кету деп алмастыруға болмайды, сондай-ақ мазан тиесілі ақша
дегенді маған тиісті ақша деп ауыстыру жатық болмас еді;
жолдасым мазан бүгін келуге тиісті дегенді тиесілі деп,
берекетсіз адам дегенді бейберекет адам деп айту мүлде кел-
мес еді. Сірә, бұл іспеттес қатарларды таза (тепе-тең) вариант-
тар деп атауға болмайтын тәрізді. Тіпті жұмақ ~ ұшпақ, ұқсап ~
құсап сияқты бірен-сарандарын әдеби варианттары алғашқысы
деп нормаға айналдырған күннің өзінде екінші сыңарлары әр
алуан қажеттілікке қарай әдеби тілде қолданыстан шығып
қалмайды: ұшпақ сөзінің мақал-мәтелдер құрамында сақталуы,
ұқсап вариантының ұйқас, ырғақ сияқты өлең шарттарына қарай
поэзияда еркін қолданыла беретіндігі осыны дәлелдейді.
Демек, әдеби тіл нормасы талабынан келгенде, лексикалық
варианттар қатарына мейлінше сақтықпен (дұрыс таныммен)
қарау керек болады. Олардың ішінде бір сыңарын сөздіктер
арқылы реттеп, қолданыстан ығыстыру әрекетін іске асыра бе-
руге болмайды.
4) Лексикалық варианттардың бір тобын белгілі бір атаудың
көпшілікке танымал, яғни біршама норма ретінде қалыптасып
қалған сөздің газет-журнал беттерінде жарыса жұмсалып
86
жүрген қатарлары құрайды. Мысалы, қызылшаны Жетісу
өнірі қазақтары қылша түрінде, сіріңкені батыс өлкедегілер
шырпы деп, енді бір аймақта оттық, күкірт, кеуірт деп
қолданылатындығын білеміз. Бұлар әдеби сөз бен жергілікті
сөздердің қатарлары болғандықтан, сонғылары әдеби нормаға
енбейді.
Норманы сөз еткен тұста әңгіме жазба тілде орын алып
жүрген «әдеби сөз – диалектизм» қатарлары туралы ғана болмақ,
әйтпесе ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін әдеби тілдік
– диалектілік қатар құрайтын сөздер едәуір көп екендігі
мәлім. Әрине, ауызекі сөйлеуде де басы артық сөздерді
қосамжарлап қолданбай, нормаға сай варианттарын
жұмсасақ, нұр үстіне нұр болар еді ғой.
Әдеби - диалектілік деген қатарға әсіресе әр жерде әртүрлі
аталатын бір ғана өсімдіктін, аңның, құстың, құрт-құмырсқаның
екі-үш вариантта келген түрлері де жатады. Мысалы, бәрпі деп
аталатын өсімдік өзге өңірлерде уқорғасын, аюоты деп, бе-
тегебоз деген өсімдік енді бір жерлерде тырса деп аталады екен.
Ал бозбетеге дегеннің төрт түрлі варианты бар: селеу,
садақбоз, көде; құс атауларынан суықторғай ~ бозшымшық,
аңдардан саршұнақ ~ зорман, көдек ~ қодыға ~ қодық, қаракөз ~
торта (балық), миғұрт ~ бәдік, айналма ~ тентек (орысша
«вертячка» деп аталатын бір ғана мал ауруының әр жерде әртүрлі
аталуы), таңқурай ~ биемшек ( «малина» деген жидектін аты),
жауынқұрт ~ шылаушын. Бұлардың мына варианты әдеби,
қалғандары жергілікті деп танудың өзі қиын. Әзірге ботаника,
зоология оқулықтарында жиірек қолданылғандарын немесе
түсіндірме сөздіктерде анықтама берілген вариантын норма
(әдеби) деп, қалғандарының түсіндірмесін соған сілтеме жасау
арқылы тұрақтандыру әрекеті байқалады, яғни мұндайда норма
еместері бірте-бірте қолданыстан ығыстырылуы керек, өйткені
бір зат (аң, құс, өсімдік) екі-үш түрлі аталмауға тиіс, ал мақал-
мәтелдерде, фразеологизм құрамында сақталатындары норма-
дан тыс болса да, өз орындарында айтыла беретіні түсінікті.
5) Лексикалық варианттар қатарын жаңа тұлғалар: бұрын
қазақ ұғымында жоқ заттарды, ұғымдарды қазақша атау
процесінде жарыса қолданылатын сөздер құрайды. Бұлардың
өзге топтардан өзгешелігі – біреуінің норма деп танылуы тезірек
болады да, екінші, үшінші варианттары қолданыстан ығыс-
87
тырылады немесе басқа мағынаға ие болып, жеке лексикалық
бірлік ретінде әдеби тілдіе өмір сүреді. Мысалы, оңдаған,
жүздеген адам түсетін, түнейтін, бірнеше сағаттан бірнеше
күнге, айға дейін тұратын арнайы жай (орысша – «гостини-ца»,
Еуропа тілдерінде – «отель») бұрын қазақтарда болмаған, бірақ
мұны қазақша атауға әбден болады, өйткені ол – ғылыми-
техникалық термин емес немесе бұрын қазақ білмеген абстракт
ұғым атауы емес, оның үстіне қазақ қауымы жолаушылап
шығатын адамдарды далаға түнетпей, үйге түсіріп «қонақ»,
«мейман» деп атауды жақсы білген. Сондықтан «отель» қазақша
Достарыңызбен бөлісу: |