Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


§16. Қазақ тілінің қазіргі емле ережелері бойынша қосар ый



Pdf көрінісі
бет131/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

§16. Қазақ тілінің қазіргі емле ережелері бойынша қосар ый,
ій  әріптерінің   орнына   бір  ғана  и  әрпі   жазылады.  Мысалы:  ки
(дұрысында кій болу керек), қи (қый болу керек), сол сияқты:
би (бій), биыл (быйыл), жиі (жійі), жиналыс (жыйналыс), ти
(тій), тиын (ақша, тыйын), тиін (аң, тійін) т. т.
Ал и әрпі – жіңішке дыбыстың таңбасы, бірақ жазуда жуан
ый дыбысын да таңбалайтын болғандықтан, оны жіңішке де,
жуан да етіп айтуға тура келеді. Ішінде а, ы, ұ, о сияқты жуан
дауысты дыбыстары бар сөздерде и таңбасын ый деп
270


жуан айту керек. Мысалы: жыйналыс (жазылуы: жиналыс),
қыйыңғыстау (қиын-қыстау),  быйыл (биыл),  сый –сыйапат
(сый-сияпат).
Сөз ішіндегі и дыбысының жуан не жіңішке екенін ондағы
өзге дауыстыларға қарап айыруға болады. Мысалы, дидар,
миғұла, мизам, бидай, мирас, миық, мия, қыдию, қалқию  деген
сөздерде и – жуан, өйткені бұлардағы өзге дауыстылар – жуан,
сондықтан айтылуда бұлар  дыйдар,  мыйғұла,  мыйзам,  быйдай,
мыйрас, мыйық, мыйа, қыдыйу, қалқыйу болуы керек. Ал ми,
жи,   қи  үш-төрт   сөздің   жуан   айтылуға  (мый,   жый,   қый)  тиіс
екенін есте ұстау кажет, өйткені бұл сөздерге жалғау-жұрнақтар
жуан вариантта жалғанады: миы ашыды (мийі емес), мисыз
(мисіз емес), жина (жине емес), қиды (қиді емес).
Есте оңай сақтауға болатын ереже, ол –  қ,  ғ  дыбыста-ры
бар   сөздердегі  и  дыбысының   әрдайым  ый  болып   жуан
айтылатындығы:
Жазылуы:
Айтылуы:
қырғи қабақ
қырғыйғабақ
қилы-қилы
қыйлығыйлы
қалқиған
қалқыйған
қыли (көз)
қылый (гөз)
шиқ етті
шыйқетті
шиқан
шыйқан
жан қиярлық
жаңғыйарлық
қағида
қағыйда
Мұндай   сөздердің   ішінде  сый,  тый  деген   екі   сөз   түбір
күйінде   де,   әр   алуан   қосымшалар   жалғанған   тұлғасында   да
жалаң  и  әрпімен емес, қосар  ый-мен естілуінше жазылып жүр.
Оның   себебі   осы   буындардың   жіңішке   варианттарында
айтылатын   сөздермен  (ти,  си)  мағынасын   шатастырмауға  бай-
ланысты.   Алдыңғыларын   айтқанда,   үнемі   жуан  ый  етіп   айту
керек:  тый,  сый.  Бұлардың   туынды,   қосымшалы   түрлері   де
әрдайым   жуан   айтылады:  сыйлау,  сыйлық,  сыйды,  сыймады,
сый-құрмет, сыйымсыз, сыйысу, тыйғызу, тыйылу, тыйым-
сыз. Бұл сөздер осы тұлғада ый арқылы жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет