170
береді, ал
бел құдалар
деген этнографиялық атау – тумай жа-
тып ұл-қыздарын атастырған адамдардың атауы. Сондықтан
нағашыммен бел құрдаспыз
деген сөйлемде
бел
сөзі орынсыз
жұмсалған.
Қазіргі қазақ әдебиеті тілінде сипаттама сын есімдердің ішінде
де өте сирек қолданылатын не жергілікті, не көне, не жасанды
тұлғалары жиірек көріне бастады. Мысалы, Д.Досжановта:
«
жұлмыт
жігіттер», «
жұлмыт
елші», «
мұғдарлы
күй»,
«
мұғдарлы
әсер», «
марайма
мінез»; О.Бөкеевте: «
мантырақ
ой», «
тымсақ
адам», «
қойторы
тірлік», «
қоймырет
адам»,
«
жөн
қуаныш»; Т.Әлімқұловта: «
мондыбас
біреу», «
сарам-
жал
қыз»; С.Бердіқұловта: «
тотанақ
мезгіл» т.б.
сияқты
анықтауыш сөздер кездеседі. Мұндай сөздердің бірқатарын
бірнеше жазушы бірдей қолданып, тұрақтандыра бастағандары
да байқалады. Мысалы, 20-40-жылдардағы қазақ прозасы
тілінде көп ұшыраспайтын
можантопай
(қыздар),
ұлы жіңгір
(той),
мамырстан
(заман),
төрткұл
(дүние),
қүйын-перен
(спортшы) сияқты сөздер О.Бөкеев, Ә.Кекілбаев, С.Жүнісов,
С.Бердіқұлов т.б. жазушыларда жиі кездеседі.
Бұл сөздердің
әдеби тілде әлі берік орын теуіп лексикалық нормаға еніп
болмағандығын олардың әртүрлі жазылып, кейде тіпті әртүрлі
мағынада қолданылып жүргендігі танытады. Мысалы:
можан-
топай /мөжен топай /мөж топай; ұлы жіңгір /ұлы жәңгір;
құйын-перен / құйын-перін
деген
орфографиялық дублеттер
түрінде ұшырасады. Бұлардың
мамырстан, төрткіл
сияқты
бірен-сараны болмаса, көпшілігі не жергілікті сөйлеу тілінде
қолданылатын, не көнеріп, ұмыт болған ежелгі сөздер болып
келеді. Қалам иелерінің бұл сияқты сипаттама сөздерді қолда-
нуы – тіпті кейбіреулерін активтендіруі – принципінде құп-
тарлық іс. Өйткені бұларды іздеттіріп, жұмсаттырып отырған
себеп, уәж бар, ол – бір нәрсені сипаттаудың ең дәл әрі әсерлі
атауын табу. Бірақ әңгіме – осындай сөздердің түсініктілігін
қамтамасыз ете білуде. Көркем әдебиет дүниесіне қойылатын
шарттардың бірі – тілінің қалың оқырманға түсінікті болуы,
автордың айтпақ ойының оқырманға
қиындықсыз әрі әсерлі
түрде жеткізілуі. Сондықтан мағынасы қалың көпшілікке
бейтаныстау немесе мүлде түсініксіз тұлғаларды белгілі бір
зәрулікпен қолданған күнде, олардың оқушыға жетуін ойласты-
171
ру керек. Бұлардың семантикасын жалпы контекстен шығатын
етіп бере ме, өзге синонимдерін қатар келтіріп ұсына ма, бет
соңында сілтемеде түсіндіріп бере ме – қысқасы, әр алуан жол-
ды пайдалану – жазушының өз шаруасы. Осы жағдайда ғана
бейтаныс сипаттама сөздердің
қолданысын уәжді деп тануға
болады.
Нормадан жөнімен немесе жөнсіз ауытқу қарапайым сөз-
дердің қолданысында да байқалады. Қарапайым сөздер – ауыз-
екі тілдік категория, олар әдеби
тілден тысқары тұратын
дүниеліктер екені мәлім. Қарапайым сөздердің әдетте әдеби
тілдік эквиваленті болады. Жазба стильдердің ішінде қара-
пайым сөздердің молынан пайдаланылатын орны –
көркем
әдебиет тілі. Оның ішінде әсіресе драмалық шығармалар мен
көркем прозада қарапайым элементтер кейіпкерлер тілінде де,
автордың өз баяндауында да еркінірек жұмсалады. Кейіпкер-
лер тілінде келуі – сол кейіпкерлердің образын жасау үшін
қажет болса, автор сөзінде келуі белгілі бір стильдік мақсатты
өтеу үшін қажет.
Халықтың ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздердің
экспрессиясы күшті болып келеді. Сондықтан олар, ең ал-
дымен, өмірде қолданылатын сәттерінде
кейіпкерлер тілінде
бұлжытпай беріледі. Мысалы, С.Жүнісов кейіпкерін: «Әкесінің
бар малын
Достарыңызбен бөлісу: