морфологиялық категория ұғымының әртүрлі тұлғамен (жұр-
нақпен) берілетіндігі көзделеді. Мысалы, бұйрық рай семан-
тикасы екі-үш түрлі амалмен жүзеге асырылады: 1) етістіктің
II жақтық жекеше-көпше, анайы-сыпайы тұлғалары арқылы:
кел, келіңдер, келіңіз, келіңіздер; 2)
шартты райдың
II
жақтық
тұлғасы арқылы:
барсаң, барсаңыз, барсаңдар. Әрине, бұл
варианттар қатары тепе-тең емес, қолданылар кеңістіктері де
бөлек, мағыналарында да бір-бірінен ажыратылатын бұйрық
мәндері (семалары) бар:
бар, барыңыз – «таза» бұйрық болса,
барсаң, барсаңыз –
тілек мәнді,
өтініш мәнді бұйрық.
Супин (мақсат) мәнді етістік тұлғаларының да вариант қа-
тары бар:
бару керек ~ бармақ керек.Күні кешеге дейін мұның
-ар+ға жұрнақты варианты жарыса қолданылып келген:
«Қарағайға қарсы бұтақ бітсейші Найзаға сап
қыларға» (Ма-
хамбет), «
Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық» (Абай).
Тұйық етістіктің де екі түрлі тұлғалық варианты бар:
-у
жұрнақты,
-мақ жұрнақты:
бару, бармақ.Бұл вариант қатар-
ларының бұл күнде
-у варианты активтеніп, -
мақ тұлғалысы
орын таңдап, көбінесе поэзия тілінде қолданылуға ығысып
бара жатқан сияқты. Ал
-мақ жұрнақты қатар XX ғасырдың
басына дейін әлдеқайда актив тұлға болғанын Абай, Шәкәрім
және бұлардан көп бұрын өткен ақын-жыраулар поэзиясы тілі
көрсетеді.
Көптік категорияны, көптік мағынаны білдірудің де бірнеше
морфологиялық амалдары (тұлғалары) бар; аффиксация ама-лы
:
Достарыңызбен бөлісу: