Лексика-семантикалық варианттар
Алдымен, фонетикалық бітімі жағынан бір-біріне өте ұқсас,
сырт қарағанда, бір сөз сияқты болып көрінетін қатарлардың өзін
семантикалық, семалық табиғатына қарай ажыратып алу қажет.
Норма тұрғысына келгенде, төл сөздердің ішінде фоне-тикалық
тұлғасы жағынан бір сөз сияқты болып көрінетін
сартылдау ~ сыртылдау, дызылдау ~ тызылдау, сарт-сарт ~
сарт-сүрт, алақ-жалақ ~ алақ-жұлақ тәрізді қатарлардың
әрқайсысының семантикалық дербестігі бар варианттар екендігін
айту керек. Мысалы, сартылдау ауқымы үлкен заттардың өзге
заттарға соғылғанда (үйкелгенде) шығаратын дыбысы: пойыздың
донғалақтары сартылдайды, шоқпар сар-тылдан соғылады т.т.,
ал сыртылдау ұсақтау, кішілеу денелердің (заттардың) өзге
заттарға соғылғанда шығаратын үздіксіз ды-бысы, мысалы,
малдың тұяқтары сыртылдайды, саусақтар сыртылдайды.
«Түсіндірме сөздік», өкінішке орай, мұндай
96
семантикалық ренктерді көрсетпейді. Мұндағы түсіндірмелер:
сартылдау – «сарт-сарт еткен дыбыс шығару, сатырлау», сыр-
тылдау – «сырт-сырт ету, тырсылдау», ал қайткенде сарт-сарт
еткен дыбыс, қайткенде сырт-сырт еткен дыбыс шығатыны
айтылмайды. Демек, дауысты дыбыстарының ашық (а), қысаң
(ы, і немесе о-ұ, ү) болып құбылып келетін еліктеуіш сөздер
(тарс ету ~ тырс ету, сарт ету ~ сырт ету, сырылдау ~ са-
рылдау) мен етістіктер (дордию ~ дүрдию, дөңкию ~ дүңкию,
батпию ~ бытпию, балшию ~ былшию, қоңырсу ~ көңірсу)
сырт қарағанда, бір лексеманың инварианттары болып
көрінгені-мен, шын мәнінде, семалық өзгешеліктері бар жеке-
жеке сөз-бірліктер болып танылады, бұлар – дублеттер емес,
сондықтан мұндай қатарлардың бірін әдеби нормадан
ығыстыруға мүлде болмайды.
Төл сөздердің ішінде лексика-фонетикалық варианттардың
үлкен бір тобын жуан – жіңішке болып дыбысталатын қатарлар
құрайды. Олар: ажым ~ әжім, ажуа ~ әжуә, абдыра ~ әбдіре,
ары (тұр) ~ әрі (тұр), аула ~ әулі, қария ~ кәрия, қары ~ кәрі,
пісті ~ пысты, пара ~ пәре, жай ~ жәй, жайт ~ жәйт, шай ~
шәй, жаңағы ~ жәңегі, және ~ жана, қайтіп ~ кәйтіп т.б.
Бұл топтағы қатарлардың бірқатары жергілікті сөз машығына
(говорлық, диалектілік қолданысқа) қатысты болып келеді.
Диалектолог мамандардың зерттеулеріне қарағанда, Орта Азия
республикалары мен соларға іргелес жатқан қоныстардың
қазақтары тілінде, Қазақстанның Орта Азиядан шалғай жатқан
тұрғындарында а дауыстысымен айтылатын сөздер ә дыбы-
сымен айтылады: мәңләй ~ маңдай, шәм ~ шам, пәте ~ бата,
мәс ~ мас, бәршә ~ барша.Диалектолог С.Омарбеков өзбек
арасындағы және солармен іргелес қоныстардың қазағының
тілінде көптеген араб, парсы кірме сөздері де жіңішке
айтылатындығын көрсетеді: әтіреп (атырап), шәрт (шарт),
сәәт (сағат), кәсиет (қасиет), місәл (мысал) т.т. Сол сияқты
Қазақстанның қиыр шығысында, Алтай-Тарбағатай
өнірлерінде, Монғолияның Баянөлгей аймағында тұратын
қазақтардың тілінде де әдеби нормаға сай келмейтін а-ә ды-
быс алмасулары байқалады: жәңе, жәңәлік, тәутеке, шәрші,
жәуінгер, жәртілей.
97
Қазақ сөздеріндегі а-ә алмасулары кірме сөздерге де әсер
етіп, бұлардың арасынан да жуанды-жщішкелі дублеттер бар
екендігін көрсетеді: әбзәл – абзал, бәсі – бағасы, әтірәп
– атырап, әбзел – абзал, мәусім – маусым, нәзер – назар.
Әрине, бұл параллельдер – әдеби норма мен жергілікті ерек-
шеліктерден тұратын дублеттер. Ал көрсетілген құбылыстың
жалпыхалықтық тілде де бары байқалады. Оған кәрі – қары,
жай – жәй, сәудегер – саудагер, әлдеқашан – алдақашан, бәлгер
– балгер сияқты дублеттерді көрсетуге болады, бұлардың дені
айтылуда сақталып келе жатқанымен, емле сөздіктері арқылы
реттелуде, яғни әлдеқашан, жай, саудагер, балгер (бақсы-
балгер) деп жазу керектігін көрсету арқылы осы тұлғалар
нормаға енуде.
Әдеби норманың бүгінгі талабы – көрсетілген типтегі
дыбыстық-орфограммалық дублеттердің біреуін норма ретінде
қалыптастыру болса, бұл бірте-бірте жүзеге асырылып келе
жатқанын айтуға болады. Емле сөздіктерінде көрсетілген дублет
қатарларының біреуі беріліп келеді және бұлардың сөздікте
көрсетілген варианттарының орфограммасы (жазы-луы) біршама
нормаға түсті деуге болады. Төл сөздердің ішінде жуан-жіңішке
болып қатар түзетін бір топ тұлғалардың екеуі де – нормативтік
деп танылатындары бар. Мысалы, заңғар ~
зеңгір, сықылды ~ секілді, орасан ~ ересен, қолбырау ~ көлбіреу,
қоңырсу ~ көңірсу деген қатарлардың түбірі бір болғанмен,
тіркесу орындары (қандай сөздермен тіркесетіндігі) біршама
ажыратылған, яғни семалық ерекшеліктері еске алынатын
жеке-жеке сөздер деп танылады да жоғарыда көрсетілген
мысалдардай бір сыңары нормадан (емле сөздіктерінен)
ығыстырылмайды. Осы қатардан, сірә, пысылдау ~ пышыл-
дау, бырсу ~ быршу, бақыраю ~ бажыраю, батпию ~ бытпию,
бедірею ~ безірею, едірею ~ ежірею, бүкшеңдеу ~ бүкшіңдеу,
тымық ~ тынық сияқты қосарлар да табылады деп санай-
мыз. Бұлардағы әр сыңардың мағыналық реңктері (семалық
ерекшеліктері), тіркесімдік таңдауы, стильдік қызметтері бар
бірліктер, сондықтан әдеби нормадағы сөздер болмақ.
Төл сөздердің ішінде лексика-фонетикалық дублеттердің
келесі тобын б ~ п, б ~ м, қ ~ ғ, т ~ с, т ~ д, ш ~ с, е ~ і, а ~
Достарыңызбен бөлісу: |