Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет99/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   230
етіс дейміз. 
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабынан  бір  мақала  алып 
сондағы салт етістіктерді көрсету.
3. ОРТАҚ ЕТІС
Ортақ етіс дейміз – іс жеке істелмесе, мәселен: бала жа-
рысты, жау соғысты, балуан күресті.
Бала жалғыз жарысуға болмайды, біреумен жарысады; Жау 
өзімен өзі соғыспайды, біреумен соғысады. Балуан өзімен-өзі 
күреспейді,  біреумен  күреседі.  Осындай  жеке  істелмейтін, 
екі  жақтап  істейтін  істерді  көрсететін  сөздерді  ортақ  етіс 
дейміз.
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан бір мақала алып, сонда 
ортақ етістерді көрсеткізу.
4. ӨЗДІК ЕТІС
Өздік етіс дейміз – істеуі басқаға істерлік ісін өзіне істесе, 
мәселен: мен жуындым, сен тарандың, ол мақтанды.
«Жудым»  десе,  басқаны  жуған  болар  еді;  «жуын дым»  де-
генде өзін жуған болады яғни істі басқаға емес, өзіне істеген 
болады.


156
«Тарадым» десе, басқаны тараған болар еді, «тарандым» де-
генде істі басқаға емес, өзіне істеген болады.
«Мақтады» десе, басқаны мақтаған болар еді, «мақтанды» 
дегенде басқаны емес, өзін мақтаған болады.
«Жуындым»,  «тарандың»,  «мақтанды»  деген  сиякты 
басқаға істерлік істі өзіне істеуді көрсететін сөздерді өздік етіс 
дейміз.
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабынан  бір  мақала  алып, 
сондағы өзіндік етістерді көрсеткізу.
5. ӨЗГЕЛІК ЕТІС
Өзгелік  етіс  дейміз  –  біреудің  ісіне  себепкер  болуды, 
мәселен: атты жүргізді, қойды өргізді, түйені тұрғызды де-
генде аттың жүруіне, қойдың өруіне, түйенің тұруынa себепкер 
болғанды көрсетеді. Олар өздігінен істеce ат жүрді, қой өрді, 
түйе тұрды болар еді. 
«Жүргіздім», «өргіздім», «тұрғыздым» деген сияқты біреудің 
ісіне себепкер істі көрсететін сөздерді өзгелік етіс дейміз.
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабынан  бір  мақала  алып, 
сондағы өзгелік етістерді көрсеткізу.
6. БЕДЕЛДІ ЕТІС
Беделді  етіс  дейміз  –  істі  біреу  арқылы  істеуді.  Мәселен: 
хат жаздырды, өлең айттырды, үй салдырды, кітап алдырды 
дейміз.
«Жаздырды», «айттырды», «салдырды», «алдырды» деген-
де бәрі де біреу арқылы істеген іс болады. Осындай сөздерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет