Ббк 1. Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет101/230
Дата08.04.2022
өлшемі2,77 Mb.
#30397
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   230
Дағдыландыру. Қирағат кітабынан мақала алып, сондағы 
шағыс етістерді көрсеткізу.
9. ДҮРКІНДІ ЕТІС
Дүркінді етіс дейміз – қайта-қайта істелетін іcті, мәселен: 
хат  жазғыладым,  мылтық  атқыладым,  қолынан  жұлқыла-
дым.  «Жазғыладым»,  «атқыладым»,  «жұлқыладым»  деген 
сөздер  істің  бір  рет  емес,  бірнеше  рет  істелгенін  көрсетеді. 
«Жазғыладым»,  «атқыладым»  «жұлқыладым»  деген  сияқты 
сөздерді дүркінді етіс дейміз.
Дағдыландыру.  Қирағат  кітабынан  бір  мақала  алып 
сондағы дүркінді етістерді көрсеткізу.


158
10. ӨСІҢКІ ЕТІС
Өсіңкі етіс дейміз – күшейген істі, мәселен: aт жүріңкі-
реді, су тасыңқырады, бала ұыйықтаңқырады. «Жүріңкіреді» 
дегенде  жүру  күшейгені  көрінеді,  «тасыңқырады»  деген-
де  тасқын  күшейгені  көрінеді,  «ұйықтаңқырады»  дегенде 
ұйқы  күшейгені  көрінеді.  «Жүгіріңкіреді»,  «тасыңқырады», 
«ұйықтаңқырады» деген сияқты сөздерді өсіңкі етіс дейміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет