Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет64/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   230
ЖҰРНАҚТАР
1.  «-лық»  жұрнақ.  Бұл  жұрнақ  сөздің  аяғы  дауысты  ды-
быс немесе жарты дауысты дыбыс болса, осы «-лық» күйінде 
жалғасады.  Мәселен:  бала-балалық,  жабы-жабылық,  жау-
жаулық, бай-балық.
Ескерту.  «-лық»  жұрнақ  турасындағы  бұл  заңға  аяғына 
жарты дауысты «л» келетін сөздер көнбейді. Оның көнбейтін 
себебі, қазақ тілі «л» дыбысы қабат келуін сүймейді. Сондықтан 
екі  «л»  қабат  келген  жерде,  біреуін  басқа  дыбысқа  айналды-
рып  айтады.  Мәселен,  «Алла»  деген  сөздегі  қабат  келген  екі 
«л»-дың  біреуін  «д»-ға  айналдырып,  «алда»  қылып  айтады. 
Сондай-ақ «-лық» жұрнақтағы «л» да екі «л»-дың біреуі болып 
келетін  жерде  «д»-ға  айналып  кетеді.  Мәселен:  сал-сал-лық 
боларға тиіс еді, олай айтылмай, сал-салдық бо лып айтылатын 
себебі, қазақ тілінің екі «л» қабат келуін сүймегендігінен.
Сөздің  аяғы  ұяң  дыбыс  болса,  «-лық»  жұрнақ  өзгеріліп 
«-дық»  болып  жалғанады.  Мәселен:  хан-хандық,  аң-аңдық, 
сұм-сұмдық.
Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, жұрнақ «-лық» өзгеріліп, 
«-дық» болып жалғасады. Мәселен: құм- құмдық, хан-хандық, 
аң-аңдық.
Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса, «-лық» жұрнақ «-тық» 
болып  жалғасады.  Мәселен:  қап-қаптық;  жұрт-жұрттық,  аш-
аштық, қас-қастық, жас-жастық, сақ-сақтық.
Жіңішке  сөздерде  «-лық»  орнына  «-лік»,  «-дық»  ор нына 
«-дік»,  «-тық»  орнына  «-тік»  болып  жалғасады,  мәселен: 
ине-инелік,  жеті-жетілік,  ер-ерлік,  ел-елдік,  тең-теңдік,  ерке-
еркелік, кедей-кедейлік, жетім-жетімдік, көп-көптік.
Дағдыландыру.  Төмендегі  сөздерге  «-лық»  жұрнағын 
жалғатып, туынды сөз еткізу.
Бас,  қас,  мұрын,  ауыз,  ерін,  тіл,  қабырға,  арқа,  тері,  өкпе, 
бел, тамыр, сан, тізе, балтыр, өкше, ұлтан, ата, ел, күйеу, бажа, 
құда, жігіт, қарт, ене, ат, жорға, айғыр, бұқа, қошқар, маймыл, 
ай, күн, жарық, қар, күз, түс, түн, күміс, түс, ала, саз, батыр, қу, 
жақын, зор, игі, жаман, тірі, нашар, қатты семіз, жауыз, ырас, 
ірі,  қисық,  сулық,  көркем,  әдемі,  жуас,  ұяң,  әңгі,  монтаны, 


80
қиын, паң, аңқау, нас, салақ, шапшаң, бос, дұрыс, тура, соқыр, 
сараң, қара, тоқ, мас, сұм.
2. «-шы» жұрнақ. Бұл жұрнақ жуан, жіңішке сөздерге бірдей 
жалғанып,  бірдей  жазылады.  Бірақ  жуан  сөзде  жуан  айтыла-
ды,  жіңішке  сөзде  жіңішке  айтылады.  Мәселен:  мал-малшы, 
ел-елші,  жылқы-жылқышы,  түйе-түйеші,  ылау-ылаушы,  егін-
егінші.
Сынау.  Төмендегі  түбір  сөздерге  «-шы»  жұрнағын  қос-
тырып, туынды сөз еткізу.
Аң, өлең, нан, із, пеш, аяқ, қазан, темір, көмір, қырман, орақ, 
ат, бие, сиыр, балық, ойын, жыр, домбыра, қобыз, сырнай, арба, 
қарауыл,  отын,  балшық,  алтын,  күміс,  сыр,  балта,  бата,  ара, 
етік, тігін, ой, той, өсек, өтірік, қала, базар, бас.
3. «-шыл» жұрнақ. Бұл жұрнақ та жуан, жіңішке сөздерге 
бірдей  жалғанып,  бірдей  жазылады.  Жуан  сөздерде  жуан, 
жіңішке  сөздерде  жіңішке  болып  айты лады.  Мәселен:  қазақ-
қазақшыл, жетек-жетекшіл, қара-қарашыл, күн-күншіл, қайғы-
қайғышыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет