Фонетикалық-орфограммалық және
лексика-фонетикалық варианттар
Әдеби норма тұрғысынан келгенде, біреуі нормативтік
(нормаға сай), екіншісі (не екіншілері) нормаға үйлеспейтін
қатарлар деп бөліп қарастыратын топтар бар. Бұндай жарыспа
элементтерді біз дублет деп атағанды жөн көреміз. Дублеттердің
ең үлкен бірінші тобы – фонетикалық-орфограммалық
(бұны лексикалық-фонетикалық деп те атап жүрміз) болып
келетін тұлғалар, яғни дыбысталуы бір-бірінен өзгеше түсетін,
бір инварианттан өрбіген вариант сөздер: зарар ~ залал, пен-
де ~ бенде, кәрі ~ қары, тиірмен ~ диірмен, мұнда ~ бұнда т.т.
Бұлардың өзін іштей топтастыру керек болады:
а) араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздердің
фонетикалық орфограммалық жарыспа қатарлары;
91
ә) қазақтың төл сөздерінің жарыспа тұлғалары; б) орыс
тілінен және орыс тілі арқылы енген кірме сөздер
болып келетін жарыспалар; в) ауызша сөйлеу тілі мен жазба
әдебиетте түрліше
фонетикалық вариантта кездесетін қатарлар.
Дыбыстық тұлғасы (айтылуы мен жазылуында) жағынан
дублет болып келетін бірліктердің басым көпшілігін араб, пар-сы
тілдерінен енген кірме сөздер құрайды: рұқсат ~ ұлықсат,
уәде ~ уағда, зерек ~ зирек, зарар ~ залал, мехнат ~ михнат.
Қазақ тіліне шығыс тілдерінен сөздердің енуі ертеректен
басталғаны мәлім. Олар негізінен оқу-ағарту, әдебиет, дін сияқты
мәдениет каналымен келді. Басым көпшілігі халықтың сөйлеу
тілінен орын алып кетті, олар тұрпаты жағынан қазақ тілінің
фонетикалық заңдарына бағынып, қазақша қалыптасты.
Мысалы, араб тіліндегі ғайн деген дыбыстан басталатын сөздер
қазақ тілі үшін алдыңғы жат дыбысты түсіріп, сөзді дауыстыдан
бастап айтуды қалыптастырды. Мысалы, ақыл, әділ, әдет, аза,
азан, айт, айып, амал, ар, арыз, асы, аян, аяр, әзіз, әйел, әлем
тұлғасында қолданылатын сөздердің басқы дыбысы – ғайн
(ғақыл, ғәділ, ғәдет ...) болатын. Сол сияқты сөз басындағы һ,
жіңішке х дыбыстары да қазақтың сөйлеу тілі үшін кәнігі
болмағандықтан, һәйбәт , хәйлә, хейван, хәққ, хәқиқат, хәлуа,
хәдір, һаким, хәл сөздері айла, қайла, айуан, ақ («аққа Құдай
жақ»), ақиқат, алуа, әзір, әкім, әл болып халық тіліне «қазақы»
тұлғада енді. Бірақ осы сөздердің бірқатары көп уақытқа дейін
екі, кейде үш фонетикалық вариантта қолданылды. Мыса-
лы: әдет ~ ғадет, әділ ~ ғәділ, асы ~ ғасы, әзіз ~ ғазиз, әлем ~
ғалам, айла ~ қайла, айуан ~ хайуан, ақ ~ хақ, әкім ~ хәкім,
ақиқат ~ хақиқат, әл ~ хәл сияқты қатарлар күні бүгінге дейін
қосамжарланып келеді.
Тіл дамуы үшін сәтті орын алған бір құбылыс – бұлардың
бірсыпырасының екі сыңары екі түрлі мағыналық дербестік
алып, екі лексикалық бірлік (сөз) болып қалыптасуы, олар
– өкімет ~ үкімет , мәлімет ~ мағлұмат, хақ ~ ақ, ақиқат ~
хақиқат, әкім ~ хәкім, әл ~ хәл сияқты тұлғалар. Демек,
бұлардың енді фонетикалық дублеттер емес, жеке-жеке сөздер
болып танылуы бел алып келеді. Араб, парсы кірме
92
сөздерінің фонетикалық дублеттер құрайтын тобы, әрине, тек
сөз басындағы ғайн, һаш, ха дыбыстарымен келетіндер ғана
емес, өзге де көптеген тұлғалардан табылады. Мысалы,
пәле ~ бәле, тәспиқ ~ тәспі ~ тәспих ~ тәсбиық, тағылым ~
тәлім, қазір ~ әзір, разы ~ риза ~ ырза, рұқсат ~ ұлықсат ~
ұрықсат ~ лұқсат, ризық ~ ырзық, сағадат ~ сәт, секілді ~
Достарыңызбен бөлісу: |