заңдылықтарының да (мысалы, сөз мағынасының тарылу не
кеңею құбылысы, сөздердің функционалдық стильдер-де
қолданысына қарай жіктелуі т.т.), экстралингвистикалық
факторлардың да сұранысы үлкен рөл атқарады.
Тілдің өз ішкі дамуына қатысты емес, сыртқы экстралин-
гвистикалық факторлар дегеніміз – жаңа атаулардың пайда
болуы, белгілі бір сөздердің не лексикалық топтардың ак-тив
қолданылуы, мектеп оқулықтары мен әр алуан сөздіктер
сияқты реттеуші каналдардың күші (қызметі) т.т.
Қысқасы, cөз әлемі – қыры мен сыры көп, күрделі де қиын
дүние, сондықтан оны жұмсаудың реттері, қисыны, жүйесі,
түйіндеп айтсақ, нормалары туралы жеке әңгіме қозғау керек
болады.
Достарыңызбен бөлісу: