гүугууледі (жазылуы:
гу-гуледі) және
гудок, су және
сүурет (жа-
зылуы:
сурет) сияқты бес-он сөздің жуан-жіңішке
айтылуынан жаңылыспаған абзал.
Осы айтылғандарға сәйкес Абайдың мына жолдарын дұрыс
оқып көріңдер.
и дыбысы жуан және жіңішке айтылатын
сөздерді
ый, ій арқылы жазып көрсетіңдер.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып, іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен
соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
(Абай)
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбдыр қағып бұраңдап ағады су.
(Абай)
§18. Бірқатар сөздер мен қосымшалар жазылуда түбірі
сақталатындықтан, аралас буынды болып келеді, яғни жуан
сөзге жуан варианты жоқ
-кер, -гер, -кент сияқты жұрнақтар
жалғанады немесе жіңішке түбірлі сөзге жіңішке вариантта-
ры жоқ
-қой, -паз, -қор сияқты жұрнақтар жалғанады. Мы-
салы:
сауда+гер, Шым+кент , бал+гер, Таш+кент, әсем+паз,
сән+қой, шәй+қор (жазылуы:
шайқор) т.б.
Осылардың ішінде
-кер, -гер, -кент жұрнақтары жалғанған
кейбір жуан сөздер айтылуда осы жұрнақтардың әсерімен
тұтасынан жіңішке айтылады. Мысалы:
сәудегер, Шімкент,
Тәшкент. Бірақ бұл жұрнақтар жалғанған кез келген жуан
түбірлі сөз жіңішке айтыла бермейді. Мысалы:
қаламгер, жа-
уапкер, айыпкер, Құмкент сияқты сөздер жазылған түрінше
айтылады. Ал жуан жұрнақтар жіңішке түбірді жуандата ал-
майды, сондықтан олар жуанды-жіңішкелі аралас буынды бо-
лып, жазылған түрінше айтылады. Мысалы:
әсемпаз, өнерпаз,
сәнқой, әзілқой.
Достарыңызбен бөлісу: