Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет48/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   151
(уақыт +ы+сы) ~ уақытысына т.б. Бұл құбылысты диалек-толог
зерттеушілер   Қазақстанның   оңтүстік   аймақтарының   тіліне   тән
деп табады. Шу бойы қазақтары ақыр+ы+сы, үй мүлк+і+сі деп
өйлейтіндіктерін   көрсетеді
13
.  Сірә,  бұл  құбылыс   тек   оңтүстік
говорларында   ғана   емес,   қазақ   жерінің   өзге   өңірлерінде   де
кездесетіндігін де өзге зерттеушілер айта-ды. Мысалы, Ұлытау,
Жезқазған аудандарының тұрғындары да
көбісі, бәрісі, уақтысы, қамын, ойлау деудің орнына жүрудің
қамысын,   ойлау  деп   айтады   екен
14
.  Бұл   фактілерге   қарағанда,
тәуелдік жалғауды қосарлап (қабаттап) қолдану – қазақ тілінде
бір кезде жаппай болмағанмен, бірқатар тұстарда кеңірек орын
алған   құбылыс   болар,   кейінгі   дәуірлерде   жергілікті   ерекшелік
болып   сақталып   қалғанға   ұқсайды   деген   ойға   келеміз.   Күні
бүгінгі әдеби нормамыздың өзінде көбі ~ көбісі, бірі ~ бірісі деп
баспасөз беттері мен көркем шығармаларда (авторлық баяндау-
да)   қатар  қолданылып  келе   жатқандығының  бір   себебі  осыдан
болар.   Бұл  қатардың   екеуі   де  әдеби   деп  танылғанымен,   тілдің
құрылымдық жүйесіне сай келетіні – тәуелдік көрсеткішінің бір-
ақ рет берілген варианты: көбі, ақыры, уақыты т.т. Бейнормалық
сипатына   қарамастан,   қосарланған   қосымшалы   варианттардың
әдеби   үлгілерде   жиі   кездесетіндігі   халықтың   дағды   –   узустың
көрінісі деуге болады.
5)   Қатыстық   сынды   білдіру   тұлғаларында   да   варианттар
қатары бар: бірі – жұрнақ жалғау тәсілімен келсе  (азаматтық
соғыс),  екіншісі    тәуелдік   жалғаулы   тіркес-изафетпен   келген
варианты  (азамат   соғысы).  Бұл   варианттардың   аффиксация
жолымен жасалатындары жазба тілде бел ала бастаған тәрізді.
Бір   кездерде,   XX   ғасырдың   алғашқы   жартысында  азамат
соғысы, коммунист партиясы, қала өндірісі, ауыл мектебі деп
13
 Нақысбеков О. Қазақ тілінің оңтүстік говорлар тобы. - Алматы: Ғылым, 1982. -
55-б.
14
 Досқараев Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. - II бөлім. - Алматы: Ғылым, 
1955 .
109


қолданылып   келген   тіркестер   бұл   күнде   көбінесе  азаматтық
соғыс, коммунистік партия, қалалық өндіріс, ауылдық мектеп
деген   варианттар   әдеби   норма   ретінде   жиірек   қолданылып
кетті.   Дегенмен   бұл  қатардың   әр   сыңарының  семантикалық
реңктері бар екенін білу керек: жұрнақты түрінде қатыстық
мән, изафеттік түрінде тәуелдік, меншіктік мағына басым бо-
лып   келеді.   Мысалы,  мектеп   оқушылары  дегенді  мектептік
оқушылар деп атау қисынсыз көрінеді, өйткені мектеп  оқушы
бала дегеннің қатыстық сыны емес, керісінше, «иесі», яғни бала
(оқушы)   –   өзге   орынның   емес,   мектептің   «иелігінде»,
«құзырында»,   «шаңырағының   астында».   Бұл   морфологиялық-
семантикалық   вариант   қатарының   ішінде   қалыптасып,   узусқа
айналып кеткен тіркестер аз емес. Мысалы, кітап сауда-
сы,   ауыл  шаруашылығы,   оқу   орны  сияқты  варианттары   жиі
қолданылады.
Қазақ   тіліндегі   грамматикалық   варианттарды   норма   тұрғы-
сынан алып зерттеген арнайы еңбектер жоқ, әсіресе синтаксис-
тік параллельдерді анық танытқан, олардың тілдік құрылым-дық
жүйесіне   сай   келетін   немесе   оған   сәйкеспейтін   варианттар
қатарын көрсеткен монографияларды кездестірмедік.
Сондықтан морфологиялық варианттар қатарын да біз осы
жұмыста түгел көрсете алмаған болармыз.
Синтаксистік варианттарды әңгімелеуіміз бұдан да кел-терек
болады.   өйткені   синтаксисте   вариант   түзетін   бірліктер   таза
құрылымдық-тілдік варианттар емес, стилистикалық - авторлық
ерекшеліктер ретінде танылуға бейім тұратын сияқты. Мысалы,
құрмалас   сөйлем   компоненттерін   жалғаулықтармен   немесе
жалғаулықтарсыз   құру,   сырт   қарағанда,   сөйлем   түрінің
варианттары   болып   көрінгенмен,   мұның   стильдік,   шеберлік,
әсерлілік мақсатын көздеп жасалғандығы сезіледі. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет