектен алады. Көрген жерде бой сыйлы, көрмеген жерде тон 
сыйлы. Ел қыдырған сыншы болар, тоғай қыдырған үйші бо-
лар. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың. Ер туған жеріне, 
ит тойған жеріне. Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса. 
Жоғарыда  орын  барда  төмен  отырма. Ac  –  адамның  арқауы. 
Жаз шанаңды сайла, қыс арбаңды сайла.


76


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет