Жаңа сөздер мен қолданыстар,
олардың нормалану процесі
Жаңа сөз дегендер тіл дамуының белгілі бір кезеңіне қарай
танылуы тиіс. Өйткені өткен кезеңдерде «жаңа сөз» болған
бірліктер келесі кезеңдерде «жаңа» деген белгісінен
(анықтауышынан) айрылып қалады немесе олар тілден орын
ала алмай, ығысып кетеді, сондықтан бұл жерде қазақ әдеби
тілі даму барысының бүгінгі кезеңіндегі жаңа сөздерге көңіл
аударылады. Қазіргі күні тіліміздің лексикалық қазынасының
118
толығу процесі әлі де жүріп жатыр. Бұл процесс кейде
баяулау, кейде белгілі экстралингвистикалық факторларға
байланысты едәуір қарқынмен өтіп келе жатқаны белгілі.
Сөздік қазынаны толықтыратын көздер бірнешеу, олар:
ауызекі сөйлеу тілі, бұл канал арқылы әдеби тіл айналымы-на
диалектизмдер мен қарапайым сөздер өте алады; ауыз
әдебиеті үлгілері, бұл бұлақтан әдеби тіл көне сөздермен,
сирек сөздермен толығады; қарым-қатынасқа түскен өзге
халықтардың тілі (шет тілдер), бұл көздің қазіргі кезеңдегі ең
үлкені – орыс тілі арқылы русизмдер мен халықаралық
немесе интернационалдық деп аталатын қор еніп отыр.
Лексикалық құрамның толығуына себепкер болатын фак-
торлар да әр алуан: 1) тілдің өзіне тән ішкі даму заңдары: сөз
мағынасының кеңеюі, әр затты, әр құбылысты, әр ұғымды
даралап жеке - жеке атау қажетті; 2) экстралингвистиклық
факторлар: термин жасау процесі, аударма әдебиеттің дамуы,
бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа түрлерінің дамуы,
қоғам өміріндегі саяси-мәдени өзгерістер, ғылыми-
техникалық революция. Міне, осылардың баршасы
лексикалық нормалану процесіне тікелей әсер етеді.
Көрсетілген лексикалық топтардың әдеби тілдің сөздік
қазынасына өтіп, тұрақтану, яғни нормалану процесі едәуір
қиындықпен жүреді, атап айтқанда, сөздердің біршама орнығуы
үшін, қолданыс жиілігі, варианттық қатарлардың тежелуі, нор-
мативтік сөздіктерге енуі, күнделікті сөйлеу тәжірибесінен орын
алуы уақытты және саналы түрде жүргізілетін жұмысты қажет
етеді. Сөздердің жаңа лексикалық бірліктер ретінде тілге енуі
үшін әдеби норманың өлшем-межелеріне (кри-терийлеріне) сай
келуін күту керек болады, яғни бұларды көпшіліктің дұрыс деп
тануы, нормативтік сөздіктерге тірке-луі, жарыспалылықтан
арылуы қажет. Сол себептен де 1985 жылы тұңғыш рет жиналып
«Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» деген атпен
жарияланған сөздік «Жаңа сөздер» деп аталмай, «Жаңа
қолданыстар» деп аталуының мәні сөздікте берілген
тұлғалардың барлығы бірдей «жаңа сөз» статусына ие болу-
болмауы неғайбіл екендігінде. Ал бұлардың басым көпшілігі
«жүз ойланып, мың толғанып барып» ұсынылған
119
сөздер болғандықтан, әдеби нормаға еніп, тұрақтала түскенін,
енді біреулері әлеумет сынынан өте алмай, яғни көпшілік дұрыс
деп бағалап қабылдамай қалып қойғанын (мысалы: мүлікбасы –
«товаровед», жүрісші – «пассажир», күлдеуіш – «пепельница»,
амалшы – «иллюзионист» т.т.), келесі бір тобы екі- үш вари-антта
ұзағырақ жүріп қалғанын (балқыма – қорытпа, қонақүй
– мейманхана – қонақ үйі, тілдескіш – тілашар) сөздіктің
кейінгі (1990, 1992 жылғы) басылымдары көрсетеді.
Осы сөздіктін соңғы толықтырылған басылымдарында жаңа
қолданыстардың 6-7 жылдың барысында (1985-1992) бір-шама
сұрыпталып, көбінің әдеби тілге еніп, нормаланып келе жатқаны
байқалады. Мысалы, сөздіктің 1990 жылғы алғашқы кітабында
Достарыңызбен бөлісу: |