159
ды быс. 2) Басқа дыбыстар (дауыссыз һәм жарты дауысты ды-
быстар). Сөз түбірінің аяғы дауысты дыбыс болса, жалғау мен
түбір арасына «и» дәнекер болады; дауыс сыз яки жарты дауы-
сты дыбыс болса «а», «е» дәнекер болады.
Етістіктер райлармен өзгергенде екі түрлі айтыла ды:
1)
Дара түрде 2)
Қосар түрде. Қосар түрде сөйле генде кө-
мекші етістіктер қосыла айтылады.
Көмекші етістіктер
дегеніміз:
тұрмақ, жүрмек, отырмақ, жатпақ, бармақ, болмақ,
алмақ, бермек, келмек, кетпек, көрмек, өтпек, тастамақ,
қоймақ, қалмақ, имек. Мұнан басқа етістіктер
жай етістік
болады.
Қосар түрде сөйлегенде, жай етістіктер мағына беруші бо-
лып, алда жүреді; көмекші етістіктер өзгеруші болып, сонда
жүреді. Қосар түрін қоя тұрып, қазір де дара түрін көрсетеміз.
Қосар түрі етістіктің көсемше һәм есімше түрлері жайынан
сөйлегенде көрсетілмекші.
Етістіктің түпкі түрі
салт етіс пен
сабақты етіс; өзгелері
туынды етістер. Сондықтан бастапқы екеуі екі-ақ мүшелі:
1) Түбір. 2) Жалғау. Басқа етістер үш мүшелі: 1) Түбір. 2)
Жұрнақ. 3) Жалғау. Түбір мен жұрнақ екеуін жалғаудан айы-
рып сөйлегенде, тұқыл дейміз. Сүйтіп жалғау түпкі етістердің
түбіріне жалғанады, туынды етістердің тұқылына жалғанады.
Етістік жалғаулары есім жалғауларынан өзгеше болғандықтан,
һәр заттың ісінің жігін айырып айтатын болғандықтан жалғау
орнына
жіктеу дейміз.
2.
БИЛІК РАЙ
Достарыңызбен бөлісу: